"Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 933 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарында:

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері: жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарды тауарлық газбен қамтамасыз ететін және осы тармақшаның өлшемшарттарына сай келетін газ бөлу станциялары; электр (50 МВт жоғары) және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар, орталықтандырылған жылумен жабдықтау (100 Гкал жоғары) (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, ЖЭО, МАЭС, ГЭС, ГТЭС, ЖЭС және қазандықтар) аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтар, жүйелік оператордың 220 кВ және одан жоғары кіші станциялары; ауызсумен жабдықтау объектілері – саны 5000 (бес мың) адамнан асатын су тұтынушыларға ауызсу беруді қамтамасыз ететін су тарту құрылыстары;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады