2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға хаттар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 751 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.  Қоса берiлiп отырған 2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға хаттар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Ермекұлы Омаровқа 2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға хаттар алмасу нысанындағы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 751 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

      Астана қ., 2024 жылғы "__" ________

      Жоғары мәртебелі,

      2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының өтініші бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі UNDOF күштерінің резервтік ротасы үшін өз мандатын орындауға персоналды, негізгі жабдықты және өзін-өзі қамтамасыз ету құралдарын беруге келіскенін құрметпен хабарлаймын.

      1. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

      а) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің банктік шотына персоналға қатысты өтеу туралы талапты;

      б) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң банктік шотына негiзгi жабдыққа және өзiн-өзi қамтамасыз ету құралдарына қатысты өтеу туралы талапты өтейді.

      2. Банктік деректемелер жөніндегі бойынша ақпарат дипломатиялық арналар арқылы жіберіледі.

      Осы хат пен Сіздің жауабыңыз Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға хаттар алмасу нысанындағы келісімді құрасын деп ұсыну құрметіне ие болып отырмын, ол Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан Республикасының оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

      Мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары мәртебелі, өзіңізге деген зор ілтипатымды қабыл алыңыз.

      Қ. Омаров
      Жоғары мәртебелі
      Бас хатшының жедел қолдау жөніндегі орынбасары
      A. Харе мырзаға

      Нью-Йорк қ., 2024 жылғы "__" ________

      Жоғары мәртебелі,

      Бүгін, 2024 жылғы "___" _____, Сіздің №____ хатыңыз алынғанын құрметпен хабарлаймын.

      БҰҰ атынан персонал, негізгі жабдық және өзін-өзі қамтамасыз ету құралдары үшін шығыстарды өтеу туралы уағдаластықты, сондай-ақ Жоғары мәртебелі, Сіздің жоғарыда көрсетілген хатыңыз және осы хат БҰҰ-ның бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға хаттар алмасу нысанындағы келісімді құрайтынын растау құрметіне ие болып отырмын.

      Мүмкіндікті пайдалана отырып, өзімнің ілтипатыма тағы да сендіремін.

      А. Харе
      Жоғары мәртебелі
      Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы
      Тұрақты өкілі
      Қ. Омаров мырзаға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады