Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 148-3) тармақшамен толықтырылсын:
"148-3) мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібін әзірлеу және бекіту;";
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесінде:
реттік нөмірі 11-жол алып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:
реттік нөмірі 16-8-жол алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |