"Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 205 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне 3, 4, 5-қосымшалар осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 19 наурыздағы
№ 205 қаулысына
1-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек
беру мөлшеріне, көздеріне
және түрлеріне
3-қосымша

Балалар бөбекжайында, балабақшаларда және мектепке дейінгі санаторий ұйымдарында тәрбиеленетін балаларды тамақтандыру нормалары (бір балаға күніне граммен)

Атауы

Балалардың жас мөлшері

Санаторий ұйымдарында

3 жасқа дейін

3 жастан 7 жасқа дейін

ұйымдарда болу ұзақтығы

9-10,5 сағат

12-24 сағат

9-10,5 сағат

12 сағат

24 сағат

3 жасқа дейін

3-7 жасқа дейін

1

2

3

4

5

6

7

8

Азық-түлік

Бидай наны

55

60

80

110

110

70

110

Қара бидай наны

25

30

40

60

60

80

60

Бидай ұны

16

16

20

25

25

16

25

Картоп ұны

3

3

3

3

3

3

3

Жарма, бұршақ, макарон өнімдері

20

30

30

45

45

35

45

Картоп

100

130

170

200

200

120

220

Әртүрлі көкөністер

180

200

220

270

270

320

350

Жаңа піскен жемістер

90

130

90

90

150

250

350

Кептірілген жемістер

15

15

20

20

20

20

20

Кондитерлік бұйымдар

4

7

10

10

10

10

15

Қант

25

30

35

40

40

40

45

Сары май

12

17

20

23

25

30

35

1

2

3

4

5

6

7

8

Өсімдік майы

5

6

7

9

9

6

10

Жұмыртқа (дана)

0,25

0,5

0,5

0,5

0,5

1

1

Сүт, А, D3, Е дәрумендерімен байытылған сүт

500

600

420

500

500

700

700

Тірі бактериялар бар қышқыл сүт өнімдері

50

50

50

50

50

70

70

Сүзбе

40

50

40

50

50

50

75

Ет

60

85

100

100

100

120

160

Балық

20

25

45

50

50

25

70

Қаймақ

5

5

5

10

15

20

25

Ірімшік

3

3

5

5

5

10

10

Шай

0,2

0,2

0,2

0,2

0,2

0,2

0,2

Дәнді кофе

1

1

2

2

2

1

2

Тұз

2

2

5

5

8

5

8

Ашытқы

1

1

1

1

1

1

1

      Ескертпе: жекелеген тамақ өнімдерін ауыстыруды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін өнімдерді ауыстыру кестесіне сәйкес жүргізуге рұқсат етіледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 19 наурыздағы
№ 205 қаулысына
2-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек
беру мөлшеріне, көздеріне
және түрлеріне
4-қосымша

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар мен интернат ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан балаларды және кәмелетке толмағандарды бейімдеу және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы балаларды тамақтандыру нормалары

Атауы

Бір балаға арналған норма (күніне граммен)

мектеп жасына толмаған

мектеп жасындағы

1

2

3

Азық-түлік

Қара бидай наны

60

150

Бидай наны

100

200

Бидай ұны

35

35

Картоп ұны

3

3

Жарма, бұршақ, макарон өнімдері

45

75

Картоп

250

350

Көкөністер және басқа жемістер

450

500

Жаңа піскен жемістер

260

250

Кептірілген жемістер, жаңғақтар

20

25

Шырындар

100

100

Кондитерлік бұйымдар

25

25

Қант

35

50

Сары май

35

50

Өсімдік майы

12

18

Жұмыртқа (дана)

1

1

1

2

3

Сүт, А, D3, Е дәрумендерімен байытылған сүт

450

450

Тірі бактериялар бар қышқыл сүт өнімдері

50

50

Сүзбе

50

70

Ет

105

125

Құс

25

30

Балық

60

110

Қаймақ

10

10

Ірімшік

10

12

Шай

0,2

0,2

Кофе

2

4

Какао

1

2

Тұз

5

5

Дәмдеуіштер

2

2

Ашытқы

1

1

      Ескертпелер:

      1) жазғы сауықтыру кезеңінде (90 күнге дейін), жексенбі, мереке күндері, каникул күндері тамақтандыруға жұмсалатын шығыстар нормасы 10 пайызға көбейтіледі;

      2) жекелеген тамақ өнімдерін ауыстыруды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін өнімдерді ауыстыру кестесіне сәйкес жүргізуге рұқсат етіледі;

      3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың және интернат ұйымдарының тәрбиеленушілерін техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін жіберген кезде оларға интернат ұйымдарын ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жолда болу уақытына қызметтік іссапар нормалары бойынша жол жүру мен тәуліктік шығыстар төленеді. Бұл ретте осы тәрбиеленушілер үшін белгіленген тамақтандыру шығыстары жүргізілмейді;

      4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының және барлық үлгідегі интернат ұйымдарының басшыларына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар каникул күндері, жексенбі және мереке күндері туыстарында немесе жекелеген азаматтардың отбасыларында болған уақытта, сондай-ақ ауырған кезеңде оларға тамақтандыру нормаларына сәйкес азық-түлік немесе тамақтану құны шегінде қолма-қол ақша беруге рұқсат етіледі;

      5) интернат ұйымдарында оқитын (онда тұрмай) білім алушылардың тамақтануы шығыстарының ақшалай нормасы күніне бір білім алушыға арналған тамақтану құнының 75 пайызы мөлшерінде белгіленеді;

      6) музыкалық немесе көркемөнер колледжінің бір білім алушысын тамақтандыру нормалары мектеп жасындағы бір балаға арналған тамақтандыру нормаларына сәйкес келеді.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 19 наурыздағы
№ 205 қаулысына
3-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек
беру мөлшеріне, көздеріне
және түрлеріне
5-қосымша

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушылар мен студенттерді және "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқитын студенттерді тамақтандыру нормалары

Атауы

Бір адамға арналған норма (күніне граммен)

1

2

Азық-түлік

Қара бидай наны

170

Бидай наны

280

Бидай ұны

35

Картоп ұны

3

Жарма, бұршақ, макарон өнімдері

75

Картоп

350

Көкөніс және басқа көкшөп

520

Жаңа піскен жемістер

250

Шырындар

200

Кептірілген жемістер, жаңғақтар

25

Қант

50

Қант мөлшері аз кондитерлік бұйымдар

25

Кофе

4

Какао

2

Шай

2

Ет

170

1

2

Құс

40

Балық, майшабақ

110

Сүт, А, D3, Е дәрумендерімен байытылған сүт

450

Тірі бактериялар бар қышқыл сүт өнімдері

50

Сүзбе

70

Қаймақ

10

Ірімшік

12

Сары май

50

Өсімдік майы

18

Дәмдеуіштер

2

Тұз

5

Ашытқы

1

Жұмыртқа (дана)

1

      Ескертпелер:

      1) жазғы сауықтыру кезеңінде (90 күнге дейін), жексенбі, мереке күндері және каникул күндері тамақтандыруға жұмсалатын шығыстар нормасы 10 пайызға көбейтіледі;

      2) ыстық тамақ болмаған кезде, сондай-ақ бір-екі рет тамақтандырылған кезде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға тамақтың орнына алынған ыстық тамақтың құнымен өтелмеген мөлшерде (сауда үстеме бағасын ескергенде) толық немесе ішінара ақшалай өтемақы төленеді;

      3) жоғары білім беру ұйымдарында және "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша білім алатын студенттерді тамақтандыру шығыстары жеке тұлғалардың сомаларын олардың банкте ашылған ағымдағы шоттарына аудару арқылы ақшалай баламада төленеді;

      4) жекелеген тамақ өнімдерін ауыстыруды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін өнімдерді ауыстыру кестесіне сәйкес жүргізуге рұқсат етіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады