"Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 маусымдағы № 468 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органының немесе жергілікті атқарушы органның қарамағындағы, тиісті салада қызметін жүзеге асыратын ұйым;";

      13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін және әкетілетін тауарларға қатысты кедендік әкімшілендіру мен кедендік бақылауды бірінші кезектегі тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етеді;";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Шет елдерден және халықаралық ұйымдардан Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмек көрсетуді немесе Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмек көрсету туралы бастамашылық өтінішті қараған және оған әзір болған жағдайда сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті орган бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті саланың орталық мемлекеттік органына Қазақстан Республикасына көрсетілетін гуманитарлық көмекті қабылдау және бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін ақпарат жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:

      "31-1. Тиісті саланың орталық мемлекеттік органы сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті органның ақпаратын алған күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасына көрсетілетін гуманитарлық көмекті қабылдауға және бөлуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне сұрау салу жібереді. Сұрау салуда Қазақстан Республикасына көрсетілетін гуманитарлық көмектің сипаты, сипаттамасы, жеткізу орны, тиісті уәкілетті ұйым және оны бөлу бойынша ұсыныстар көрсетіледі.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32 Тиісті саланың орталық мемлекеттік органының сұрау салуын қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары тиісті қарармен Қазақстан Республикасына көрсетілетін гуманитарлық көмекті қабылдауды және бөлуді келіседі не одан бас тартады.";

      33-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Уәкілетті ұйым тиісті орталық мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен гуманитарлық көмекті қабылдауды және бөлуді жүзеге асырады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады