ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
"2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 1108 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2024 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын аударуды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
2) есепті айдан кейінгі айдың 8-і күніне дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген |
Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2024 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2024 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 5) тармақшасына, "2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 1108 қаулысына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің 213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің 058 "Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 058-бюджеттік бағдарлама) бойынша көзделген, Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган) – бюджетті атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі – уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
3) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы – мүгедектігі бар адамды абилитациядан және оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін оның жеке қажеттіліктері негізінде белгілейтін құжат;
4) республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган;
5) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
3. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2024 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер 058-бюджеттік бағдарламаның 105 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік кіші бағдарламасы (бұдан әрі – 105-кіші бағдарлама) бойынша пайдаланылады.
4. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды 058-бюджеттік бағдарламаның 105-кіші бағдарламасы бойынша жеке қаржыландыру жоспары негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен төлемдер бойынша жүргізеді.
2-тарау. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2024 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
5. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:
"Spina bifida" диагнозы бар мүгедектігі бар адамдарды бір мәрте қолданылатын майланған катетерлермен қамтамасыз етуге;
мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға;
медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі әзірлеген мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеуді ұсынуға пайдаланылады.
6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді:
1) 113 "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 256 "Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша;
2) "Spina bifida" диагнозы бар мүгедектігі бар адамдарды бір мәрте қолданылатын майланған катетерлермен қамтамасыз етуге, мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, санаторий-курорттық емдеуді ұсынуға республикалық маңызы бар қала, астана деңгейіндегі шығыстарды қаржыландыру үшін 045 "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 333 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" және 355 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері бойынша көздейді.
7. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органдары түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді:
1) "Spina bifida" диагнозы бар мүгедектігі бар адамдарды бір мәрте қолданылатын майланған катетерлермен қамтамасыз етуге, мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, санаторий-курорттық емдеуді ұсынуға 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 451 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" және 801 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері бойынша;
2) "Spina bifida" диагнозы бар мүгедектігі бар адамдарды бір мәрте қолданылатын майланған катетерлермен қамтамасыз етуге, мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, санаторий-курорттық емдеуді ұсынуға 451 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" және 017 "Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, мiндеттi гигиеналық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеу, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері бойынша көздейді.
8. Жергілікті атқарушы органдар:
"Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32993 болып тіркелген) сәйкес "Spina bifida" диагнозы бар мүгедектігі бар адамдарды бір мәрте қолданылатын майланған катетерлермен қамтамасыз ету, мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту;
"Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32988 болып тіркелген) сәйкес санаторий-курорттық емдеуді ұсыну жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептерді республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.