Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Ұлттық банкі арасындағы Қазақстан теңгесі мен тәжік рублінің өзара өтімділігін және бағамын тұрақтандыруды қамтамасыз ету шаралары туралы келісімнің күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 22 мамырдағы № 401 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 1999 жылғы 16 желтоқсанда Душанбеде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Ұлттық банкі арасындағы Қазақстан теңгесі мен тәжік рублінің өзара өтімділігін және бағамын тұрақтандыруды қамтамасыз ету шаралары туралы келісімнің күші жойылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Келісімнің күшін жою ниеті туралы Тәжікстан Республикасының Үкіметін заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады