Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімі "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 548 қаулысымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу шартымен 2048 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылсын.
2. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 548 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 595 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 548 қаулысымен бекітілген |
"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Р/с | Мақсаттар, міндеттер мен көрсеткіштер (атауы) | Өлшем бірлігі |
Базалық кезең | 2030 жылға қарай қол жеткізу | 2036 жылға қарай қол жеткізу | 2042 жылға қарай қол жеткізу | 2048 жылға қарай қол жеткізу |
нысаналы |
нысаналы |
нысаналы |
нысаналы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1. | Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде: | млрд теңге | 1 294 | 3 711 | 5 299 | 5 803 | 6 307 |
1) | шетелдік инвестициялар көлемі | млрд теңге | 973 | 2 838 | 4 083 | 4 473 | 4 862 |
2) | отандық инвестициялар көлемі | млрд теңге | 321 | 873 | 1 216 | 1 330 | 1 445 |
2. | Арнайы экономикалық аймақ аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі | млрд теңге | 122 | 731 | 6 383 | 14 085 | 23 285 |
3. | Қатысушылар саны | компаниялар | 18 | 22 | 27 | 33 | 40 |
4. | Қосалқы қызмет түрін жүзеге асыратын тұлғалар саны | компаниялар | 8 | 12 | 20 | 23 | 26 |
5. | Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны | адам | 1 364 | 2 446 | 3 584 | 4 229 | 4 559 |
6. | Арнайы экономикалық аймақ аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамтудың үлесі | % | 50 | 55 | 60 | 65 | 70 |