Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Тілеген Советұлы Мәткенов пен Қайрат Ақылбекұлы Байзақов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кадрында қалдырылып және Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне көзделген жеңілдіктері сақтала отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағында ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстың басқа да қауіпті түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросы халықаралық ұйымына іссапарға жіберілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |