Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасында (таксономиясында):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы (таксономия) (бұдан әрі – таксономия) Қазақстан Республикасының Экология кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 130-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және "жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландырылатын және қазіргі табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға келеңсіз әсер деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған, осы таксономияға қосымшада келтірілген "жасыл" жобалар санаттарын (сандық және сапалық шекті мәндерді қоса алғанда) сыныптау жүйесін білдіреді.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Таксономия мынадай санаттарды қамтиды:
1) жаңартылатын энергия (жел, күн, геотермальды, гидро-, биоэнергия, жаңартылатын энергия көздеріне арналған жеткізілімдер тізбегі және қосалқы инфрақұрылым, сутегі өндірісі);
2) энергия тиімділігі (жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан өнеркәсіп объектілерінде және агроөнеркәсіптік секторда энергия тиімділігін арттыру, бюджеттік және коммуналдық секторда энергия тиімділігін арттыру, энергиялық тиімді ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар);
3) "жасыл" ғимараттар ("жасыл" ғимараттар, ілеспе жүйелер және құрылыс материалдары, "жасыл" инфрақұрылым);
4) ластанудың алдын алу және бақылау (ауа, топырақ сапасы);
5) суды, қалдықтарды орнықты пайдалану (суды орнықты пайдалану және суды үнемдеу, қалдықтар мен сарқынды сулар, ресурстарды сақтау және қалпына келтіру);
6) орнықты ауыл шаруашылығы, жер пайдалану, орман шаруашылығы, биоәртүрлілікті сақтау және экологиялық туризм (орнықты ауыл шаруашылығы, ормандарды орнықты басқару және биоәртүрлілік пен экожүйелерді сақтау, орнықты туризм);
7) таза көлік (төмен көмірсутекті көлік құралдары, төмен көміртекті жүк тасымалдары, таза көлік инфрақұрылымы, таза көліктік ақпараттық және коммуникациялық технологиялар);
8) өтпелі энергетика (газ тәріздес қазбалы отыннан электр және жылу энергиясын өндіру, отынды алмастыру, атом энергетикасына арналған жабдықтарды өндіру, атом электр станцияларын салу және пайдалану).";
таксономияға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
"Жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы (таксономия) жүйесі
1-деңгей: Санат | 2-деңгей: Сектор | 3-деңгей: Кіші сектор | ЭҚЖС коды* | Мысалдар | Шек |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. Жаңартылатын энергия | 1.1 Жел | 1.1.1 Энергетикалық объектілер | 35.11.4 | жел генераторлары, жел сорғылары, жел турбиналары | шектеу жоқ |
1.2 Күн | 1.2.1 Электр энергиясын өндіру объектілері (PV & CSP) | 35.11.5 | орталықтандырылған және орталықтандырылмаған күн электр станциялары, оның ішінде шоғырландырылған күн электр станциялары (CSP), күн фотоэлектрлік (PV) энергиясы, орталықтандырылмаған күн фотоэлектрлік станциясы | шектеу жоқ | |
1.2.2 Бөлінген шағын күн жүйелері | 35.11.5 | үйге арналған шағын портативті күн жүйелері, шағын желілер және шағын үй шаруашылықтарын қуаттауға арналған автономды жүйелердің басқа типтері | шектеу жоқ | ||
1.2.3 Күн жылу қондырғылары | 35.11.5, 35.30 | күннің жылу энергиясын қолдануға және өндіруге арналған құралдар, оның ішінде суды күннің қыздыруымен жылыту және барлық басқа секторларда күн энергиясын жылыту мақсатында қолдану | шектеу жоқ | ||
1.3 Геотермальды | 1.3.1 Электр энергиясы мен жылу өндіру объектілері | 28.92.1, 35.11.9 | электр энергиясын өндіруге және барлық секторларда геотермальды энергияны жылыту мақсатында қолдануға арналған жабдық; үй-жайларды жылытуға және орталықтандырылған жылумен жабдықтауға арналған геотермальды жылу сорғылары | электр жылу сорғыларын пайдаланған жағдайда салқындатқыш агенттің жаһандық жылыну әлеуеті 700 мәнінен аспайды, басқа жағдайларда – шектеу жоқ | |
1.4 Гидро |
1.4.1 Шағын гидроэлектр станциялары | 35.11.2 | жиынтық қуаты он мегаватқа дейінгі (қоса алғанда) бір су торабында орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары | шектеу жоқ | |
1.4.2 Орташа гидроэлектр станциялары | 35.11.2 | жалпы белгіленген қуаты 10-нан 100 мегаватқа (МВт) дейінгі гидроэлектр станциялары, сорғысы бар гидроэлектр станциясы | меншікті қуат (объектінің номиналды қуатының су қоймасы бетінің ауданына қатынасы) > 10 Вт/м2 немесе өмірлік цикл ішіндегі СО2 шығарындылары 100 g CO2 e / кВт сағ аспайды. Сондай-ақ жобаны іске асыруға жол берілетіндігі туралы экологиялық сараптаманың қорытындысы не міндетті түрде қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) жүргізудің қажеті жоқ екені туралы көзделген қызметтің әсерлері скринингінің қорытындысы не жобаны іске асыруға болатыны туралы ҚОӘБ қорытындысы талап етіледі | ||
1.5 Басқалары | 1.5.1 Жылу энергиясын өндіретін басқа да объектілер | 35.11.9, 35.30 | топырақ, су және ауа температурасының градиенттерін қолданатын жылу сорғылары | электр жылу сорғылары пайдаланылған жағдайда салқындатқыш агенттің жаһандық жылыну әлеуеті 700 мәнінен аспайды, басқа жағдайларда – шектеу жоқ | |
1.6 Биоэнергия | 1.6.1 Биоэнергетикалық өнімдер объектілері | 38.21.0, 72.11.0, 35.30 | отын дайындауға арналған қондырғыларды, алдын ала өңдеуге арналған қондырғыларды және биоөңдеуге арналған қондырғыларды, газ тәрізді, сұйық және қатты (орман) биоотын өндіруге арналған қондырғыларды қоса алғанда, биоотын, биомасса, биогаз және басқа да биоэнергетикалық өнімдерді өндіруге арналған қондырғылар (анаэробты ашытуға арналған қондырғыларды қоса алғанда). Сарқынды суларды тазартқаннан кейін тұнбаларды өңдеуге арналған жабдық |
1) өмірлік цикл ішінде парниктік газдар шығарындылары көмірдің базалық деңгейінен (яғни, көмірмен жұмыс істейтін электр генерациясы шығарындыларының немесе қазбалы отынның халықаралық деңгейде танылған компаратор (салыстырмалы бенчмарк) деңгейінен 70 % төмен; | |
1.6.2 Жылу және электр энергиясы өндірісі | 38.21.0, 35.30 |
жылу және электр өндірісі объектілері; |
1) өмірлік цикл ішінде парниктік газдар шығарындылары көмірдің базалық деңгейінен (яғни, көмірмен жұмыс істейтін электр генерациясы шығарындыларының немесе қазбалы отынның халықаралық деңгейде танылған компаратор (салыстырмалы бенчмарк) деңгейінен 70 % төмен; | ||
1.7 Жаңартылатын энергия көздеріне арналған жеткізілімдер тізбегі және қосалқы инфрақұрылым | 1.7.1 Жаңартылатын энергия көздеріне арналған жабдықтар өндірісі | 28.11.2, 28.12.0, 28.13.1, 28.13.2, 28.14.0, 25, 27 |
жел, су және геотермальды турбиналарды, фотоэлектрлік элементтер мен компоненттерді, күн коллекторларын (тәрелкелер немесе табақтар деп аталатын), науалар мен компоненттерді, геотермальды сорғыларды өндіру немесе құрастыру жөніндегі зауыттар. | шектеу жоқ | |
1.7.2 Электр беру желілері және жаңартылатын энергия жүйелеріне арналған қолдаушы инфрақұрылым | 26.11.0, 27.11.0, 27.12.0, 27.20.0, 33.14.1, 35.13.0, 42.22.0 |
жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды масштабтауға арналған жаңа, кеңейтілген және жақсартылған тарату жүйелері (желілер, қосалқы станциялар), сақтау жүйелері (аккумуляторлық, механикалық, гидроаккумуляциялық) және жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (зияткерлік желі және шағын желі); | шектеу жоқ | ||
1.7.3 Жаңартылатын энергияны сақтау жүйелері | 27.20.0, 27.90.9 | аккумуляторлар, конденсаторлар, сығылған ауаны сақтау орны және маховиктер; энергияны ірі ауқымда сақтау, сондай-ақ жоғарыда аталғандарға арналған өндірістік қуаттар | шектеу жоқ | ||
1.8 Сутегі өндірісі | 1.8.1 "Жасыл" сутегі өндірісі | 20.11.0, 25, 27, 28 | жаңартылатын энергияны ("жасыл" сутегін) пайдалана отырып, сутегін өндіру жөніндегі қондырғылар | өмірлік цикл ішінде сутегі өндірісі кезінде СО2 эквивалентінің ең аз тікелей шығарындылары сутегі тоннасына 3 тонна CO2e құрайды | |
2. Энергия тиімділігі | 2.1 Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан өнеркәсіп объектілерінде және агроөнеркәсіптік секторда энергия тиімділігін арттыру | 2.1.1 Парниктік газдар шығарындыларын азайтатын және (немесе) ОЭР тұтынуды оңтайландыруды қамтамасыз ететін технологиялық процестердің өзгеруін қоса алғанда, энергиялық тиімді жабдықтар мен технологияларды жетілдіру | 16, 17, 22, 23, 25, 27, 28, 33, 35, 43.22.0, 46.61-46.64, 46.66, 46.69, 71, 77.39, 95.21, 95.22 |
анағұрлым тиімді жабдықты орнату, процестер мен басқаруды өзгерту, жылу шығынын азайту және (немесе) қалдық жылу мен қысымды пайдалану есебінен өнеркәсіпте энергия тиімділігін арттыру; | энергия тұтынуды 10 %-ға және (немесе) парниктік газдар және (немесе) ОЭР тұтынуды оңтайландыруды қамтамасыз ететін шығарындыларды базалық деңгеймен салыстырғанда 20 %-ға азайту (жобаны іске асырғанға дейін), көмірді отын ретінде пайдаланатын қондырғылар қосылмайды. Технологиялық процестерден шығатын жылу мен газдарды кәдеге жаратуға қатысты сорғылар мен жабдықтардың (кәдеге жарату қазандығы және т.б.) энергия тиімділігінің сыныбы ең жоғары, сондай-ақ ЕҚТ сәйкес келеді, бұл ретте көмір негізіндегі генерациядан газдар мен жылуды кәдеге жаратуға болмайды, ал табиғи газдағы генерация жағдайында 8-санатта 8.1.1 "Газ тәріздес қазбалы отын электр және жылу энергиясын өндіру, газ, отынды ауыстыру" кіші секторы бойынша белгіленген өлшемшарттар сақталады |
2.1.2 Жылу электр орталығының жабдықтарын орнату/когенерациялық немесе тригенерациялық қондырғылар | 35.11.1, 35.30.5 |
жылытуға қосымша электр қуатын өндіретін когенерациялық және аралас циклді қондырғыларды орнату және пайдалану; | базалық деңгеймен салыстырғанда энергияны тұтынуды 10 %-ға азайту және (немесе) парниктік газдар шығарындыларын 20 %-ға азайту (жобаны іске асырғанға дейін) | ||
2.1.3 Энергияны өндіру, беру және тарату жүйелеріндегі энергия тиімділігі | 27.11.0, 35.12, 42.22 |
желінің тұрақтылығын/сенімділігін арттыруды қоса алғанда, энергия тұтынуды және (немесе) техникалық шығындарды азайту үшін электр беру желілерін жаңғырту немесе жаңа қосалқы станциялар және (немесе) тарату жүйелерін салу; | электр энергиясының шығындарын базалық деңгеймен салыстырғанда 10 %-ға азайту (жобаны іске асырғанға дейін) | ||
2.1.4. Орталықтан жылыту | 25.21.0, 33.11.2 | шағын (бөлінген) генерация станцияларын немесе басқа технологияларды пайдалана отырып, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту. Шағын (бөлінген) генерация станциясы | базалық деңгеймен салыстырғанда энергия тұтынуды кемінде 20 %-ға азайту (жобаны іске асырғанға дейін) | ||
2.2 Бюджеттік және коммуналдық секторда энергия тиімділігін арттыру | 2.2.1 Энергия үнемдейтін жарықтандыру немесе жабдықтар | 43.21.9 |
неғұрлым тиімді жарықтандыруды немесе жабдықтарды орнату арқылы коммуналдық және мемлекеттік қызметтер көрсетуде энергия тиімділігін арттыру; | энергия шығындарының 20 %-ға азаюы | |
2.2.2 Энергиялық тиімді өнімдер (түпкі пайдаланушы) | 25.21, 25.29, 27.51, 27.90, 28.13, 28.14, 33.20, 46.43, 46.61, 46.62, 46.63, 46.64, 46.69, 47.54, 77.31, 77.32, 77.33, 77.34, 77.35, 77.39 (өндірушілер үшін), кез келген ЭҚЖС коды (заңды тұлғалардың сатып алушылары үшін), жеке тұлғалар үшін (ЭҚЖС кодтары қолданылмайды) |
энергиялық тиімді машиналар мен жабдықтарды қоса алғанда, энергиялық тиімді өнімді өндіру немесе сатып алу және пайдалану; | өнім түрі үшін, оның ішінде ұлттық немесе мемлекетаралық стандарттарға сәйкес энергетикалық таңбалауға, сондай-ақ Energy Star тұтыну тауарларының энергия тиімділігін халықаралық рейтингтік бағалауға сәйкес энергия тиімділігінің ең жоғары сыныбы | ||
2.2.3 Энергия үнемдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 33.12, 33.14, 33.15, 33.16, 33.17, 33.19, 33.20, 35.12, 35.13, 35.30 | энергия аудитін, энергиялық сервистік қызметтер көрсетуді, келісімшарт бойынша энергия тұтынуды басқаруды (энергия менеджменті) қоса алғанда, энергияны түпкі тұтынушыларға, оның ішінде өнеркәсіптік объектілерге, ғимараттар мен көлік жүйелеріне арналған энергия үнемдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер | "Энергетикалық менеджмент жүйелері. Пайдалану жөніндегі талаптар және нұсқаулық" ҚР СТ ISO 50001 немесе халықаралық деңгейде танылған ұқсас стандарттарға сәйкес | ||
2.3 Энергиялық тиімді ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар | 2.3.1 Ғимараттарды энергиялық тиімді салу | 16.23, 23.11, 23.20, 23.31, 23.32, 23.43, 23.61, 25.11, 25.12, 25.21, 25.29, 25.93, 27.31, 27.32, 27.33, 27.40, 27.51, 28.11, 28.12, 28.13, 28.14, 33.20.0, 41.10.0, 41.20.1, 41.20.2, 41.20.3, 41.20.4, 43.22 43.29.8, 43.32, 46.43, 46.74, 47.54, | энергетика: ғимараттарда энергия тұтынуды азайтатын энергиялық тиімді сәулет жобаларын, аспаптар мен жабдықтарды, сондай-ақ құрылыс технологияларын пайдалану | "жасыл" құрылыс саласындағы мынадай рейтингтік бағалаудың болуы: LEED, EDGE, BREEAM, DGNB, OMIR және (немесе) энергия тиімділігі таңбалауы (энергия тиімділігінің сыныбы жоғары) | |
2.3.2 Қолданыстағы коммерциялық, қоғамдық, тұрғын және өнеркәсіптік ғимараттарда тиімділікті арттыру | 16.23, 23.11, 23.20, 23.31, 23.32, 23.43, 23.61, 25.11, 25.12, 25.21, 25.29, 25.93, 27.31, 27.32, 27.33, 27.40, 27.51, 28.11, 28.12, 28.13, 28.14, 33.20.0, 36.00.0, 37.00, 41.10.0, 41.20.1, 41.20.2, 41.20.3, 41.20, 42.21, 42.91, 42.99, 43.22, 43.29.8, 43.32 |
энергетика: жарықтандыру, аспаптар мен жабдықтар, жылыту/салқындату жүйелері, энергия тұтынуды азайтуға мүмкіндік беретін сәулеттік өзгерістер немесе құрылыстағы өзгерістер. | |||
3. "Жасыл" ғимараттар | 3.1 "Жасыл" ғимараттар | 3.1.1 Жаңа "жасыл" ғимараттар (коммерциялық, қоғамдық, өнеркәсіптік және тұрғын) салу | 16.23, 23.11, 23.20, 23.31, 23.32, 23.43, 23.61, 25.11, 25.12, 25.21, 25.29, 25.93, 27.31, 27.32, 27.33, 27.40, 27.51, 28.11, 28.12, 28.13, 28.14, 33.20.0, 36.00.0, 41.10.0, 41.20, 42.21, 42.91, 42.99, 43.22, 43.29.8, 43.31, 43.32, 43.34, 43.39, 43.91, 43.99 |
энергетика: тиімділігі жоғары сәулет жобаларын, энергия тиімді аспаптар мен жабдықтарды, сондай-ақ қолданыстағы стандарттардан асып, энергия тиімділігінің жоғары сертификаттарына немесе рейтингтеріне сәйкес келе отырып, ғимараттың энергия тұтынуын төмендететін құрылыс әдістерін пайдалану. | "жасыл" құрылыс саласындағы мынадай рейтингтік бағалаудың болуы: US Energy Star сияқты LEED, EDGE, BREEAM, DGNB, OMIR энергетикалық рейтинг белгілері және Еуропалық Одақта қолданылатын Energy Performance Certifications сияқты энергетикалық таңбалау схемаларына сәйкестік |
3.2 Ілеспе жүйелер және құрылыс материалдары | 3.2.1 Жүйелерді, "жасыл" құрылыс материалдары мен өнімдерін өндіру және қолдану | 23.14.0, 23.31.0, 23.32.0, 23.65.0, 23.99.2, 23.99.3, 26.51, 27.11, 27.12, 27.31, 27.32, 27.33, 27.40, 27.51, 27.90, 28.11, 28.12, 28.13, 28.14, 33.20.0, 36.00, 37.00, 41.10.0, 41.20.1, 41.20.2, 41.20.3, 41.20.4, 42.21, 42.91, 42.99, 43.22, 43.29, 43.31, 43.32.0, 43.34, 43.39, 43.91, 43.99 | тиімді және төмен көміртекті құрылыс жүйелері (жарықтандыру, жылыту, ауаны баптау, лифтілер, эскалаторлар, есептегіштер, жерүсті жылу сорғылары және т.б.) және энергияны аз тұтынатын немесе көміртек ізі төмен материалдар; органикалық мақтадан жасалған оқшаулағыш материалдар, қайталама шикізат пен қалдықтардан өндірілген материалдар |
мыналардың болуы (опциялық): | |
3.3 "Жасыл" инфрақұрылым | 3.3.1. "Жасыл" инфрақұрылым | 42.11.1, 42.99, 43.21, 52.21, 81.30.0 |
көп мақсатты "жасыл" аймақтар (суды ұстап қалу, қалқалау, демалу, биоәртүрлілік дәліздері, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарына арналған жұмсақ төсем); | "жасыл" құрылыс саласындағы мынадай рейтингтік бағалаудың болуы: LEED, EDGE, BREEAM, DGNB, OMIR және (немесе) энергия тиімділігі таңбалауы (энергия тиімділігінің сыныбы жоғары) | |
3.3.2 Жеке тұрғын үйлер мен іргелес аумақтарды салу және жаңғырту | 35.11.5, 35.22.0, 36.00.0, 37.00, 38.11.0, 38.21.0, 38.32.3, 41.20.1, 43.21.1, 43.21.9, 43.22.0, 43.29.1, 43.29.8, 43.31.0, 43.32.0, 43.33.0, 43.34.0, 43.91.0, 43.99.9 |
жаңа энергиялық тиімді және "жасыл" үйлер салу; |
суды тұтынуды 15 %-дан төмен емес қысқарту; | ||
3.3.3 Жеке үйлерге, туристік лагерьлерге және шағын бизнеске арналған дербес дәретханалар мен экосанитариялық дәретханалар | 37.00, 39.00 | топырақтың ластануын азайтуға көмектесетін дербес және экосанитариялық дәретханаларды орнату. Биодәретханалар, контейнерлік дәретханалар, құрғақ дәретханалар, тұндырғы жүйелері, несепті ағызатын құрғақ дәретхана | экожүйелерге зиян келтірмей қалдықтарды 100 % кәдеге жарату, суды қайта пайдалану | ||
4. Ластанудың алдын алу және оны бақылау | 4.1 Ауа сапасы | 4.1.1 Ауаны өнеркәсіптік ластанудан және қалалық атмосфералық ауаның ластануынан тазарту, рециркуляциялауға арналған жабдық | 28.11.2, 28.13.1, 28.13, 28.25, 33.12.2, 35.30, 43.22, 43.29.8 |
ауаны өнеркәсіптік ластанудан және қалалық атмосфералық ауаның ластануынан, пайдаланылған газдарды тазарту құрылыстары; | атмосфераға шығарындылар ЕҚТ (BREF**) анықтамалықтарында белгіленген ЕҚТ (BAT-AELs немесе шектік мәндер) байланысты шығарындылар деңгейінің диапазондары шегінде, оның ішінде Өнеркәсіптік шығарындылар туралы директива шеңберінде (өнеркәсіптік ластануларға) қолданылады |
4.1.2 Үй шаруашылықтары мен шағын және орта бизнес үшін таза жылыту аспаптарын өндіру және орнату | 25.21, 25.30, 27.52.0, 28.21.1, 43.22, 46.74, 43.33.0 |
ауаның ластануын төмендетуге арналған таза жылыту аспаптарын өндіру, сатып алу және орнату; | парниктік газдар шығарындыларының базалық деңгеймен салыстырғанда 20 %-ға азаюы (жобаны іске асырғанға дейін) | ||
4.1.3 Көміртекті тұтып қалу және сақтау | 35.11, 35.30, 39.00.0 | көміртекті тұтып қалуға және сақтауға арналған аспаптар мен өнімдер | қалдықтарды басқару және материалдарды пайдалану бөлігінде "Көміртегі газын өртеуден кейін тұтып қалу" ЕҚТ (Post-combustion carbon dioxide capture: best available techniques) анықтамалығының немесе ластануды кешенді болғызбау және бақылау шеңберінде сақтау кезінде эмиссиялар бойынша ЕҚТ (BREF) анықтамалығының талаптарына сәйкестігі | ||
4.2 Топырақ | 4.2.1 Топырақтың ластануын азайту; оны қалпына келтіруге арналған жабдықтар мен инфрақұрылым | 01.11.1-01.30.0, 28.30.4, 39.00.0, 42.99, 43.12.3 |
ластанған және тозған топырақты қалпына келтіру технологиялары мен өнімдерін пайдаланатын жабдықтар мен инфрақұрылым, топырақтың құнарлылығын жақсарту; | шектеу жоқ | |
5. Суды, қалдықтарды орнықты пайдалану | 5.1 Суды орнықты пайдалану және суды үнемдеу | 5.1.1 Су үнемдеу, сақтау және бөлу технологиялары мен жүйелерін өндіру, сатып алу және орнату | 01.61.2, 36.00.0, 42.21.2, 42.91 |
суды үнемдейтін, сақтайтын және тарататын жүйелер мен технологияларды өндіру, сатып алу және орнату; | таза (табиғи) суды тұрмыстық мұқтаждыққа пайдалануды 40 %-дан, суаруды 30 %-дан және өндірістік және техникалық қажеттіліктерге 70 %-дан төмен емес азайту |
5.1.2 Құрғақшылықтың, су тасқынының және селдің алдын алу және олардың салдарын жою | 26.51.7, 36.00, 42.21, 84.25, 42.11.1-42.99.0 |
қуаңшылықпен күресуге арналған ирригациялық жүйелерді құрастыру; | шектеу жоқ | ||
5.1.3 Су дайындау құрылысжайлары (қондырғылары) | 36.00, 42.91, 43.22 |
су пайдалануға арналған жабдық немесе инфрақұрылым; |
ауызсу: су таксономия шегіне сәйкестігіне бағалау жүргізу кезінде қолданылатын санитариялық талаптарға/нормаларға сәйкес келуге тиіс; | ||
5.1.4 Кейіннен қайталама пайдалануға арналған сарқынды суларды тазарту қондырғылары | 36.00, 37.00, 42.91, 43.22, 52.21.5 |
сарқынды суларды тазартуға арналған жабдықтар; | тазартылған суларды нысаналы пайдалану бойынша қайталама су пайдалануға қолдану | ||
5.2 Қалдықтар мен сарқынды сулар | 5.2.1 Коммуналдық қалдықтарды жинауға, сұрыптауға арналған жабдық | 28.12.0, 28.22.2, 28.22.3, 28.22.5, 28.22.9, 38.11.0, 38.21 | қайталама шикізатты қабылдау пункттерін қоса алғанда, коммуналдық қалдықтарды жинауға және сұрыптауға арналған жабдық | коммуналдық қалдықтар бөлек жиналуға және қайталама шикізат қайта өңдеуге жіберілуге тиіс | |
5.2.2 Қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу, қайталама шикізатты қалпына келтіруге, қайта пайдалануға және қайта өңдеуге арналған жабдық | 28.22.9, 33.12.2, 33.20.0, 38.21, 38.32.1, 38.32.2, 38.32.3, |
коммуналдық қатты қалдықтармен жұмыс істеудің экологиялық инфрақұрылымын, ғимараттарды, құрылысжайлар мен инфрақұрылымдық объектілерді салу және жөндеу кезінде пайда болатын қалдықтарды қайта өңдеуге және қайта қолдануға арналған инфрақұрылымды құру; | жиналған қайталама шикізаттың кемінде 80 %-ын өңдеу | ||
5.2.3 Қауіпті қалдықтарды жағуға және қалдықтарды энергияны қалпына келтіруге арналған жабдықты қоспағанда, өнеркәсіптік және қауіпті қалдықтарды жинау, сұрыптау, қалпына келтіру, қайта пайдалану, өңдеу және кәдеге жарату объектілері | 28.22.9, 28.95.0, 28.96.0, 33.20.0, 38.11, 38.12, 38.21, 38.22.0, 39.00 | өнеркәсіптік және қауіпті қалдықтарды жинауға, сұрыптауға, қалпына келтіруге, қайта пайдалануға, өңдеуге және кәдеге жаратуға арналған жабдық | қалдықтарды өңдеу бойынша ЕҚТ (BREF) анықтамалығына қалдықтарды және жанама өнімдерді, әсіресе қауіпті өнеркәсіптік қалдықтарды басқару бөлігінде сәйкестігі | ||
5.2.4 Көмуге тыйым салынған қалдықтарды өңдеу полигондары мен зауыттарын салу және жаңғырту | 38.11, 38.21.0, 38.22.0, 38.31, 38.32, 39.00 |
полигондарды салу және жаңғырту; | таксономия шегіне сәйкестігін бағалау жүргізу кезінде қолданыстағы белгіленген Қазақстан Республикасының талаптары мен нормаларына сәйкестігі (2030 жылға дейін) | ||
5.2.5 Қалдықтарды компосттауға арналған жабдық пен техника | 28.15.2, 28.22.3, 28.22.9, 38.21 | биологиялық ыдырайтын қалдықтардан компост өндіру жөніндегі жабдық пен техника |
алынған компост топырақты тыңайту үшін пайдаланылады; | ||
5.2.6 Сарқынды суларды тазарту қондырғысы | 37.00, 38, 39.00 |
сарқынды суларды жинау, сақтау, тазалау және жою желілері; | атмосфераға және суға шығарындылар қалдықтарды анаэробты өңдеуге арналған ЕҚТ (BREF) анықтамалығында (егер қолданылатын болса) белгіленген ЕҚТ байланысқан шығарындылар деңгейі диапазондарының (BAT-AELs немесе шектік мәндер) шегінде болады | ||
5.3 Ресурстарды сақтау және қалпына келтіру | 5.3.1 Шикізатты алмастыру | 39.00.0 | уытты шикізатты уытты емес шикізатпен алмастыру | шектеу жоқ | |
5.3.2 Өнім өндіру үшін қайталама шикізатты пайдалану | 38.11.0, 38.32.1, 38.32.2, 38.32.3 | табиғи ресурстарды қайталама шикізатқа ауыстыру, қайталама шикізатты қолдана отырып өнім шығару | өнім құрамындағы қайталама шикізат кемінде 30 % | ||
6. Орнықты ауыл шаруашылығы, жер пайдалану, орман шаруашылығы, биоәртүрлілікті сақтау және экологиялық туризм | 6.1. Орнықты ауыл шаруашылығы | 6.1.1 Органикалық ауыл шаруашылығы өнімі (өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы) (тоқыма өнімінен басқа) | 01.1, 01.2, 01.4, 01.6 | таза өндіріс стандарттарына сәйкес келетін ауыл шаруашылығы, егіншілік және органикалық балық өнімдерін өндіру (объектілер салу мен пайдалануды қоса алғанда) |
1) органикалық өнімдерге арналған тиісті халықаралық, мемлекетаралық немесе ұлттық стандарттар, сондай-ақ сатып алынған органикалық немесе "жасыл" өнімдерді таңбалау; |
6.1.2 Климаттық тұрғыдан ақылды ауыл шаруашылығы (жайылымдар мен мал шаруашылығын орнықты басқару) | 01.1, 01.2, 01.4, 01.6 |
тарту, ирригациялық және басқа да ауыл шаруашылығы немесе мал шаруашылығы процестерінде энергия мен суды пайдалануды қысқарту, сондай-ақ жер пайдалануды азайту, яғни экожүйенің тозуын азайту және сақтау үшін жайылымдық жерлерді ротациялық пайдалануды енгізу (тозған жайылымдарды консервациялау); |
таза (табиғи) суды тұтынуды 30 %-дан төмендетпей азайту; | ||
6.2 Ормандарды орнықты басқару және биоәртүрлілік пен экожүйелерді сақтау | 6.2.1 Ағаш егу және орманды қалпына келтіру | 02.10 |
орман дақылдарын отырғызу; | шектеу жоқ | |
6.2.2 Ормандарды орнықты басқару | 02.10, 02.40, 71.12.4, 71.12.5 | көміртегіні депонирлеу жөніндегі ормандар функциясын ұлғайтатын немесе орман экожүйелерін орнықты басқарудың тиісті практикалары, ақпараттық жүйелер мен технологиялар есебінен орман шаруашылығы қызметінің әсерін төмендететін жобалар |
табиғатты қорғау құндылығы жоғары ормандарды басқаруға қатысты ерікті халықаралық сертификаттаудың болуы, мысалы, Орман қамқоршылық кеңесінің сертификаты (Forest Stewardship Council-FSC), Орман сертификаттау схемаларын мақұлдау бағдарламасы (Program for the Endorsement of Forest Certification schemes-PEFC) немесе орнықты орман басқарудың ұлттық стандарты бойынша ерікті сертификаттау; | ||
6.2.3 Биоәртүрлілік пен экожүйелерді сақтау | 91.04.2, 93.19.0 |
тозған экожүйелерді қорғау және (немесе) қалпына келтіру арқылы биосфераны сақтау жөніндегі жобалар; | шектеу жоқ | ||
6.3 Орнықты туризм | 6.3.1 Экотуризмнің дамуына ықпал ететін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер | 64.19, 64.20, 64.92, 64.99, 84.13, 85.10, 79.00, 55.00 | экологиялық туризмді дамытуға бағытталған жағдайлар жасау, жергілікті халықты тарту (шағын кредиттер беру, субсидиялар бағдарламалары), экологиялық ағарту, экологиялық туризм үшін инфрақұрылым құру | Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына (туристік қызмет бойынша), сондай-ақ ұлттық, халықаралық, мемлекетаралық экологиялық стандарттарға немесе шет мемлекеттің танылған экотаңбалау стандарттарын қоса алғанда, туристік көрсетілетін қызметтер мен экологиялық таза маршруттар саласындағы экотаңбалау стандарттарына сәйкес | |
6.3.2 Қонақүй мен лагерьді орнықты басқару | 55.10, 55.20, 55.30, 55.90 | орнықты қонақүй бизнесінің ұлттық, халықаралық немесе мемлекетаралық стандарттарына сәйкес отельдер мен лагерьлер қызметін басқару | ұлттық, халықаралық, мемлекетаралық экологиялық стандартқа немесе қонақүйлерге, хостелдерге қойылатын орналастыру құралдары мен экологиялық талаптардың көрсетілетін қызметтері саласындағы экотаңбалау стандартына не қонақ үй секторы үшін шет мемлекеттің танылған стандарттарына сәйкес, мысалы: "Листок жизни", EU Eco-labelling, Nordic Swan және т.б. | ||
7. Таза көлік | 7.1 Төмен көмірсутекті көлік құралдары | 7.1.1 Төмен көміртекті автомобильдерді сатып алу, жалға алу |
сатып алушы үшін кез келген ЭҚЖС коды (компанияның қызмет түрі кез келген болуы мүмкін) | төмен көміртекті автомобильдерді, оның ішінде электромобильдерді, сутегі, гибридтік қозғалтқыштардағы көлік құралдарын сатып алу, жалға алу |
тікелей шығарындылары < 50 грамм CО2е/км; |
7.1.2 Төмен көміртекті автомобильдерге, "моторсыз және шағын электр көлігіне" арналған жеткізілімдердің өндірістік тізбектері | 27.20.0, 27.90, 29.10, 29.3, 30 | көлік құралдарына және негізгі компоненттерге арналған мамандандырылған өндірістік қуаттар; тиісті көлік құралдарында пайдаланылатын батареялар | тікелей шығарындылары <50 грамм CO2e/км | ||
7.2 Төмен көміртекті жүк тасымалдары | 7.2.1 Төмен көміртекті жүк тасымалдары | 30.20, 49.20, 49.3, 49.41, 50, 51, 77.12, 77.34, 77.35 |
электрлендірілген және электрлендірілмеген теміржол жүк тасымалдарына арналған жылжымалы құрам; |
автомобиль тасымалы үшін тікелей шығарындылар 50 грамм CO2e/тонна*км немесе Euro V немесе VI стандартына сәйкестігі; теміржол тасымалы үшін тікелей шығарындылары 40 грамм CO2e/тонна*км; | |
7.3 Таза көлік инфрақұрылымы | 7.3.1 Қоғамдық көлік инфрақұрылымы | 42.1, 49.10, 49.20, 49.31, 49.39, 72.19.1, 77.11, 77.21, 77.39 |
қоғамдық автомобиль, теміржол, су және әуе көлігі және көлік инфрақұрылымы; |
қоғамдық көліктер үшін тікелей шығарындылар 50 грамм CO2e/жолаушы – км; велосипед инфрақұрылымы және жеке мобильділік құралдарын пайдалануға арналған инфрақұрылым үшін шектеулер жоқ; | |
7.3.2 Төмен көміртекті көлік инфрақұрылымы | 42, 52.21, 45.20.2, 45.20.3 |
зарядтау станциялары мен балама отынға арналған арнаулы инфрақұрылым (баламалы отынның зарядтау станциялары жанармай құю станциялары мен қазбалы отын гараждарынан бөлек орналасқан жағдайда); | шектеу жоқ | ||
7.3.3 Төмен көміртекті көлікті жоспарлау | 42, 49.3, 52 |
жеңіл автомобильдерді пайдалануды қысқартуға алып келетін көлік және қала құрылысын жоспарлауды интеграциялау; | шектеу жоқ | ||
7.4 Таза көліктік АКТ | 7.4.1 Көлік түріне қарамастан активтерді пайдалануды, ағындарды және модальды жетілдіруді жақсартатын АКТ | 61, 62, 63.1 |
қоғамдық көлік туралы ақпарат, жол ағынын реттеу жүйесі және ақылды бағдаршам; | "Ақпараттық технологиялар. Деректерді өңдеу орталықтары. Тиімділіктің түйінді көрсеткіштері" ҚР СТ ISO/IEC 30134, "Экологиялық менеджмент жүйелері. Пайдалану жөніндегі талаптар және нұсқаулық" ҚР СТ ISO 14001, "Энергетикалық менеджмент жүйелері. Пайдалану жөніндегі талаптар және нұсқаулық" ҚР СТ ISO 50001 стандарттары серияларына сәйкестік сертификатының болуы | |
8. Өтпелі энергетика | 8.1 Баламалы көздер, отынды алмастыру | 8.1.1 Газ тәріздес қазба отыннан электр және жылу энергиясын өндіру, отынды алмастыру | 35.11.9, 35.21.0, 35.30.2, 42.22 |
газ тәріздес қазба отынмен жұмыс істейтін электр энергиясын өндіру кезінде алынған пайдаланылған жылуды кәдеге жарату; |
табиғи газды пайдалану нәтижесіндегі парниктік газдардың тікелей шығарындылары шығарылатын энергияның 270 г CO2-экв/кВтсағ-тан төмен немесе қызмет нәтижесіндегі жыл сайынғы парниктік газдардың тікелей шығарындылары 20 жыл ішінде объект қуатының орташа 550 кг СО2-экв/кВт-тан аспайды; |
8.1.2 Атом энергетикасына арналған жабдықтарды өндіру | 26, 27, 28 | атом электр станцияларының қосалқы жабдықтары, радиациядан қорғау материалдары, қауіпсіздік және бақылау құрылғылары; уран өндіру, уранды тазарту және конверсиялау, уранды байыту және отын элементтерін өндіруге арналған өндірістік жабдықтар; пайдаланудан шығарылған ядролық объектілер мен радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, тиісті тазарту жабдықтары мен уран кеніштерін кешенді кәдеге жаратуға арналған жабдықтарын өндіру | шектеу жоқ | ||
8.1.3 Атом электр станцияларын салу және пайдалану | 35.11.3, 42.22 |
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, ядролардың басқарылатын бөлінуінен жылу бөлетін және үшінші, төртінші және одан жоғары буындардың ядролық технологияларын пайдалана отырып, электр энергиясын өндіретін объектілерді салу және пайдалану; |
жобаны іске асырудың рұқсат етілгендігі туралы ҚОӘБ қорытындысының болуы; |
Ескертпелер:
* жобалардың белгілі бір кіші секторына сәйкес келетін Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышының (ЭҚЖС) кодтары қызметі экономикалық қызмет сыныптамасын есепке алуды көздейтін ұйымдардың "жасыл" таксономияны қолдануын оңайлату мақсатында келтірілген. ЭҚЖС кодтары жобаларды экологиялық тұрақты жобалар санатына жатқызудың дербес өлшемшарты болып табылмайтынын назарға алу керек, өйткені олар өзгелерден басқа, тиісті таксономия санатының, секторының немесе кіші секторының мазмұнын көрсетпейтін тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және жұмыстардың түрлерін, сондай-ақ таксономияда белгіленген шекті өлшемшарттарға сәйкестік жобаларды "жасыл" санатқа жатқызудың шарты болып табылатынын қамтуы мүмкін.
Егер "жасыл" жоба ретінде сыныптау мақсатында таксономияға сәйкестік тұрғысынан қаралатын жоба немесе қызмет өзінің мәні мен қолданылатын технологиялардың сипаты бойынша Таксономияның мазмұндық бөлігіне (санаттардың, секторлардың, кіші секторлардың атауларына, келтірілген мысалдар мен шекті өлшемшарттарға) сай келсе, онда қарастырылып отырған санат шеңберінде таксономияда болжам бойынша бұл жоба немесе қызмет сәйкес келетін ЭҚЖС тиісті кодының болмауы оны тиісті таксономия ретінде сыныптаудан бас тартуға негіз болмайды.
ЭҚЖС көрсетілген сыныптамасы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілерге қолданылады және тиісті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды;
**мұнда және одан әрі ЕҚТ ең алдымен ең үздік қолжетімді техниканың ұлттық анықтамалықтарын білдіреді (ҚР ЕҚТ). Қазақстан Республикасының ең үздік қолжетімді техникаларының ұлттық анықтамалығы болмаған кезде Еуропалық Одақтың тиісті ЕҚТ (BREF) анықтамалықтарына сілтеме жасау қажет;
*** 2035 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АКТ – ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
ЖЭК – жаңартылатын энергия көздері
ЕҚТ – ең үздік қолжетімді техникалар
ҚР СТ – Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты
BAT-AELs – BREF анықтамалықтарында келтірілген шығарындылардың ілеспе деңгейлері
BREEAM, LEED, EDGE, DGNB – танылған халықаралық рейтингтік бағалау жүйелері және ғимараттардың экологиялық тиімділігі мен экологиялық құрылыс стандарттары
BREF (Best Available Techniques Reference Document) – Еуропалық Одақтың ең үздік қолжетімді техникалары бойынша анықтамалықтар; өнеркәсіптік қызметке, жабдықты пайдалану шарттарына және қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгінділері мен шығарындыларының нормаларына қатысы бар анықтамалық құжаттардың сериясын білдіреді
CO – көміртегі монооксиді (улы газ)
СО2е (CO2-эквиваленті) – парниктік газдар шығарындыларының көлемін бағалау үшін пайдаланылатын шартты бірлік, бұл жақсылап араласқан парниктік газдың шығарындысы немесе жақсылап араласқан парниктік газдар қоспасы көлемінің әсеріне балама радиациялық әсері бар көмірқышқыл газының (СО2) шығарылу көлемін білдіреді; бұл ретте қоспаның әр газының шығарылу көлемі оған сәйкес келетін жаһандық жылыну әлеуетіне көбейтіледі
CSP – күн энергиясын шоғырландыру технологиясы
NOx – NO және NO2 азот оксидтері
PV – фотоэлектрлік элементтер модулі (күн энергиясын өндіру үшін)
SO2 – күкірт диоксиді (IV)
VFD drive – жиілікті реттегіш жетек