Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 831 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қызылорда облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі", "Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі", "Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі", "Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі" және "Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі – мекемелер) жалпы ауданы 51,3574 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Қызылорда облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерiнің магистралдық құбыржол салу үшін "Бейнеу-Шымкент газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Серіктестік (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын республикалық бюджет кірісіне өтесін, екпелер кесілген жағдайда алынған сүректі мекемелердің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 9 қазандағы
№ 831 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жер учаскелерінің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы ауданы,
гектар

оның ішінде:

орман
көмкерген

орман
көмкермеген

жайылымдар

өзге жерлер

Қызылорда облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі", "Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі", "Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі", "Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі" және "Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемелері

51,3574

18,6202

25,7437

4,5043

2,4892

Барлығы:

51,3574

18,6202

25,7437

4,5043

2,4892


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады