"Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 478 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 9 тамыздағы № 641 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 478 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарында:

      кестеде:

      "Күтілетін нәтижелер:" деген бөлімдегі 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) авиациялық техникамен қамту аймағын 38,8 %-дан 51,8 %-ға дейін ұлғайту (33-тен 44 бірлікке дейін);";

      "Материалдық-техникалық жарақтандыру" деген бөлімдегі реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстарды орындау үшін, оның ішінде қаржылық лизинг тетігін пайдалана отырып, авиациялық техниканы сатып алу

қабылдау-беру актісі

2024 жыл

ТЖМ, ӨҚМ, ҰЭМ

110 881 076

РБ

2025 жыл

19 361 552

2026 жыл

19 361 552

2027 жыл

57 999 380

      ";

      "Қаржыландыру көлемі, мың теңге" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қаржыландыру көзі

2023

2024

2025

2026

2027

Жиыны

Республикалық бюджет

29306
135

201701 415

138929
762

134714 300

126106 802

630758414

Барлығы

29306 135

201701 415

138929 762

134714 300

126106 802

630758414

      ";

      "Аббревиатуралардың толық жазылуы:" деген бөлімдегі "ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады