Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер, уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.";
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер, уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілермен және нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;";
51-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"51-1) ғылыми-техникалық кеңесті құрады және оның ережесін бекітеді;";
243) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"243) орталықтандырылған сауда нарығының операторын айқындайды;";
244) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 246-1) тармақшамен толықтырылсын:
"246-1) гибридті топтардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
250) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"250) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
252) және 253) тармақшалар алып тасталсын;
255) тармақша алып тасталсын;
263) және 264) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"263) энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
264) энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекітеді;";
287) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"287) электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
290) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"290) жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 290-1), 290-2), 290-3), 290-4), 290-5), 290-6), 290-7), 290-8), 290-9), 290-10), 290-11), 290-12), 290-13), 290-14), 290-15), 290-16), 290-17), 290-18), 290-19), 290-20), 290-21) және 290-22) тармақшалармен толықтырылсын:
"290-1) жылу энергиясын өндіру және тасымалдау бөлігінде жылу энергетикасының түйінді көрсеткіштерін әзірлейді;
290-2) жылу энергиясын өндіру және тасымалдау бөлігінде жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;
290-3) тиісті уәкілетті органдар әзірлеген, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер, жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, өткізу және тұтыну секторлары, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жылу энергетикасының түйінді және нысаналы көрсеткіштерін бекітеді;
290-4) орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
290-5) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялау мен жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
290-6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялау мен жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
290-7) жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялау мен жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды жүзеге асырады;
290-8) жылумен жабдықтау субъектілерінің қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асырады;
290-9) жылумен жабдықтау субъектілерінің қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
290-10) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді;
290-11) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің жылу энергетикасы объектілері мен олардың құрамына кіретін ғимараттардың, үй-жайлардың, құрылысжайлар мен жабдықтың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
290-12) жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
290-13) жылумен жабдықтау субъектілері мен жылу энергиясын тұтынушылардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
290-14) жылумен жабдықтауды дамыту схемаларын әзірлеу мен бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
290-15) өндірістік бақылау туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
290-16) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
290-17) жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
290-18) қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының нысанын бекітеді;
290-19) тексерулердің жылдық тізімінің нысанын және тексерулер тізімінің нысанын бекітеді;
290-20) тексеруді тағайындау туралы актінің, тексеру нәтижелері туралы актінің, тексеруді ұзарту туралы актінің, тексеруді тоқтата тұру туралы актінің, тексеруді қайта бастау туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын бекітеді;
290-21) жұмыстан тыс уақытта тексеруді жүргізу туралы бұйрықтың нысанын бекітеді;
290-22) анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысанын бекітеді;";
303) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"303) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарттарды әзірлейді және бекітеді;";
314) және 315) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"314) электр энергиясын беру саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;
315) электр энергиясын беру саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 315-1) тармақшамен толықтырылсын:
"315-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
336) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"336) көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен береді, сондай-ақ әзірлік паспортын алу үшін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалғанын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;";
341) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"мыналарды:
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын, сондай-ақ энергетикалық жабдықты пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуын;
энергетикалық жабдықты, электр станцияларын, электр желілерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуын;
электр энергиясын өндірудің, берудің, жабдықтаудың және тұтынудың сенімділігі мен қауіпсіздігін;
техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін тексеруден өтпеген жұмыскерлердің электр қондырғыларында жұмыс істеуге жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін;
энергия өндіруші ұйымдардың (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдардың және жүйелік оператордың, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңге даярлығын және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуін мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 341-1), 341-2), 341-3), 341-4), 341-5) және 341-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"341-1) энергетикалық жабдықты пайдалану және оның техникалық жай-күйі, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бөлігінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қашықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі мен "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырады;
341-2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру, электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
341-3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына сәйкес электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
341-4) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінде:
Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын, сондай-ақ жылу энергетикасы объектілерін пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуын;
жылу энергетикасы объектілерін және олардың құрамына кіретін ғимараттарды, үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықты қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуын;
жылумен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігін, жылумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігін;
техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген жұмыскерлердің жұмысқа жіберілмеуін немесе одан шеттетілуін;
жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің дайындығы мен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде жүзеге асырылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
341-5) жылу энергетикасы объектілерін пайдалану және оның техникалық жай-күйі, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілер бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес – қашықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі мен "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырады;
341-6) технологиялық бұзушылықтар сыныптамасын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 343-1) тармақшамен толықтырылсын:
"343-1) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының талаптарына сәйкес еместігі туралы ақпаратты жібереді;";
мынадай мазмұндағы 344-1) тармақшамен толықтырылсын:
"344-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жылу энергетикасы объектілері мен жылу желілерінің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, жаңартып отыруды және жариялауды қоса алғанда, жылу энергетикасының жай-күйін ұдайы мониторингтеуді жүзеге асырады;";
351) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"351) энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға жұмсалатын шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
354) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"354) басым тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі қуатының көлемі мен орналасатын жерін келіседі;";
мынадай мазмұндағы 361-1) және 361-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"361-1) тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекітеді;
361-2) тіркелген тарифтерді бекітеді;";
373) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 378-1) және 378-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"378-1) нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сатудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
378-2) ауқымы шағын объектілерді электр желілеріне қосу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".
2. Осы қаулы:
1) 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жетпіс жетінші және жетпіс сегізінші абзацтарын;
2) 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың қырық екінші және қырық үшінші абзацтарын;
3) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жиырма жетінші, жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы абзацтарын;
4) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың қырқыншы абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы қаулының 1-тармағының сексен бірінші және сексен екінші абзацтарының редакциясы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"351) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
351) жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және суды (дистиллятты), электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың залалын (борышын) субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |