Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 сәуірдегі № 338 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Серікұлы Байбазаровқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 27 сәуірдегі
№ 338 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ("Үкімет") мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі ("Банк") (бірлесіп "Тараптар", әрқайсысы "Тарап" деп аталады) арасындағы қол қойылған күнгі келісім. Осы келісім бұдан әрі "Негіздемелік келісім" деп аталады.

      2020 жылғы 9 қаңтарда Тараптар Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік даму саласындағы реформалар процесін ілгерілетуге бағытталған Тараптар арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын ("БЭЗБ") әзірлеуді және іске асыруды жалғастыру мақсатында Техникалық ынтымақтастық туралы келісім жасасқанын, оған сәйкес Банк Үкіметке өтеулі негізде консультациялық қызметтер көрсеткенін назарға ала отырып. Аталған келісімнің қолданылу мерзімі 2023 жылғы 30 маусымда аяқталды.

      Тараптар БЭЗБ бойынша өз ынтымақтастығын жалғастыруға ниет білдіретінін назарға ала отырып, осыған байланысты Үкімет кезең-кезеңімен Банктен Үкіметке өтеулі негізде консультациялық қызметтер көрсетуді ("Өтеулі негізде консультациялық көрсетілетін қызметтер" немесе "ӨНКҚ") сұрата алады, оларды Банк осы Негіздемелік келісімде баяндалған шарттар мен ережелерге және осы Негіздемелік келісімге 3-қосымшаға сәйкес Үкімет пен Банк арасында жасалатын өтеулі негіздегі консультациялық көрсетілетін қызметтер туралы келісімге ("ӨНКҚ туралы келісім") сәйкес келісе алады.

      Тараптар осы Негіздемелік келісім шеңберінде өз ынтымақтастығының мынадай: (i) әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға және экономикалық өсуді қамтамасыз етуге жәрдемдесу; (ii) адами капиталды нығайту; (iii) орнықты өсуді қамтамасыз ету және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ықпал ету және (iv) тиімді мемлекеттік басқару мен нарықтық және әлеуметтік институттарды нығайту басым бағыттарын айқындағанын назарға ала отырып.

      Тараптар осы Негіздемелік келісімге 2-қосымшада көрсетілген іс-шаралар мен нәтижелердің болжамды тізімін айқындайтын ӨНКҚ талаптарына негізделген жыл сайынғы бағдарламаға ("Жыл сайынғы бағдарлама") қатысты уағдаласатынын назарға ала отырып.

      Тараптар мемлекеттік мекемелер мен ведомстволардың, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және коммерциялық емес ұйымдардың Банктен экономикалық және әлеуметтік даму саласында өтеулі негізде консультациялық қызметтер көрсетуді кезең-кезеңімен сұрата алатынын да мойындайтынын және Банк мұндай көрсетілетін қызметтерді Банк пен осындай ұйым арасында жасалатын өтеулі негіздегі консультациялық көрсетілетін қызметтер туралы жеке келісімде баяндалған шарттарға сәйкес заңды ұйымдарға ұсынуға келісуі мүмкін екенін назарға ала отырып. Мұндай көрсетілетін қызметтерді тиісті ұйым осындай ұйым мен Банк арасындағы келісімде баяндалған ережелер мен шарттарға сәйкес төлейді. Үкімет мұндай ұйымдар Банктің өтеулі негіздегі консультациялық көрсетілетін қызметтер үшін бір көзден сатып алуды пайдалана алады деп келіседі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министріне әрбір жұмыс кезеңіне арналған жылдық бағдарламаларға (бағдарламаларға) қол қоюға уәкілетті лауазымды адам (Үкімет атынан) ретінде өкілеттік беретінін назарға ала отырып.

      Осылайша, Тараптар төмендегілер туралы келісті:

      1. Өтеулі негіздегі консультациялық көрсетілетін қызметтер. Банк Үкіметке осы Негіздемелік келісімге сәйкес Үкімет пен Банк арасында жасалатын тиісті ӨНКҚ туралы келісімде (келісімдерде) сипатталған, осы Негіздемелік келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшаны қоса алғанда, осы Негіздемелік келісімде баяндалған шарттар мен ережелерге сәйкес консультациялық қызметтерді өтеулі негізде көрсетеді.

      2. Үкіметтің байланыстары. Өтеулі негізде консультациялық қызметтер көрсету кезінде Банк Үкіметтің жауапты лауазымды адамдарымен тығыз ынтымақтастық жасайды. Үкімет көрсетілген жауапты лауазымды адамдардың есімдері мен байланыс деректерін Банкке ұсынады.

      3. Төлем.

      (а) Үкімет Жыл сайынғы бағдарламада баяндалған ережелер мен шарттарға сәйкес Банкке өтеулі негіздегі консультациялық көрсетілетін қызметтер үшін сыйақы төлейді.

      (b) Осы Келісім бойынша Банкке барлық төлемдер Банк шотты ұсынғаннан кейін белгіленген мерзімдерде толық көлемде жүзеге асырылуға тиіс. Төлемдер қандай да бір салықтарды, баждарды, алымдарды немесе басқа да ұстап қалуларды шегерусіз және Тараптар арасында қандай да бір келіспеушіліктердің болуына қарамастан, Банк деректемелерін мерзімді түрде жазбаша нысанда беретін шотқа жүргізілуге тиіс.

      4. Күшіне енуі. Осы Негіздемелік келісім оған Тараптар қол қойғаннан кейін оның күшіне енуі және орындалуы үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Үкіметтің орындағаны туралы Банкті жазбаша хабардар еткен кезден бастап күшіне енеді. Әрбір Жыл сайынғы бағдарлама осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Тараптар оған тиісінше қол қойғаннан кейін онда көрсетілген Жұмыс кезеңі басталған күннен бастап күшіне енеді. Әрбір ӨНКҚ туралы келісім осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Тараптар оған тиісінше қол қойғаннан кейін онда көрсетілген күннен бастап күшіне енеді

      5. Жарамдылық мерзімінің аяқталуы. Осы Негіздемелік келісімнің қолданылу мерзімі 2028 жылғы 30 маусымда аяқталады. Егер Үкімет немесе Банк оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін тоқсан (90) күннен кешіктірмей екінші Тарапқа ұзартылмағаны туралы жазбаша хабарлама бермесе, ол автоматты түрде күнтізбелік бір (1) жылға ұзартылады.

      6. Мекенжайлар. Осы Негіздемелік келісімге 1-қосымшаның "Осы Келісімнің орындалуы. Хабарламалары мен сұрау салулар" деген 18-тармағының мақсаттары үшін:

      (а) Үкіметтің мекенжайы: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 7-кіреберіс, пошталық индексі 010000, Астана, Қазақстан Республикасы;

      (b) Үкіметтің электрондық пошта мекенжайы:

      е-mail: info@economy.gov.kz;

      (c) Банктің мекенжайы: Дүниежүзілік Банктің Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі, 1818 H Street, NW Вашингтон, КО 20433 АҚШ;

      (d) Банктің электрондық пошта мекенжайы:

      e-mail: astana_office@worldbank.org.

      7. Анықтамалар. Осы Негіздемелік келісімде, Жыл сайынғы бағдарламада (бағдарламаларда) және ӨНКҚ туралы келісімде (келісімдерде) пайдаланылатын терминдердің олар үшін осы Негіздемелік келісімге 1-қосымшада немесе тиісті бас әріппен жазылған ӨНКҚ туралы келісімде көрсетілген мағыналары болады.

      Осы Негіздемелік келісім әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада дайындалды, осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

      Осыны куәландыру үшін Тараптар өздерінің тиісті түрде уәкілеттік берілген өкілдері арқылы әрекет ете отырып, осы Негіздемелік келісімге өз атынан қол қойды.

Қазақстан Республикасының

Үкіметі

_________________________

Уәкілетті өкіл

Т. А. Ә.:_________________

Лауазымы:_______________

Күні: ___________________

Халықаралық Қайта Құру және

Даму Банкі

___________________________

Уәкілетті өкіл

Т. А. Ә.: ___________________

Лауазымы:_________________

Күні: ______________________

  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге
  1-қосымша

Стандартты шарттар мен ережелер

      1. Жұмыстарды орындау стандарттары, айрықшалықтың жоқтығы туралы ереже. Осы арқылы Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі ("Банк") өзге де түрдегі өзінің талдамалық және консультациялық қызметін жүзеге асырған кезде Банк көрсететін ықыласпен және ынтамен өтеулі негізде консультациялық қызметтер көрсетуге міндеттенеді. Осы Негіздемелік келісімге және тиісті Өтеулі негізде консультациялық көрсетілетін қызметтер туралы келісімге ("ӨНКҚ") сәйкес Банкті Үкіметтің консультанты ретінде тарту эксклюзивті болып табылмайды және Үкіметті ұқсас немесе байланысты мәселелер бойынша басқа консультанттарды тартуда шектемейді.

      2. Банк қызметкерлері. Банк өз қалауы бойынша өтеулі негізде консультациялық қызметтер көрсету үшін тағайындалған Банк қызметкерлерін айқындайды. Банктің кез келген қызметкерінің жұмыс сапасына наразы болуға негізді себеп болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі ("Үкімет") Банкке мұндай адамды (адамдарды) ауыстыру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Күмән туындамау үшін Тараптар Негіздемелік келісім, осы Негіздемелік келісімге сәйкес жасалған Жыл сайынғы бағдарлама (бағдарламалар) және ӨНКҚ туралы келісім (келісімдер) Үкімет пен Банк қызметкерлері арасында еңбек немесе өзге де шарттық қатынастардың туындауына әкеп соқпайтыны туралы келісті және уағдаласты.

      3. Ынтымақтастық және Үкіметтің үлесі. (a) Барлық жағдайларда Үкімет: (i) Банкке ӨНКҚ көрсетуге әсер етуі мүмкін кез келген ақпаратты уақтылы ұсынады; (ii) Банкті ӨНКҚ-ға қатысты кез келген өзгерістер туралы хабардар етеді; (iii) Банк қызметкерлеріне ӨНКҚ көрсетуге қатысы бар алаңдар мен объектілерге, персоналға және құжаттамаға қол жеткізуге және (iv) Банк қызметкерлерінің ӨНКҚ туралы тиісті келісімде көрсетілгендей, ӨНКҚ көрсетуге жәрдемдесу және қолдау үшін қажетті шешімдер қабылдауды, қызметті жүзеге асыруды және қаражат беруді қоса алғанда, ӨНКҚ көрсете алуы үшін қажеттінің бәрін жасайды.

      (b) Тараптар Үкіметтің 3-тармақтың (а) тармақшасына сәйкес және мән-жайларға қарай тиісті ӨНКҚ туралы келісімдегі өз міндеттемелерін орындамауынан туындаған орындауды немесе орындамауды қандай да бір кешіктіргені үшін Банктің жауапты болмайтынына уағдаласты және келісті.

      4. Мерзімдер. Банк ӨНКҚ-ны уақтылы көрсету үшін өзіндегі қолда бар барлық қаражатты жұмылдыруға міндеттенеді. Тиісті ӨНКҚ туралы келісімде көрсетілген кесте оны дайындау кезінде Банкте бар ақпараттың негізінде адал дайындалған және Үкімет пен оның қызметкерлері нақты жағдайға байланысты осы қосымшаның 3-тармағында (а) және тиісті ӨНКҚ туралы келісімде баяндалғанға сәйкес өз міндеттемелерін уақтылы және қанағаттанарлық түрде орындайды деген болжалға сүйене отырып, индикативті түрде ұсынылған.

      5. Банктің операциялық саясаты. Банк өзінің саясатына сәйкес, оның ішінде ӨНКҚ-нің экологиялық және әлеуметтік аспектілеріне қатысты консультациялық қызметтер ұсынады.

      6. Ақпаратты жария ету. Тараптар Негіздемелік келісім, Жыл сайынғы бағдарлама (бағдарламалар), ӨНКҚ туралы келісім (келісімдер) және тиісті ӨНКҚ туралы келісімде көзделген нәтижелер қоғамдық қолжетімділік үшін ашылуы мүмкін деп уағдаласты. Үкіметтің ӨНКҚ-ны қолдау үшін ұсынған негіз қалаушы ақпаратына қатысты Үкімет бұл ақпаратты құпия деп жіктеу құқығын өзіне қалдырады. Банк мұндай ақпаратты Үкіметтің алдын ала жазбаша келісімінен кейін ғана жария түрде аша алады. Банктің ӨНКҚ-ны орындау үшін берген негіз қалаушы ақпаратына (жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне жатпайтын) қатысты Банк мұндай ақпаратты құпия деп жіктеу құқығын өзіне қалдырады. Үкімет мұндай ақпаратты Банктің алдын ала жазбаша келісімінен кейін ғана жария түрде аша алады.

      7. Зияткерлік меншік. Банк ӨНКҚ-ға байланысты пайдаланатын кез келген қолда бар деректерге немесе құжаттарға Тараптардың әрқайсысының зияткерлік меншік құқығы оларды ұсынған Тарапта қалады. Осы 1-қосымшаның "Ақпаратты ашу" деген 6-тармағында көрсетілгендей, құпия ақпаратты және үшінші тұлғалардың құқықтарын ашуға шектеулер сақталған жағдайда, Банктің бүкіл әлем бойынша жарамды, эксклюзивті емес, мерзімсіз (авторлық құқықтың қолданылу кезеңінде), толық сублицензияланатын және өтеусіз пайдалану, көшіру, көрсету, тарату, жариялау және туынды жұмыстарды жасау құқығы болған жағдайда, осы материалдарды немесе олардың бөліктерін қамтуы және олардың құрамындағы ақпаратты олардың зерттеулеріне, мақалаларына, жарияланымдарына, веб-сайттарына және басқа да ақпараттық ресурстарына Үкіметтің келісімінсіз енгізу шартымен ӨНКҚ-ға байланысты Банк дайындаған жаңа материалдарға зияткерлік меншік құқығы Үкіметке тиесілі.

      8. Банктің көзқарастарын білдіру және Банктің атауын, тауар белгілерін және логотипін пайдалану. (a) Тараптар Тараптардың ешқайсысы мұндай Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз екінші Тараптың көзқарастарын білдірмейді және оны білдіруге рұқсат бермейді деп уағдаласты.

      (b) Сондай-ақ Үкімет Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз Банктің атауын, тауар белгілерін немесе логотиптерін жарнамада, жарнамалық әдебиетте немесе ақпаратта пайдаланбауға немесе пайдалануға рұқсат бермеуге келіседі, ал мұндай келісімді алған жағдайда атауды, тауар белгілерін және логотиптерді қатаң түрде берілген рұқсатқа және Банктің жауапкершіліктен бас тарту туралы қалыпты хабарламаларын қосуға сәйкес пайдаланатын болады.

      (c) Екі Тарап дереккөздерге сілтемелерді және жауапкершіліктен бас тарту туралы хабарламаларды ӨНКҚ-ға байланысты дайындалған жаңа материалдарға енгізуге міндеттенеді.

      9. Жауапкершілік пен міндеттемені шектеу

      (a) Банк ӨНКҚ көрсету кезінде өзінің басқа талдамалық және консультациялық қызметіндегідей ықылас пен ынта танытатынына қарамастан, Банк ӨНКҚ шеңберінде ұсынылатын қандай да бір ұсынымдарды іске асыруда қол жеткізуге болатын табыстылық дәрежесіне қатысты ешқандай мәлімдемелер жасамайды және оған айқын немесе болжамды кепілдіктер бермейді. Егер ӨНКҚ көрсету кезінде Үкімет осындай ұсынымдармен келіспейтін тәсілмен Банк ұсынған ұсынымдарды іске асырса, Банк осы Негіздемелік келісімді, Жыл сайынғы бағдарламаны немесе кез келген ӨНКҚ туралы келісімді дереу бұза алады.

      (b) "Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын ратификациялау туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі № 589 Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Банк келісімінің баптарына (бұдан әрі – Банк келісімінің баптары) және басқа да қолданылатын құқықтық нормаларға сәйкес Банктің иммунитеттерімен және артықшылықтарымен шектелмей, Банктің немесе Банк қызметкерлерінің өрескел немқұрайлылығы немесе қасақана заңсыз әрекеттері нәтижесінде туындаған жағдайларды қоспағанда, Банк Үкімет немесе үшінші тұлғалар алдында Үкіметтің ӨНКҚ нәтижесінде шегуі мүмкін кез келген залалдары, шығындары, зияндары немесе жауаптылығы үшін жауап бермейді. Осы құжатта көрсетілген қандай да бір шарттарға қарамастан, егер Банктің осы Келісім бойынша Үкімет алдындағы жауаптылығы бар болса, ол жазаны қолдануға байланысты қандай да бір жанама немесе жағымсыз залалға, пайданы жоғалтуға немесе жіберіп алған пайдаға қолданылмайды, сондай-ақ Банктің тиісті ӨНКҚ туралы келісім бойынша өз шотына алған кәсіби сыйақы сомасынан аспайды.

      (с) Осы Негіздемелік келісімнің, Жыл сайынғы бағдарламаның және ӨНКҚ туралы келісімнің (келісімдердің) мақсаты оның шеңберінде Тараптар үшінші тұлғалар алдында немесе қандай да бір басқа мақсаттарда ортақ жауапкершілікте болуы мүмкін осындай түрдегі әріптестік, бірлескен кәсіпорын немесе ұйым құру болып табылмайды. Осы құжатта ештеңе Үкіметке қаржыландыру ұсыну бойынша Банктің міндеттемесі болып табылмайды.

      10. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. Үкіметтің және Банктің осы Негіздемелік келісім, Жыл сайынғы бағдарлама (бағдарламалар), ӨНКҚ туралы келісім (келісімдер) бойынша құқықтары мен міндеттері күшінде қалады және керісіншені талап ететін қандай да бір заңдарға қарамастан, олардың талаптарына сәйкес орындалуға жатады.

      11. Дауларды реттеу. (a) Тараптар осы Негіздемелік келісім, Жыл сайынғы бағдарлама (бағдарламалар) және ӨНКҚ туралы келісім (келісімдер) бойынша немесе оған байланысты кез келген келіспеушіліктерді немесе дауларды бейбіт жолмен адал жолмен реттеу арқылы тырысады. Осы Негіздемелік келісімнен және ӨНКҚ туралы келісімнен (келісімдерден) туындайтын, Тараптардың келісімі бойынша реттелмеген немесе оған байланысты туындайтын кез келген дау қол қойылған күні қолданылып жүрген ЮНСИТРАЛ төрелік регламентіне сәйкес төрелік арқылы түпкілікті реттелуге жатады. ЮНСИТРАЛ-дың төрелік регламенті мен осы Негіздемелік келісімнің, Жыл сайынғы бағдарламаның немесе тиісті ӨНКҚ туралы келісімнің талаптары арасында қайшылық болған жағдайда, осы Негіздемелік келісімнің, Жыл сайынғы бағдарламаның немесе ӨНКҚ туралы тиісті келісімнің талаптары басым күшке ие болады. Төреліктің орны, Вашингтон, Колумбия округы, АҚШ, ал төрелік тілі ағылшын тілі болып табылады.

      (b) Үкімет те, Банк те осы тармақтың (а) тармағына сәйкес қандай да бір талқылау шеңберінде осы Негіздемелік келісімнің, Жыл сайынғы бағдарламаның немесе тиісті ӨНКҚ туралы келісімнің қандай да бір ережесі жарамсыз немесе Банк Келісімі баптарының негізінде заңды күшке ие болмауына қатысты қандай да бір төрелік наразылықтарды мәлімдеуге құқылы емес.

      12. Артықшылықтар мен иммунитеттер, салықтық иммунитет. Үкімет Банк келісімінің баптарында және басқа да қолданылатын құқықтық нормаларда баяндалған Банктің және оның қызметкерлері мәртебесінің, иммунитеттері мен артықшылықтарының дұрыстығын қамтамасыз ету үшін ақылға қонымды барлық шараларды мойындайды және қабылдайтын болады. Тараптар Банктің төрелікке жүгінуі сияқты осы Негіздемелік келісімнің, Жыл сайынғы бағдарламаның немесе ӨНКҚ туралы келісімнің (келісімдердің) бірде-бір ережесі ешбір жағдайда Банк келісімінің баптарында және басқа да қолданылатын құқықтық нормаларда ұсынылған өзінің қандай да бір артықшылықтарының, иммунитеттерінің немесе жеңілдіктерінің күшін жоюды, олардан бас тартуды, оларды тоқтатуды немесе өзгертуді білдірмейтінін растайды және олармен келіседі. Тараптар осы Келісімге "Салық салудан босату" деген VII баптың 9-бөлімін, Банк келісімінің баптарын қолдануға болатынын таниды.

      13. Өзгерістер енгізу. Осы Негіздемелік келісімнің, Жыл сайынғы бағдарламаның немесе тиісті ӨНКҚ туралы келісімнің қандай да бір ережесіне сәйкес берілген кез келген өзгерістер немесе ережелердің күшін жою не кез келген келісу жазбаша нысанда ресімделуге және оған өзгерістер енгізілген жағдайда Тараптар оларға қол қоюға тиіс.

      14. Құқықтарды сақтау. Іскерлік операцияларды жүргізудің ағымдағы практикасынан ешнәрсе, сондай-ақ осы Негіздемелік келісімге, Жыл сайынғы бағдарламаға немесе ӨНКҚ туралы кез келген келісімге (келісімдерге) сәйкес қандай да бір өкілеттіктерді жүзеге асыру, құқықтық қорғау құралдарын, дискрециялық құқықты, өкілеттіктерді немесе басқа да құқықтарды қолдану кезінде қандай да бір Тараптың орындамауы немесе кідіртуі зиян келтірмеуге немесе осы Негіздемелік келісімге немесе кез келген ӨНКҚ туралы келісімге сәйкес осындай немесе кез келген басқа өкілеттіктен, құқықтық қорғау құралынан, дискрециялық құқықтан, өкілеттіктен немесе құқықтан бас тарту немесе оны жоғалту ретінде түсіндірілмеуге немесе болашақта оларды қайта жүзеге асыруға немесе жүзеге асыруға қандай да бір жолмен кедергі жасамауға тиіс.

      15. Құқық мирасқорлары; келісусіз өзгеге қайта берудің мүмкін болмауы. Осы Негіздемелік келісім, Жыл сайынғы бағдарлама (бағдарламалар) және ӨНКҚ туралы келісім (келісімдер) Тараптардың бірде-біреуі осы Негіздемелік келісімді, Жыл сайынғы бағдарламаны (бағдарламаларды) және ӨНКҚ туралы келісімді (келісімдерді) екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз өзгеге немесе ішінара қайта бере алмаған жағдайда, Тараптардың тиісті құқықтық мирасқорларына пайданы заңды түрде міндеттейді және береді.

      16. Келісімнің тұтастығы; тіл.

      (a) Осы Негіздемелік келісім, Жыл сайынғы бағдарлама (бағдарламалар) және ӨНКҚ туралы келісім (келісімдер) Тараптар арасындағы толық келісімді білдіреді және осы Келісімнің нысанасына қатысты Тараптар арасындағы кез келген алдыңғы келісімдерді ауыстырады.

      (b) Осы Негіздемелік келісім әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада дайындалды, осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

      17. Бұзу.

      (a) Үкімет не Банк осы Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін басқа Тарапқа күнтізбелік 90 (тоқсан) күн бұрын жазбаша хабарлама жіберу арқылы оны бұза алады. Осындай хабарламаны алғаннан кейін Тараптар сол кезде өтеулі негізде консультациялық көрсетілетін қызметтер шеңберінде жүргізілген қызметті ретке келтіріп аяқтау үшін және барлық реттелмеген мәселелерді тезірек шешуге барлық қажетті қадамдарды жасайды.

      (b) Осы Негіздемелік келісімнің, Жыл сайынғы бағдарламаның немесе кез келген ӨНКҚ туралы келісімнің бұзылуына немесе қолданылу мерзімінің аяқталуына қарамастан, (i) осы Негіздемелік келісімнің ережелері бұзылмаған немесе Негіздемелік келісімді бұзудың немесе қолданылу мерзімінің өту күніне немесе оған дейін қолданылу мерзімі өтпеген Жыл сайынғы бағдарламаға және кез келген ӨНКҚ туралы келісімге де; сондай-ақ (ii) осы 1-қосымшаның "Ақпаратты ашу", "Зияткерлік меншік" және "Артықшылықтар мен иммунитеттер" деген тармақтарында баяндалған (А) міндеттемелерге қатысты осы Негіздемелік келісімнің ережелері және (B) Үкіметтің Банкке тиісті ӨНКҚ туралы келісім бұзылған немесе қолданылу мерзімі аяқталған күнге дейін көрсетілген өтеулі негіздегі консультациялық көрсетілетін қызметтер үшін сыйақы төлеу, сондай-ақ осы Негіздемелік келісімнің және/немесе тиісті ӨНКҚ туралы келісімнің (келісімдердің) бұзылуына байланысты кез келген ақылға қонымды шығындарды өтеу міндеттемесі толық күшінде және қолданыста қалады.

      18. Осы Келісімнің орындалуы. Хабарламалар мен сұрау салулар.

      (a) Осы Келісім әрқайсысы түпнұсқа болып табылатын бірнеше данада ресімделуі мүмкін, бірақ олардың барлығы сол бір келісімді құрайды. Электрондық құралдармен ресімделген жағдайда осы Келісім түпнұсқа болып табылады.

      (b) Осы Келісімге сәйкес талап етілетін немесе рұқсат етілген кез келген хабарлама немесе сұрау салу жазбаша нысанда ресімделуге тиіс. Мұндай хабарлама немесе сұрау салу ол жіберілуге тиіс Тарапқа жеке өзі, пошта немесе электрондық құралдар арқылы жеткізілген жағдайда немесе осы Келісімнің 6-тармағында көрсетілген осындай Тараптың мекенжайы немесе электрондық мекенжайы бойынша немесе осындай Тарап осындай хабарламаны жіберуші немесе осындай сұрау салушы Тарапты хабардар ету арқылы көрсететін осындай басқа мекенжай немесе электрондық мекенжай бойынша тиісті түрде берілген немесе жасалған болып есептеледі. Электрондық құралдар арқылы жеткізілген хабарламалар жіберушінің электрондық коммуникациялар жүйесінен шыққан кезде жіберуші өзінің электрондық мекенжайынан жіберген болып есептеледі және мұндай хабарлама немесе сұрау салу қабылдаушы Тараптың электрондық коммуникациялар жүйесі машинада оқылатын форматқа шығаруға қолжетімді болған кезде екінші Тарап өзінің электрондық мекенжайына алған болып есептеледі.

      (c) Электрондық құжаттардың осы Негіздемелік келісімнің, Жыл сайынғы бағдарламаның немесе кез келген ӨНКҚ туралы келісімнің шеңберіндегі электрондық құралдармен ресімделмеген және берілмеген кез келген хабарламаны немесе сұрау салуды қоса алғанда, басқа құжаттар сияқты заңдық күші болады.

      19. Есепке алу. Банк есепті жүргізудің өз практикасына сәйкес өтеулі негізде консультациялық көрсетілетін қызметтерді тиісті есепке алуды жүргізеді және Үкіметтің негізделген сұрау салуы бойынша Үкіметке өтеулі негізде консультациялық көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат береді.

      20. Анықтамалар.

      (a) "банк қызметкерлері" Банктің кез келген персоналын (оның ішінде консультанттар лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді қоса алғанда) білдіреді.

      (b) "электрондық мекенжай" электрондық құжаттардың жіберілуін және алынуын сәйкестендіру мақсатында белгілі бір электрондық коммуникациялар жүйесіндегі адамды бірмәнді сәйкестендіретін мекенжайды белгілеуді білдіреді.

      (c) "электрондық коммуникациялар жүйесі" Банк үшін оңтайлы және Банк Үкіметке мерзімді түрде хабарлай алатын кез келген осындай қосымша нұсқаулықтарға сәйкес электрондық құжаттарды жасау, жіберу, алу немесе сақтау немесе өзге де өңдеу үшін пайдаланылатын компьютерлердің, серверлердің, жүйелердің, жабдықтардың, желілік элементтердің және басқа да аппараттық және бағдарламалық қамтылымның жиынтығын білдіреді.

      (d) "электрондық құжат" осы Келісімде қамтылған ақпаратты немесе электрондық құралдардың көмегімен берілетін осы Келісім бойынша хабарламаны білдіреді.

      (e) "электрондық құралдар" электрондық құжатты өзгелермен қатар Банк үшін оңтайлы электрондық деректер алмасуды, электрондық поштаны, жеделхатты, телексті немесе телекөшірмені қоса алғанда, электрондық, магниттік, оптикалық немесе ұқсас құралдармен құруды, жіберуді, алуды, сақтауды немесе өзге де өңдеуді білдіреді.

      (f) "қол қойылған күн" Үкімет пен Банк нақты жағдайға байланысты осы Негіздемелік келісімге, Жыл сайынғы бағдарламаға немесе кез келген ӨНКҚ туралы келісімге қол қойған екі күннің неғұрлым соңғысын білдіреді.

  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге
  2-қосымша

Өтеулі негіздегі консультациялық көрсетілетін қызметтердің жыл сайынғы бағдарламасының нысаны _________________________________ қаржы жылдарына арналған (жылдарды цифрлармен қойыңыз) өтеулі негіздегі консультациялық көрсетілетін қызметтердің жыл сайынғы бағдарламасы

      ____________ Қазақстан Республикасының Үкіметі ("Үкімет") мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі ("Банк") арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша Техникалық ынтымақтастық туралы келісімге ("Негіздемелік келісім") сәйкес Үкімет төменде сипатталған консультациялық көрсетілетін қызметтер мен техникалық қолдау ("Өтеулі негіздегі консультациялық көрсетілетін қызметтер") көрсетуге өтінішпен Банкке жүгінді. Банк Негіздемелік келісімде және осы Өтеулі негіздегі консультациялық көрсетілетін қызметтердің жыл сайынғы бағдарламасында ("Жыл сайынғы бағдарлама") және Тараптар арасында жасалған Өтеулі негіздегі консультациялық көрсетілетін қызметтер туралы келісімде ("ӨНКҚ") баяндалған шарттарда өтеулі негізде консультациялық қызметтер көрсетуге дайын. Жоғарыда баяндалғанның негізінде Үкімет пен Банк төмендегілер туралы уағдаласады:


      1. Өтеулі негіздегі консультациялық көрсетілетін қызметтердің жыл сайынғы бағдарламасы.

      Жұмыс кезеңіне арналған ӨНКҚ мынадай индикативтік іс-шараларды қамтиды:

      1-кесте: Іс-шаралар

Іс-шаралар

Бенефициарлар

Болжамды құны 1-жұмыс кезеңі
(АҚШ доллары)

Болжамды құны 2-жұмыс кезеңі
(АҚШ доллары)

Болжамды құны 3-жұмыс кезеңі
(АҚШ доллары)

Іс-шараның форматы

1-іс-шара






2-іс-шара






3-іс-шара






Жылдық бағдарламаға енгізу үшін Үкіметпен келісілетін басқа да іс-шаралар.






Жиыны:






      1 1-ҚЖ арналған өтелетін консультациялық көрсетілетін қызметтердің болжамды құнын Үкімет _________ нормативтік құқықтық актіге сәйкес бөлген.

      Іс-шаралар Банк пен уәкілетті мемлекеттік орган (бенефициар) арасында жасалатын ӨНКҚ туралы келісімде (Негіздемелік келісімге 3-қосымша) айқындалатын болады.

      2. Жұмыс нәтижелері.

      Нәтижелер мен оларды орындау мерзімдері Үкімет пен Банк арасында жасалатын ӨНКҚ туралы келісімде көрсетіледі.

      3. Жұмыс кезеңі. Банк ______бастап ______ жылға дейін ("жұмыс кезеңі") Өтеулі негізде консультациялық қызметтер көрсету жөніндегі міндеттемені өзіне алады. Тараптардың жазбаша келісімі болған жағдайда жұмыс кезеңі кейінгі қаржы жылдарына ұзартылуы мүмкін.

      4. Төлем. Үкімет жеке ӨНКҚ туралы келісімдерге сәйкес ____ жылға жоспарланған барлық іс-шаралар орындалғаннан кейін ____ жылға ______ мөлшерінде тіркелген соманы Банкке аударады.

      Тараптар келесі жұмыс кезеңдерінде кейінгі қаржы жылдары үшін төленуге жататын тіркелген сомаларды жазбаша нысанда келісуге тиіс.

      5. Көрсетілетін қызметтер туралы есеп. Банк Үкіметке: (а) әрбір алты ай сайын әрбір жұмыс кезеңінде Банк көрсеткен қызметтер туралы есепті Тараптар арасында келісілген нысан бойынша және талаптарға сәйкес, әрбір есепті кезең аяқталғаннан кейін бір ай ішінде және (b) әрбір жұмыс кезеңі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде Үкіметпен келісілген нысан бойынша және талаптарға сәйкес Банк көрсеткен қызметтер туралы жылдық есеп береді.

      6. Күшіне енуі. Осы Жыл сайынғы бағдарлама оған Тараптар тиісінше қол қойғаннан кейін осы қосымшаның 3-тармағында көрсетілгендей, жұмыс кезеңінің басындағы күннен бастап күшіне енеді.

      7. Жарамдылық мерзімінің аяқталуы. Осы Жыл сайынғы бағдарламаның қолданылу мерзімі, егер ол Тараптардың өзара келісуі бойынша жазбаша нысанда ұзартылмаса, жұмыс кезеңінің соңғы күнінде аяқталады.

      8. Тіл. Осы Жыл сайынғы бағдарлама да әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiндегi екі түпнұсқа данада дайындалды, осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

      Осыны куәландыру үшін осы Келісімнің Тараптары өздерінің тиісті түрде уәкілеттік берілген өкілдері арқылы әрекет ете отырып, осы Жыл сайынғы бағдарламаға өз атынан қол қойды.


Қазақстан Республикасының

Үкіметі

_________________________

Уәкілетті өкіл

Т. А. Ә.:_________________

Лауазымы:_______________

Күні: ___________________

Халықаралық Қайта Құру және

Даму Банкі

___________________________

Уәкілетті өкіл

Т. А. Ә.: ___________________

Лауазымы:_________________

Күні: ______________________


  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге
  3-қосымша

Өтеулі негіздегі консультациялық көрсетілетін қызметтерге арналған келісімнің нысаны Өтеулі негіздегі консультациялық көрсетілетін қызметтерге арналған келісім Жұмыс кезеңі ("______" – "_______" аралығындағы қаржы жылдар)

      ___________ Қазақстан Республикасының Үкіметі ("Үкімет") мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі ("Банк") арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша Техникалық ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес ("Негіздемелік келісім"), Үкімет төменде сипатталған консультациялық көрсетілетін қызметтер мен техникалық қолдау ("өтеулі негіздегі консультациялық көрсетілетін қызметтер") көрсетуге өтінішпен Банкке жүгінді. Банк Негіздемелік келісімде, жұмыс кезеңі (күні) шеңберінде Консультациялық көрсетілетін қызметтердің жыл сайынғы бағдарламасында, сондай-ақ осы Өтеулі негіздегі консультациялық көрсетілетін қызметтер туралы келісімде ("ӨНКҚ") баяндалған шарттарда өтеулі негізде консультациялық қызметтер көрсетуге дайын. Жоғарыда баяндалғанның негізінде Үкімет пен Банк төмендегілер туралы уағдаласады:

      1. Мақсаттар.

      (ӨНКҚ мақсаттарының қысқаша сипаттамасы)

      2. Өтеулі негіздегі консультациялық көрсетілетін қызметтер. ӨНКҚ мынадай іс-шараларды қамтуға тиіс:

      Іс-шаралар ()

      Нәтижелері ()

      (Банктің не үшін () жауапты емес екені жазылған )

      3. Кесте. Банк мынадай алдын ала нәтижелер кестесіне сәйкес ӨНКҚ-ны орындау бойынша күш-жігер салуға тиіс:

Нәтиже

Мерзім

Сома








      Банк жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес әрбір тапсырманың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Үкімет консультациялық көрсетілетін қызметтердің нәтижесін алған кезден бастап он (10) жұмыс күні ішінде өз түсініктемелерін беруге тиіс, олай болмаған жағдайда консультациялық көрсетілетін қызметтердің нәтижелері түпкілікті болып саналады. Банк клиенттен әрбір нәтиже бойынша ескертулер алған жағдайда, Банк нақты нәтиже бойынша Үкіметтен түсініктемелерді қарайды және сұрау салуды алған күннен бастап 10 күн ішінде түпкілікті нәтижені қайта ұсынады.

      4. Әріптестер және объектілерді пайдалану. Үкімет [Министрліктің атауы] арқылы атқаруға тиіс:

      5. Төлем. Банк тиісті есеп айырысу кезеңінде келтірілген іс жүзіндегі шығыстар негізінде әрбір күнтізбелік жартыжылдықтың соңында шоттарды ұсынады. Шоттың сомасын Үкімет Банкке шот ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде аударуға тиіс.

      6. Күшіне енуі. Осы ӨНКҚ туралы келісім екі тарап қол қойғаннан кейін _______ бастап күшіне енеді.

      7. Жарамдылық мерзімі. Осы ӨНКҚ туралы келісімнің қолданылу мерзімі, егер ол Тараптардың жазбаша өзара келісу бойынша бұрын ұзартылмаса, (жұмыс кезеңінің соңғы күні) аяқталады.

      8. Тіл. Осы ӨНКҚ туралы келісім де әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде екі түпнұсқа данада дайындалды, осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

      9. Ақпаратты жария ету. Осы арқылы Үкімет Банкке осы ӨНКҚ туралы келісімді және осы ӨНКҚ туралы келісімнің 2-тармағында баяндалған оның консультациялық көрсетілетін қызметтерінің нәтижелерін түпкілікті нысанда жария түрде ашуға өкілеттік береді.

      Осыны куәландыру үшін Тараптар өздерінің тиісті уәкілеттік берілген өкілдері арқылы әрекет ете отырып, ӨНКҚ туралы келісімге өз атынан қол қойды.


Қазақстан Республикасының

Үкіметі

_________________________

Уәкілетті өкіл

Т. А. Ә.:_________________

Лауазымы:_______________

Күні: ___________________

Халықаралық Қайта Құру және

Даму Банкі

___________________________

Уәкілетті өкіл

Т. А. Ә.: ___________________

Лауазымы:_________________

Күні: ______________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады