"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 22 шiлдедегi № 582 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      112) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "112) камералдық бақылауды жүзеге асыруға қажетті мәліметтер тізбесін, сондай-ақ оларды кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның ұсыну тәртібін айқындау;";

      117), 118) және 119) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "117) шегілетін темекі бұйымдарында, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарда, қорқорға арналған темекіде, қорқор қоспасында, темекі қыздыруға арналған жүйелерде никотин мен шайырлы заттар болуының шекті жол берілетін деңгейлерін айқындау;

      118) инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі жайсыз көріністерді тіркеу, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      119) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулерді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      202) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "202) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық маңызы бар бұйымдар бағасын реттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      205) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "205) темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды өндірушілердің, импорттаушылардың темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларында никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептерді ұсынуы тәртібін бекіту;";

      239) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "239) денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      251) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "251) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық мақсаттағы бұйымдарға, бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді өнім беру шарттары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, тірі организмнен тыс (in vitro) диагностикалауға арналған медициналық бұйымдар бағасын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;";

      274) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "274) бағасы реттелетін дәрілік заттар тізбесіне енгізілген, Қазақстан Республикасында тіркелген және айналыстағы көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған дәрілік заттарға, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бағасын айқындау;";

      276) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "276) монополияға қарсы органмен келісу бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның, сондай-ақ бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді өнім беру шарты шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, тірі организмнен тыс (in vitro) диагностикалауға арналған медициналық бұйымның саудалық атауының шекті бағасын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауының немесе медициналық мақсаттағы бұйымның техникалық сипаттамасының шекті бағасын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 323-31), 323-32), 323-33), 323-34), 323-35), 323-36), 323-37), 323-38), 323-39), 323-40), 323-41), 323-42), 323-43), 323-44), 323-45), 323-46) 323-47), 323-48), 323-49), 323-50), 323-51), 323-52), 323-53), 323-54), 323-55), 323-56), 323-57), 323-58), 323-59), 323-60), 323-61), 323-62), 323-63), 323-64), 323-65), 323-66), 323-67) және 323-68) тармақшалармен толықтырылсын:

      "323-31) медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      323-32) медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      323-33) медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу бойынша тәуелсіз сарапшылар қызметтерін көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      323-34) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      323-35) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға әкелетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптарды нақты бұзуға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, оның қолданылу шарттарын және осы шараның қолданылу мерзімін айқындау (қажет болған кезде);

      323-36) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      323-37) мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      323-38) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларға сәйкес теңіз кемесін санитариялық бақылаудан босату туралы не теңіз кемесінің санитариялық бақылаудан өтуі туралы куәлік беру;

      323-39) техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) алып қоюды және кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      323-40) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      323-41) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;

      323-42) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер тізбесін бекіту;

      323-43) мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) жарнамасын жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      323-44) кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғалары, оның ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін олардың анықталған жері бойынша кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің тіркеуі қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      323-45) кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының кәсіптік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын есепке алуы, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мемлекеттік есепке алуы және есептілік жүргізуі қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      323-46) медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту;

      323-47) медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      323-48) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көзделген денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      323-49) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімнің (тауардың) сынамаларын (үлгілерін) іріктеу тәртібін бекіту;

      323-50) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген тізбені әзірлеу;

      323-51) медицина қызметкерлерінің толтыруы үшін міндетті құжаттаманың тізбесін әзірлеу және бекіту;

      323-52) медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шартын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;

      323-53) медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;

      323-54) тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің тәртібін және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарды айқындау;

      323-55) медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін талдауды медициналық ұйымның ішкі аудиті арқылы жүзеге асыру;

      323-56) медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру мен жүргізу тәртібін айқындау;

      323-57) "Өз кәсібінің үздiгі" республикалық конкурсының әрбір аталымдағы жеңiмпаздарына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің бес жүз еселенген мөлшерiнде бiржолғы төлем беру;

      323-58) "Өз кәсібінің үздiгі" атағын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      323-59) құзыреті шегінде петицияларды қарау;

      323-60) әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамдарға денсаулық сақтау ұйымдарында психологиялық көмек көрсетудің тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;

      323-61) техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің (тауардың) тізілімін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыру;

      323-62) саудалық атаулары бойынша дәрілік заттардың шекті бағаларының сақталуын бақылауды, сондай-ақ рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейінгі, сондай-ақ жіберілген хабарлама бойынша рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;

      323-63) стратегиялық маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау;

      323-64) cарапшы ретінде тартылатын бейінді сарапшыға қойылатын талаптарды бекіту;

      323-65) темекі шегудің зияны туралы ескертуді бекіту;

      323-66) темекі бұйымдарын тұтынудың және никотиннің зияны туралы ескертулердің эскиздерін бекіту;

      323-67) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікпен қарауға, буллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың көзінше жеке адамға қарсы құқық бұзушылықтар жасалған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бағдарламаларын бекіту;

      323-68) кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған лицензияны келісу;";

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 34-жолмен толықтырылсын:

      "34. "ҚазМедТех" акционерлік қоғамы.".

      2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың алпысыншы абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады