ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 444-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген өздеріне қатысты төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, бірақ ерте дегенде 2025 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 887 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысымен бекітілген |
Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесі
Р/с № | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды* | Тауардың атауы |
1 | 2 | 3 |
1 | 2207 10 000 0 | спирт концентрациясы 80 көлемдік % немесе одан жоғары денатуратталмаған этил спирті |
2 | 2208 20 120 0 | сыйымдылығы 2 литр немесе одан аз құтыларда жүзім шарабын дистиляциялау немесе жүзімді сығу нәтижесінде алынған спиртті тұнба, коньяк (Cognac) |
3 | 2208 60 110 0 | сыйымдылығы 2 литр немесе одан аз құтылардағы спирт концентрациясы 45,4 көлемдік % немесе одан кем арақ |
4 | 2208 90 990 0 | сыйымдылығы 2 литрден астам ыдыстардағы спирт концентрациясы 80 көлемдік %-дан аз денатуратталмаған этил спирті |
5 | 0407 21 000 0 | құс жұмыртқасы, қабықтағы, жаңа, үй тауықтарының (Gallus domesticus) |
6 | 1101 00 150 | жұмсақ бидайдан және спельтадан алынған бидай ұны |
7 | 1001 19 000 0 | қатты бидай, өзгелері |
8 | 1001 99 000 0 | бидай, өзгелері |
1 | 2 | 3 |
9 | 1512 19 900 2 | өзге күнбағыс майлары және оның фракциялары нетто-көлемі 10 литр немесе одан аз бастапқы қаптамада |
10 | 2102 10 310 0 | белсенді наубайхана ашытқысы, құрғақ |
11 | 2102 10 390 0 | белсенді наубайхана ашытқысы, өзгелері |
Ескертпе:
*Ең төмен бағалар деңгейін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген.