Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесі мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен əскери бөлімдері.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |