Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сьерра-Леоне Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сьерра-Леоне Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 734 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сьерра-Леоне Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім
Бұдан әрі жеке-жеке Тарап және бірге Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сьерра-Леоне Республикасының Үкіметі
екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ұмтыла отырып,
Қазақстан Республикасы мен Сьерра-Леоне Республикасының азаматтары – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерінің екі мемлекет арасындағы өзара сапарларын жеңілдетуді қалай отырып,
өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес әрекет ете отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Бір Тарап мемлекетінің азаматтары – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағында алғаш келген күннен бастап күнтізбелік 180 (жүз сексен) күндік кезең ішінде жиыны күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге визасыз көп мәрте келуге, транзитпен өтуге және болуға құқылы.
Тараптардың бірінің мемлекетінің азаматтары – екінші Тарап мемлекетінің аумағында дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің қызметкері ретінде қызметтік іссапарда жүрген жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына өздері аккредиттелген кезеңге визасыз келе алады, онда бола алады және одан кете алады.
Тараптардың әрқайсысының мемлекеттері азаматтарының дипломатиялық және қызметтік паспорттары екінші Тарап мемлекетінің аумағына келген күннен бастап кемінде 6 (алты) айға жарамды болуға тиіс
1. Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтарының – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерінің екінші Тарап мемлекетінің аумағына келуі, транзиті және кетуі екі мемлекеттің халықаралық қатынас үшін ашық ресми өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады.
2. Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағында болған кезеңде 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының және 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының ережелеріне залал тигізбей, осы Тарап мемлекетінің қолданыстағы ұлттық заңнамасын сақтауға міндетті.
Тараптардың әрқайсысында келуін өзі қоштамайтын екінші Тарап мемлекеті азаматтарының – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерінің өз мемлекетінің аумағына келуіне рұқсат беруден бас тарту не болу мерзімін қысқарту құқығы сақталады.
1. Тараптардың әрқайсысы ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті немесе қоғамдық денсаулықты қамтамасыз ету мақсатында осы Келісімнің қолданысын уақытша, ішінара немесе толық тоқтатып қоя алады.
2. Осы Келісімнің қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ оның қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдаған Тарап ол күшіне енгенге дейін кемінде 72 (жетпіс екі) сағат бұрын екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы өзінің осындай шешімі туралы хабардар етеді. Осы Келісімнің қолданылуын тоқтата тұру екінші Тарап мемлекетінің аумағында жүрген, осы Келісімнің 1 және 2-баптарында аталған Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтарының құқықтарын қозғамайды.
Тараптар осы Келісімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде дипломатиялық арналар арқылы жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың үлгілерімен алмасады. Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық және қызметтік паспорттарға өзгерістер енгізілген жағдайда олар қолданылатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын бұл туралы екінші Тарапты хабардар етуге міндетті.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде туындайтын кез келген келіспеушілік немесе дау Тараптар арасындағы консультациялар немесе келіссөздер арқылы шешіледі.
Осы Келісімге өзара келісім бойынша осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жекелеген хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің 10-бабының 1-тармағына сәйкес күшіне енеді.
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.
2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі екінші Тараптың оның қолданысын тоқтату ниеті туралы тиісті жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап 6 (алты) ай өткенге дейін күшінде қалады.
202__ жылғы " "_______ _______ қаласында әрқайсысы қазақ және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің мәтіндерінің арасында алшақтық туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Сьерра-Леоне Республикасының(Үкіметі үшін |