"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 шiлдедегi № 563 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      15-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін бекітеді;";

      229) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "229) карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сертификаттар береді;";

      471) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "471) бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде орналастырылады;";

      мынадай мазмұндағы 471-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "471-1) мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын, мемлекеттік қаржылай емес қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика саласын (салаларын), мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды) және мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;";

      508-33) тармақша алып тасталсын;

      508-41) тармақша алып тасталсын;

      508-44) тармақша алып тасталсын;

      508-47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "508-47) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (аквашаруашылықты) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      508-65) тармақша алып тасталсын;

      508-93) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "508-93) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер жүргізу графиктерін және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін әзірлейді;";

      508-110) тармақша алып тасталсын;

      508-115) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "508-115) балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;";

      мынадай мазмұндағы 508-123), 508-124), 508-125), 508-126), 508-127), 508-128), 508-129), 508-130), 508-131), 508-132), 508-133) және 508-134) тармақшалармен толықтырылсын:

      "508-123) балықтар мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша сотқа талап қою дайындайды және ұсынады;

      508-124) балық өнімдерін қайта өңдеуді субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      508-125) балық шаруашылығы субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      508-126) балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру қағидаларын және инвесторға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

      508-127) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру және (немесе) қайта бекітіп беру жөнінде шешімдер қабылдайды;

      508-128) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (аквашаруашылықты) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөнінде шешімдер қабылдайды;

      508-129) балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы шешімдер қабылдайды;

      508-130) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзуға қатысты осы шараның қолданыс мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындайды (бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі);

      508-131) мына:

      өсімдіктер карантині;

      өсімдіктерді қорғау;

      ветеринария салаларында тергеп-тексеру жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      508-132) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметіне балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мерзімді тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

      508-133) жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының нысанын әзірлейді және бекітеді;

      508-134) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісуі бойынша ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлейді және бекітеді.".

      2. Осы қаулының:

      1) 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының бесінші абзацын;

      2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының жетінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, отызыншы және отыз тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады