Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № 417 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылжар орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 77 гектар жер учаскесі елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін елді мекен шекарасының (шегінің) өзгеруіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігіне берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін, екпе ағаштар кесілген жағдайда алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне беріп, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 28 мамырдағы
№ 417 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан елді мекендер жерлері санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы


Жер пайдаланушының атауы

Жалпы ауданы,
гектар

оның ішінде:

Орман көмкерген

орман көмкермеген

1

2

3

4

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылжар орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

77

60,5

16,5

Барлығы:

77

60,5

16,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады