Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 478 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарында:
кестеде:
"Күтілетін нәтижелер:" деген бөлімдегі 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) авиациялық техникамен қамту аймағын 38,8 %-дан 51,8 %-ға дейін ұлғайту (33-тен 44 бірлікке дейін);";
"Материалдық-техникалық жарақтандыру" деген бөлімдегі реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстарды орындау үшін, оның ішінде қаржылық лизинг тетігін пайдалана отырып, авиациялық техниканы сатып алу | қабылдау-беру актісі | 2024 жыл | ТЖМ, ӨҚМ, ҰЭМ | 110 881 076 | РБ |
2025 жыл | 19 361 552 | |||||
2026 жыл | 19 361 552 | |||||
2027 жыл | 57 999 380 |
";
"Қаржыландыру көлемі, мың теңге" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қаржыландыру көзі | 2023 | 2024 | 2025 | 2026 | 2027 | Жиыны |
Республикалық бюджет |
29306 | 201701 415 |
138929 | 134714 300 | 126106 802 | 630758414 |
Барлығы | 29306 135 | 201701 415 | 138929 762 | 134714 300 | 126106 802 | 630758414 |
";
"Аббревиатуралардың толық жазылуы:" деген бөлімдегі "ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |