Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 478 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қыркүйекте Жедел штабтың отырысында берген тапсырмаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 15 маусымдағы
№ 478 қаулысымен
бекітілген

Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары

      Кіріспе

      Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қыркүйекте Қостанай облысындағы табиғи өртті жою жөніндегі жедел штаб отырысында берген тапсырмаларына сәйкес әзірленді.

      Орта мерзімді перспективаға арналған кешенді жоспар халықты, объектілер мен аумақтарды төтенше жағдайлардан кешенді қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ азаматтық қорғау күштері мен құралдарының жедел ден қоюға әзірлігін арттыруды көздейді. Іс-шаралар Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ), Экология және табиғи ресурстар министрлігінің (бұдан әрі – ЭТРМ), жергілікті атқарушы органдардың (табиғат қорғау бөлімшелері) міндеттерін мынадай бағыттар бойынша іске асыруға мүмкіндік береді:

      1. "Материалдық-техникалық базаны нығайту";

      2. "Еңбек ресурстары және әлеуметтік қамсыздандыру";

      3. "ТЖМ объектілерін салу және реконструкциялау".

      Қазақстан Республикасының аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу-талдамалық ақпарат табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар санының өскенін куәландырып отыр: қауіпті гидрометеорологиялық және геологиялық құбылыстар (2019 ж. – 45, 2020 ж. – 104, 2021 ж. – 130, 2022 ж. – 150 ); табиғи өрттер (2019 ж. – 700, 2020 ж. – 831, 2021 ж. – 870, 2022 ж. – 928).

      Мемлекет экологиялық, экономикалық және әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, елдің орман қорын өрістетуде, ол 2019 – 2022 жылдар аралығындағы кезеңде 12 млн 938 мың гектардан 13 млн 635 мың гектарға дейін ұлғайды. Бұл ретте өткен жылы республика бойынша орман өрттерінің саны 50 жағдайға ұлғайды (751-ден 801 жағдайға дейін).

      Ағымдағы жағдайды талдау

      1. Материалдық-техникалық жарақтандыру

      ТЖМ бөлімшелерінің қарамағында әртүрлі функционалдық мақсаттағы 3875 бірлік автотехника, 119713 бірлік жабдық пен құрал-жабдық, 33 әуе кемесі бар.

      70 – 90 жылдары шығарылған 500 бірлікке жуық өрт сөндіру техникасы пайдалану ресурсын өтеген және есептен шығарылуға жатады. Соңғы 5 жылда тек 305 өрт сөндіру автомобилі сатып алынды, бұл ретте 621 бірлік техника есептен шығарылды.

      Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы 80 %-ды құрайды, оның 65 %-ы жаңартуды талап етеді.

      Республикалық жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерін шұғыл медициналық көмекпен қамтамасыз етумен қамту деңгейін арттыру мақсатында трассалық медициналық-құтқару пункттерінің инфрақұрылымын одан әрі кеңейту жоспарлануда.

      ТЖМ медициналық-құтқару көлігінің 44 бірлігінен небары 11-і медициналық жабдықпен жарақтандырылған, толық көлемде шұғыл медициналық көмек көрсету, эвакуациялау немесе тасымалдау кезеңінде зардап шеккен адамның денсаулық жағдайына қадағалау жүргізу мүмкіндігі жоқ (40 бірлік реанимобильдің 26-сы 100 %-ға тозған, 14 бірлігінде – 95 %-ды құрайды). Зақымдалған автокөліктен зардап шеккендерді босатып шығаруға арналған авариялық-құтқару жабдықтарымен жарақталған медициналық-құтқару көлігі жоқ.

      ТЖМ әуе кемелері еліміздің 14 ірі қаласында ғана орналасқан, бұл шұғыл медициналық көмек көрсету, зардап шеккендерді құтқару, жеке құрам мен жабдықты ірі төтенше жағдайлар туындаған жерге жеткізу жөніндегі арнайы міндеттерді шешу үшін жедел ден қою мүмкіндігін айтарлықтай қысқартады.

      Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 63 сейсмикалық станцияда жабдықтың негізгі бөлігі моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген. Жабдықтардың болмауына байланысты 6 сейсмикалық станция консервацияланған, ал 30-ы жаңғыртуды қажет етеді. Материалдық-техникалық жарақтандыру тиесілілік нормасының 25 %-ын құрайды.

      Ел халқын техникалық құлақтандыру құралдарымен қамту 40,9 %-ды (1781 бірлік), ТЖМ бөлімшелерінің қарамағында 1615 дабылды-сөйлеу құрылғыларын орталықтандырылған іске қосу және дыбыстық хабарламаларды тарату мүмкіндігі бар 63 басқару пульті бар. Халықты құлақтандырудың мобильді кешендері еліміздің 20 өңірінің 16-да қолданылады. Цифрлық байланыс құралдарымен жарақтандыру жалпы қажеттіліктің 40,2 %-ына жетеді.

      ЭТРМ деректері бойынша облыстардың орман мекемелерінің өрт сөндіру техникасымен және жабдықтарымен жарақтандырылуы 66,3 %-ды құрайды. Тиесілілік нормаларына сәйкес 4695 бірлік шағын орман өртін сөндіру кешені қажет, қолда 6143 бірлік бар, оның ішінде 2763 бірлік немесе 45 %-ы өзінің пайдалану мерзімін өтеген, қолда бар 957 бірліктен 334 (35 %) патрульдік машина, 6221 трактордан 2801 (45 %) есептен шығарылуға жатады.

      Ең нашар жабдықталған облыстар: Атырау – 24 %, Қызылорда – 33 %, Батыс Қазақстан – 47 %, Шығыс Қазақстан – 64 %.

      Орман өрттерімен күрес кезінде өрт сөндіру автомобильдері мен жабдықтарының жеткіліксіз саны байқалады, қолда бар 6186 өрт сөндіру автомобильдерінің 4714 бірлігі (45 %), 6189 бірлік өртке қарсы, ағаш отырғызатын тіркеме және аспалы жабдықтың 4725 бірлігі (75 %) есептен шығарылуға жатады.

      Табиғат қорғау мекемелерінің, атап айтқанда, арнайы көлік құралдарымен, өрт сөндіру автомобильдерімен, тіркеме және аспалы жабдықтары бар тракторлармен, өрт-бақылау мұнараларымен нашар материалдық-техникалық жарақтандырылуы, пилотсыз аппараттардың, роботтандырылған техниканың, орман өрттерін ерте анықтау жүйелерінің болмауы мемлекеттік орман қорында орман өрттерін толық шамада жедел анықтауға және оларды сөндіруге кірісуге мүмкіндік бермейді.

      Проблемалық мәселелер:

      азаматтық қорғау органдарының, табиғат қорғау және орман мекемелерінің төмен материалдық-техникалық жарақтандырылуы;

      өртті ерте анықтау жүйелері орнатылған, өрт-бақылау мұнараларының жетіспеушілігі;

      пилотсыз ұшу аппараттарының роботтандырылған техниканың жеткіліксіздігі;

      облыстарды құлақтандырудың техникалық құралдары кешенін енгізу қажеттілігі;

      өрт сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы техниканың жетіспеушілігі.

      2. Еңбек ресурстары және әлеуметтік қамсыздандыру

      Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері олардың өміріне, денсаулығына ұдайы қауіп төндіретін жоғары дене және психологиялық жүктеме жағдайында қызмет өткеріп, өз жұмысын жүзеге асырады және тәулік бойы жауынгерлік әзірлікте болады.

      Халықты төтенше жағдайлардан қорғауды толыққанды қамтамасыз ету, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, жедел ден қоюды арттыру, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін штат санын ұлғайту және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне әлеуметтік пакет ұсыну қажет.

      Штат саны нормативтеріне (Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің бұйрықтары) сәйкес жұмыс істеп тұрған бөлімшелердің штат санының жеткіліксіздігіне байланысты ішкі қайта бөлу есебінен еңбек ресурстарымен жасақтау мүмкін болмай отыр.

      Проблемалық мәселелер:

      тұрғын үй төлемдерінің болмауы;

      көтерме жәрдемақылардың болмауы;

      кадрлардың тұрақтамауы;

      азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерге арналған үстемеақылардың болмауы;

      штат санының жеткіліксіздігі.

      3. ТЖМ объектілерін салу және реконструкциялау

      Ел аумағын өрттен қорғауды ТЖМ-ның 422 өрт сөндіру депосы жүзеге асырады (оның ішінде 130 өрт сөндіру депосы жаңғыртуды талап етеді).

      317 елді мекен өрттен қорғаумен қамтамасыз етілді, қосымша 121 өрт сөндіру депосын салу талап етіледі.

      Халық саны 10 мың адамды құрайтын және одан асатын 188 елді мекеннің (88 қала, 100 ауыл) тек 150-де мемлекеттік өртке қарсы қызмет бар. Халық саны 5-тен 10 мың адамға дейінгі 195 ауылдық елді мекеннің 85-нде (44 %) мемлекеттік өртке қарсы қызмет жоқ.

      Туристік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, туристік қызығушылық орындарын дамыту, сыртқы және ішкі туристік ағынның өсуі оған қауіпсіз инфрақұрылымды қалыптастыруға ықпал етеді. Көлдер мен өзендер жағалауында жаңа құтқару станцияларын пайдалануға беру тұрақты тұратын халықтың, курорттық аймақтарға келетін туристердің тиісінше қауіпсіздігін және курорттық аймақтарды төтенше жағдайлардан қорғауды уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      ТЖМ Азаматтық қорғау академиясында оқитын курсанттар санитариялық нормаларға сәйкес келмейтін 1979 жылы салынған бейімделген жатақхана ғимаратында тұрады. Ғимараттың техникалық жағдайы курсанттарды толыққанды орналастыруға және білім беру процесін ретке келтіруге мүмкіндік бермейді.

      Проблемалық мәселелер:

      өртке қарсы қорғау және құтқару станцияларының дамымаған инфрақұрылымы;

      Азаматтық қорғау академиясы объектілерінің санитариялық нормаларға сәйкес келмеуі (тозуы – 100 %);

      республикалық жолдардың неғұрлым авариялық-қауіпті учаскелерінде трассалық медициналық-құтқару пункттері инфрақұрылымының жеткіліксіздігі;

      ТЖМ объектілерін реновациялаудың болмауы.

      Күтілетін нәтижелер:

      Ескерту. Бөлімге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 09.08.2024 № 641 қаулысымен.

      Материалдық-техникалық жарақтандыру

      Ең жаңа техникамен, жабдықтармен, құрал-жабдықтармен жарақтандыру, пилотсыз ұшу аппараттарын, роботтандырылған жүйелерді сатып алу және пайдалану. Төтенше жағдайлардың барлық түрлеріне шұғыл және жедел ден қоюды арттыру. Тұтануды ерте анықтау, орман өрттерінің ауданын азайту, заңсыз ағаш кесу жағдайларын азайту және салдары ретінде қоршаған ортаға келтірілетін залалдың азаюы.

      Еңбек ресурстары және әлеуметтік қамсыздандыру

      Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, ТЖМ әскери қызметшілерінің штат санын және оларды әлеуметтік қорғау шараларын енгізу бойынша сараланған кезеңдік тәсілді енгізу.

      ТЖМ объектілерін салу және реконструкциялау

      Өрт сөндіру деполары мен суда құтқару станцияларының жаңа кешендерін салу есебінен төтенше жағдайлардан болатын қатерлерді азайту, халықтың, объектілердің және ел аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қабылданып жатқан шаралар шұғыл медициналық көмек көрсету деңгейін арттыруға, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді.

      Заманауи санитариялық нормаларға сәйкес келетін білім беру инфрақұрылымы объектілерін енгізу құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді даярлау деңгейіне, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу дағдыларын жаттықтыруға қолайлы әсер етеді.



Р/с № Атауы Аяқтау нысаны Орындау мерзімі Жауапты орындаушылар Қаржыландыру көлемі (мың теңге) Қаржыландыру көздері
1 2 3 4 5 6 7

Күтілетін нәтижелер:
1) мемлекеттік орман қорының орман өрттерінен қорғалу деңгейін 40 %-ға арттыру;
2) азаматтық қорғау органдарының бөлімшелері қорғайтын елді мекендер санын ұлғайту (317-ден 323-ке дейін) – 82 %-дан 84 %-ға дейін;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ден қою уақытын 15 минуттан 13 минутқа дейін төмендету;
4) авиациялық техникамен қамту аймағын 55 %-дан 81 %-ға дейін ұлғайту (33-тен 49 бірлікке дейін);
5) көлік құралдарының санын 66,8 %-дан 85,3 %-ға дейін (3345-тен 4274 бірлікке дейін) ұлғайту;
6) жабдықтармен және құрал-жабдықтармен жарақтандыруды 44,4 %-дан 68,7 %-ға дейін (216386-тен 334433 бірлікке дейін) ұлғайту;
7) орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің табиғат қорғау және орман мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыруды 100 %-ға дейін жеткізу;
8) табиғат қорғау мекемелерін орман өрттерін ерте анықтау жүйесімен қамтуды 15 %-ға дейін жеткізу;
9) заманауи техникалық ақпарат беру және құлақтандыру құралдарын енгізу арқылы халықты құлақтандырумен қамтуды 19 %-дан 49 %-ға дейін ұлғайту (1714-тен 4339 бірлікке дейін)

Материалдық-техникалық жарақтандыру

1

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстарды орындау үшін көлік құралдары мен арнайы инженерлік техниканы сатып алу

қабылдау-
беру актісі

2023 жыл

ТЖМ, ҰЭМ

9 714 120

РБ

2024 жыл

37 854 371

2025 жыл

23 033 154

2026 жыл

22 599 721

2027 жыл

19 241 194

2

Халықты қорғауға, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға (оның ішінде тексеріп байқау және мониторинг) және оларды жоюға арналған жабдықтар сатып алу

қабылдау-
беру актісі

2023 жыл

ТЖМ, ҰЭМ

377 700

РБ

2024 жыл

10 896 999

2025 жыл

10 064 549

2026 жыл

9 665 238

2027 жыл

6 730 099

3

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша, оның ішінде пилотсыз ұшу аппараттарының, роботтандырылған техниканың жұмыстарын орындау үшін жабдықтар сатып алу

қабылдау-
беру актісі

2023 жыл

ТЖМ, ИИДМ, ҰЭМ

1 719 200

РБ

2024 жыл

3 488 307

2025 жыл

4 098 466

2026 жыл

2 884 654

2027 жыл

3 600 334

4

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстарды орындау үшін, оның ішінде қаржылық лизинг тетігін пайдалана отырып, авиациялық техниканы сатып алу

қабылдау-беру актісі

2024 жыл

ТЖМ, ӨҚМ, ҰЭМ

110 881 076

РБ

2025 жыл

19 361 552

2026 жыл

19 361 552

2027 жыл

57 999 380

5

Табиғат қорғау мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету (арнайы көлік құралдары мен бейімдемелерді, сондай-ақ өрттерді ерте анықтау жүйелері орнатылған өрт-бақылау мұнараларын сатып алу)

қабылдау-
беру актісі

2023 жыл

ЭТРМ, ҰЭМ

13 373 668

РБ

2024 жыл

9 113 299

2025 жыл

8 680 367

2026 жыл

8 987 630

2027 жыл

8 202 451

қабылдау-
беру актісі

2023 жыл

ЖАО

-

РБ

2024 жыл

7 578 584

2025 жыл

6 332 916

2026 жыл

3 972 582

2027 жыл

2 314 255

Еңбек ресурстары және әлеуметтік қамсыздандыру

6

Премьер-Министрдің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 27 өкімімен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы әзірлеген тәсілдерді ескере отырып, арнайы атақтар берілген азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру

НҚА сәйкес төлемдерді жүзеге асыру

2023 жыл

ТЖМ, ҰЭМ

-

РБ

2024 жыл

11 440 084

2025 жыл

22 880 167

2026 жыл

22 880 167

2027 жыл

22 860 167

7

Басқа жерге көшумен байланысты қызмет бабы бойынша ауысқан кезде арнайы атақтар берілген азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне көтерме жәрдемақы төлеу, сондай-ақ өз мүлкін тасымалдағаны үшін шығындарды өтеу

НҚА сәйкес төлемдерді жүзеге асыру

2023 жыл

ТЖМ, ҰЭМ

117 132

РБ

2024 жыл

117 619

2025 жыл

118 016

2026 жыл

118 016

2027 жыл

118 016

8

Әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы, терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде, қарулы қақтығыс жағдайында, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде міндеттерді орындау кезінде арнайы атақтар берілген азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің қызмет ету мерзімін үш еселенген ақшалай қамтылым мөлшерінде жеңілдікті есептеу және өтілді бір күнге үш күн есебінен есептеу

НҚА сәйкес жеңілдікті есептеу

2023 жыл

ТЖМ, ҰЭМ
 

756 152

РБ

2024 жыл

756 152

2025 жыл

767 111

2026 жыл

767 111

2027 жыл

767 111

9

Құтқарушыларға денсаулығына және өміріне зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы енгізу – лауазымдық айлықақыдан 70 %

НҚА сәйкес төлемдерді жүзеге асыру

2023 жыл

ТЖМ, Еңбекмині, ҰЭМ, ДСМ

2 047 874

РБ

2024 жыл

2 438 543

2025 жыл

2 905 794

2026 жыл

2 905 794

2027 жыл

2 905 794

10

Жаңадан пайдалануға берілетін объектілер үшін штат санын ұлғайту және саны шағын өрт сөндіру бөлімдерін жасақтау мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ұсыныстар

2023 – 2024 жылдар

ТЖМ, ҰЭМ

-

-

ТЖМ объектілерін салу және реконструкциялау

11

1) Мына:
модульдік және үлгілік өрт сөндіру деполары;
жедел-құтқару бөлімшелерінің модульдік ғимараттары;
Азаматтық қорғау академиясының объектілері;
селден қорғау құрылыстары объектілерін салу;
2) трассалық медициналық-құтқару пункттерін құру;
3) ТЖМ объектілерін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

ТЖМ, ҰЭМ

61 580

РБ

2024 жыл

7 092 647

2025 жыл

40 683 211

2026 жыл

40 560 081

2027 жыл

1 368 001

12

ТЖМ объектілерін күрделі жөндеу

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

ТЖМ

1 138 709

РБ

2024 жыл

43 733

2025 жыл

4 459

2026 жыл

11 754

2027 жыл

-

      Ескертпелер:

      * республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін және республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің мүмкіндіктерін ескере отырып, тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде нақтыланатын болады. Бұл ретте шығыстар тиісті жылдарға ұсынылатын іс-шаралардың өзекті есеп-қисаптарына, басымдықтары мен құнына сүйене отырып түзетілуі мүмкін.

      Қаржыландыру көлемі, мың теңге

Қаржыландыру көзі

2023

2024

2025

2026

2027

Жиыны

Республикалық бюджет

29306
135

201701 415

138929
762

134714 300

126106 802

630758414

Барлығы

29306 135

201701 415

138929 762

134714 300

126106 802

630758414



      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ДСМ

- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЖАО

- жергілікті атқарушы органдар

ӨҚМ

- Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

НҚА

- нормативтік құқықтық акт

РБ

- республикалық бюджет

ТЖМ

- Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

ҰЭМ

- Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЭТРМ

- Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады