"Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 516 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 880 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.10.2024 № 880 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен айқындалған таңбалауға жататын тауарлардың тізбесінде:

      ескертпенің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "*** 2024 жылғы 1 шілдеден бастап – ветеринарияда қолданылатын дәрілік заттар мен вакциналарды қоспағанда, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап өндірілген, дозаланған дәрілік нысандар түрінде (трансдермалық жүйелер нысанындағы дәрілік заттарды қоса алғанда) немесе бөлшек саудаға арналған қалыптарға немесе орамдарға өлшеп оралған дәрілік заттарға қатысты міндетті таңбалау;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады