"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 811 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) органикалық өнім өндірісі және айналымы;";

      15-тармақта:

      4) тармақшаның он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "органикалық өнім өндірісі және айналымы;";

      52) тармақшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау кезінде келтірілген шығыстардың бір бөлігін;";

      350) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "350) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;";

      352) және 353) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "352) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      353) органикалық өнім өндіру кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді;

      354) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 354-1), 354-2), 354-3) және 354-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "354-1) органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізеді;

      354-2) органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      354-3) органикалық өнімді есепке алу және қадағалау жүйесін жүргізеді;

      354-4) органикалық өнім өндірушілерге ақпараттық, ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетуді ұйымдастырады;";

      508) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "508) сәйкестікті растау жөніндегі органдар беретін деректер негізінде органикалық өнім өндірушілер тізілімін жүргізеді;".

      2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының тоғызыншы және он тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, 2024 жылғы 12 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады