Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Жамбыл облысының әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлерінен жалпы ауданы 7,0094 гектар жер учаскесi өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Жамбыл облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің магистральдық құбыржол салу үшін "Азиялық газқұбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін.
3. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 593 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы ауданы, | оның ішінде: | |||
орман | жайылымдар | шабындық | өзге жерлер | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
"Жамбыл облысының әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 7,0094 | 2,0 | 2,8 | - | 2,2094 |
Барлығы: | 7,0094 | 2,0 | 2,8 | - | 2,2094 |