2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № 416 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Хасенұлы Мәдиевке 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 28 мамырдағы
№ 416 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі

      2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 20-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 5-бабында:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тараптар орта класты тасымалдағыш зымыранмен "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің ұшу сынақтарының басталуын 2025 жылы қамтамасыз етеді.";

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2027 жылға дейін "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен "Союз-5" тасымалдағыш зымыранының кемінде үш сынақтық ұшырылуын жүзеге асыруды;";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2028 – 2039 жылдар аралығы кезеңінде жылына кемінде үш рет ұшыру "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен "Союз-5" тасымалдағыш зымыранымен және оның ықтимал модификацияларымен ғарыш аппараттарын орбиталарға шығару бойынша тапсырыстар орналастыруды қамтамасыз етеді.";

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жобаларын іске асыру шеңберінде 2028 – 2039 жылдар аралығы кезеңінде "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен "Союз-5" тасымалдағыш зымыранымен және оның ықтимал модификацияларымен ғарыш аппараттарын орбитаға шығару бойынша тапсырыстар орналастыруды қамтамасыз етеді.".

2-бап

      Келісімнің 6-бабының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Тарапынан – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;".

3-бап

      Келісімнің 8-бабында:

      а) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "а) Бірлескен кәсiпорынның, Қазақстан Республикасының орындаушы ұйымдарының және Қазақстан Республикасының орындаушы ұйымдары мердiгерлерiнiң ғарыш кеңiстiгiнде тiкелей орындалатын (көрсетiлетiн) жұмыстарына (көрсетілетін қызметтеріне), сондай-ақ тікелей ғарыш кеңістігінде жұмыстарды орындаумен (қызметтер көрсетумен) технологиялық негізделген және тығыз байланысты жердегі дайындық жұмыстарына (көрсетілетін қызметтерге) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы және бейрезиденттік үшін қосылған құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады.

      Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығы бойынша нөлдік мөлшерлемені қолданатын орындаушы ұйымдар осы Келісімнің 7-бабында көрсетілген орындаушы ұйымдардың тізбесінде айқындалуға тиіс.

      Қосылған құн салығы бойынша және бейрезиденттік үшін қосылған құн салығы бойынша нөлдік мөлшерлемені қолдану үшін мыналар:

      Бірлескен кәсіпорын үшін – осы Келісімге қосымшада көрсетілген жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарт (келісімшарт) және жұмыстардың орындалғанын (қызметтердің көрсетілгенін) растайтын құжаттардың көшірмелері;

      орындаушы ұйымдар үшін – Бірлескен кәсіпорынмен тікелей жасалған жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарт (келісімшарт) және Бірлескен кәсіпорын үшін жұмыстардың орындалғанын (қызметтердің көрсетілгенін) растайтын құжаттардың көшірмелері;

      Қазақстан Республикасының орындаушы ұйымдарының мердігерлері үшін – Бірлескен кәсіпорынмен жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарты (келісімшарты) бар орындаушы ұйыммен тікелей жасалған жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарт (келісімшарт) және орындаушы ұйым үшін жұмыстардың орындалғанын (қызметтердің көрсетілгенін) растайтын құжаттардың көшірмелері негіз болып табылады. Бұл ретте мердігердің Қазақстан Республикасының орындаушы ұйымы үшін жұмыстарды орындауына (қызметтерді көрсетуіне) арналған нұсқау және мердігер орындайтын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) түрлері Бірлескен кәсіпорын мен орындаушы ұйым арасында жасалған шартта (келісімшартта) айқындалуға тиіс;";

      б) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірлескен кәсіпорынды "Зенит-М" ғарыш зымыран кешені жалға беруден шығарылған күннен бастап және мемлекеттік қабылдау комиссиясы "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін пайдалануға қабылдаған күннен бастап 15 жыл өткенге дейін осы Келісімге қосымшада көрсетілген жұмыстарды орындаудан (қызметтерді көрсетуден) алынатын корпоративтік кірістер бойынша табыс салығын төлеуден босату;".

4-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы Хаттама өзінің қолданылуын Келісіммен бір мезгілде тоқтатады.

      20__ жылғы "__" ___________ __________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Ресей ФедерациясыныңҮкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады