"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 шiлдедегi № 603 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      15) тармақша мынадай редакциясы жазылсын:

      "15) қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық, немесе салааралық үлгілік, немесе үлгілік нормалар мен нормативтерді немесе ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгiлеу;";

      мынадай мазмұндағы 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15-1) қызметтің тиісті салаларындағы мемлекеттік органдармен келісу бойынша қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық, немесе салааралық үлгілік, немесе үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу және бекіту;

      15-2) қызметтің тиісті салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдар белгілеген тәртіппен өздері бекітетін ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін келісу;";

      мынадай мазмұндағы 122-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "122-1) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      130-1) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      190-1) тармақша мынадай редакциясы жазылсын:

      "190-1) министрлердің, аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қалалар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің мүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілерін тағайындау тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 229-32), 229-33), 229-34), 229-35), 229-36) және 229-37) тармақшалармен толықтырылсын:

      "229-32) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға лицензия беру;

      229-33) медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен үйлестіруді жүзеге асыру;

      229-34) медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      229-35) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      229-36) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынуға қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу және бекіту;

      229-37) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;".

      2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың бесінші, жетінші, сегізінші және он бесінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады