Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс.";
мынадай мазмұндағы 206-2) тармақпен толықтырылсын:
"206-2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке тұлғалардың петицияларын қарау;";
мынадай мазмұндағы 229-38), 229-39), 229-40), 229-41), 229-42), 229-43), 229-44), 229-45), 229-46), 229-47) және 229-48) тармақшалармен толықтырылсын:
"229-38) адам саудасы құрбандарын әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіру;
229-39) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерімен, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасау;
229-40) адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру жөніндегі, оның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлердің алдын алу, оларды бағалау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттау жөніндегі жұмысты үйлестіру және жүзеге асыру;
229-41) Қазақстан Республикасының адам саудасы құрбандарын әлеуметтік қорғау және оларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы заңнамасын қолдану практикасын жинақтау, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
229-42) адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметкерлерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
229-43) адам саудасына қарсы іс-қимылды жүзеге асыру процесінде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
229-44) жұртшылықты адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің нәтижелері туралы хабардар ету;
229-45) адам саудасына қарсы іс қимыл саласындағы қауіп-қатерлерді бағалауды жүргізу қағидаларын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп бекіту;
229-46) адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттау тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп және адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы өзге де мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекіту;
229-47) Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп бекіту;
229-48) Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережені Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп бекіту;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |