Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатуға негіз болатын аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |