"Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 шiлдедегi № 564 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тізімдеме актілерін есепке алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы (бұдан әрі – есепке алу кітабы) жүргізіледі. 

      Есепке алу кітабын уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мемлекеттік мүлік тізілімінде электрондық форматта жүргізеді. Есепке алу кітабында тізімдеме актілері олардың түсуіне қарай тіркеледі.

      Уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның басшысы есепке алу кітабын жүргізуге жауапты қызметкерді айқындайды.

      Есепке алу кітабындағы жазбалар әрбір оқиға: тізімдеме актісіне қол қою, бағалау туралы есеп алу немесе қабылдау-беру актісіне қол қою орын алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі және есепке алу кітабын жүргізуге жауапты қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.

      Мемлекеттік мүлік тізілімінде техникалық іркіліс болған жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қағаз форматтағы есепке алу кітабына жазуды анық және қатесіз жүргізеді. Қағаз форматтағы есепке алу кітабы нөмірленуге, тігілуге және уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның мөрімен бекітілуге тиіс.

      Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган техникалық іркіліс жойылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз форматтағы есепке алу кітабындағы жазбаларды мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізеді.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның теңгерімінде стандарттарда, техникалық шарттарда, технологиялық нұсқаулықтарда, сақтау жөніндегі нұсқаулықтарда, тауарлардың жекелеген түрлерiн сақтау қағидаларында, қойма үшiн мiндеттi өзге де арнайы нормативтiк құжаттарда белгiленген сақтау талаптарына (режимiне) сәйкес келетін қойма үй-жайлары бар болса, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті осы үй-жайларда сақтау жұмысын ұйымдастырады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы болуы ықтимал мүлікті Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" және "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" заңдарына сәйкес құрылатын тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссия және ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі жөніндегі сараптама комиссиясы қарайды.

      Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылыққа жатқызылған мүлiкті тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсім бойынша мемлекеттік музейлерге өтеусiз беруге болады.";

      29-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүлік туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган мүлікті есепке алу және өткізу бойынша электрондық сервиске бірыңғай қолжетімділік нүктесі болып табылатын www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста (бұдан әрі – тізілім веб-порталы) жариялайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 16 шілдедегі
№ 564 қаулысына
қосымша
  Жекелеген негiздер бойынша
  мемлекет меншiгiне
айналдырылған (түскен) мүлiктi
  есепке алу, сақтау, бағалау және
одан әрi пайдалану
  қағидаларына
  2-қосымша
  2-нысан

20 __ жылы мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiлерiн есепке алу кітабы

Р/с №

Жазба жүргізілген күн

Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісінің нөмірі және күні

Жазба жүргізудің негіздемесі (құжаттың атауы, нөмірі және күні)

Бұрынғы иелерінің атауы немесе өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Мүліктің атауы (санаты)

Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі бойынша мүліктің құны (бар болса), теңге

Мүліктің бағалау құны, теңге

Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі кімге және қашан жіберілді

Мүлік кімге және қашан берілген не сатылған (шешімінің, шарттың, мүлікті қабылдау-беру актісінің № және күні)

Мүлік үшін соңғы есеп айырысу күні

Нақты түскен сома, теңге

бюджетке

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады