"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 мамырдағы № 426 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 3-10-тармақпен толықтырылсын:

      "3-10. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 15 (он бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жібереді.

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган 2025 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға 2023 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының иелігінде қалатын таза кірістің 2024 жылы пайдаланылуы туралы ақпарат берсін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады