"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 2-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тіркелген тарифтер мен аукциондық бағаларды индекстеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 1063 қаулысымен бекітілген |
Тіркелген тарифтерді және аукциондық бағаларды индекстеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тіркелген тарифтерді және аукциондық бағаларды индекстеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тіркелген тарифтер мен аукциондық бағаларды индекстеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;
2) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – уәкілетті орган айқындаған, Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға;
3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының электр энергиясын сатып алу шарты (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алу шарты) – сатып алушы ретінде әрекет ететін қаржы-есеп айырысу орталығы мен сатушы ретінде әрекет ететін энергия өндіруші ұйым арасында жасалатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шарты;
4) қазақстандық кремний (Kaz PV) негізіндегі фотоэлектрлік модульдер –Қазақстан Республикасында орналасқан кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген кремний пайдаланылып жасалған фотоэлектрлік модульдер;
5) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, өз құзыреті шегінде әкімшілік деректердің сапасын айқындайтын мемлекеттік орган;
6) тіркелген тариф – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;
7) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) шекті аукциондық баға – электр энергиясына аукциондық бағаның ең жоғары шамасы;
9) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы – уәкілетті орган айқындайтын, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен электр энергиясының жоспарлы көлемін орталықтандырылған сатып алуды және орталықтандырылған сатуды жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
10) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алу шарты (бұдан әрі – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатып алу шарты) – сатып алушы ретінде әрекет ететін электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мен сатушы ретінде әрекет ететін энергия өндіруші ұйым арасында жасалатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шарты.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген ұғым Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 644 қаулысымен бекітілген қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын күн электр станцияларының жобалары үшін тіркелген тариф бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен қаржы-есеп айырысу орталығы жасасқан сатып алу шарттарына қатысты қолданылады.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен сатып алу-сату шарттарында көзделген тіркелген тарифтер және аукциондық бағалар жыл сайын осы Қағидаларда көзделген тәртіппен индекстеледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында қолдау көзделген жаңартылатын энергия көздерінің түріне, жобаны қаржыландыру құрылымына және экономикалық негізділігіне қарай тіркелген тарифтер осы Қағидаларда көзделген тәртіппен ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбас бағамының өзгеруі ескеріліп, жыл сайын индекстелуге тиіс.
2-тарау. Тіркелген тарифтерді индекстеу тәртібі
4. Күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын, жиынтық қуаты 37 МВт күн электр станцияларының жобасы үшін тіркелген тарифтерді қоспағанда, тіркелген тарифтер инфляция ескеріліп, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:
Тt+1 = Тt * ТБИ, мұндағы:
Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, бүтін тиынға дейін азайтылып дөңгелектелетін индекстелген тіркелген тариф;
Тt – егер мұндай индекстеу бұрын жүргізілген болса, бұрын жүргізілген индекстеу ескерілген, қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартын жасасқан күні қолданыста болған тіркелген тариф;
ТБИ — мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазанның алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағаларының индексі.
5. Күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын, жиынтық қуаты 37 МВт күн электр станцияларының жобасы үшін тіркелген тарифтер инфляция ескеріліп, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:
, мұндағы:
Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, бүтін тиынға дейін азайтылып дөңгелектелетін индекстелген тіркелген тариф;
Тt – егер мұндай индекстеу бұрын жүргізілген болса, бұрын жүргізілген индекстеу ескерілген, қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартын жасасқан күні қолданыста болған тіркелген тариф;
ТБИ – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазанның алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағаларының индексі.
6. Ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға қатысты айырбас бағамы өткен жылмен салыстырғанда 25 %-дан бастап және одан жоғары өзгеретін болса, күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын, жалпы қуаты 37 МВт күн электр станциялары жобаларын қоспағанда, шетел валютасында кредиттік міндеттемелері бар жобалар үшін тіркелген тарифтер инфляцияны және ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға қатысты айырбас бағамының өзгеруі ескеріліп, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:
, мұндағы:
Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, бүтін тиынға дейін азайтылып дөңгелектелетін индекстелген тіркелген тариф;
Тt – егер мұндай индекстеу бұрын жүргізілген болса, бұрын жүргізілген индекстеу ескерілген, қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартын жасасқан күні қолданыста болған тіркелген тариф;
ТБИ – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазан алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағаларының индексі;
валютаt+1 – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларының (бұдан әрі – Ресми бағамды белгілеу қағидалары) 2-тармағына сәйкес индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша теңгенің шетел валютасына қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын қолданыстағы бағамы;
валютаt – Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес шетел валютасына қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін күннің алдындағы он екі ай кезеңге есептелген теңгенің орташа бағамы.
7. Тіркелген тарифтерді индекстеу есебін электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жыл сайын 10 қазанға дейін жүзеге асырады.
8. Тіркелген тарифтерді индекстеу есебін және индекстелген тіркелген тарифтерді электр энергиясын бірыңғай сатып алушы өзінің ресми интернет-сайтында тиісті жылғы 15 қазаннан кешіктірмей жариялайды.
9. Тіркелген тарифке индекстеуді алғаш рет қолдану осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын беру басталғаннан кейін күнтізбелік бір жылдан кешіктірмей жүргізіледі.
10. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы индекстелген тіркелген тарифтерді жылына екі рет: қаржы-есеп айырысу орталығына немесе электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға қаңтар-маусым аралығындағы кезеңде электр энергиясын бере бастаған жаңартылатын энергия көздері объектілері үшін 1 шілдеден бастап және қаржы-есеп айырысу орталығына немесе электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға шілде-желтоқсан аралығындағы кезеңде электр энергиясын бере бастаған жаңартылатын энергия көздері объектілері үшін 1 қаңтардан бастап қолданылуға тиіс.
11. Қаржы-есеп айырысу орталығы белгілеген тариф бойынша электр энергиясын сатып алудың қолданыстағы шарты бар өтініш берушінің электр энергиясын бірыңғай сатып алушының атына ресми хатпен жіберген шешімі негізінде құрылысы Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылған судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын гидроэлектростанциялар үшін мынадай формула бойынша құрылыс кезеңіне біржолғы индекстеу қолданылады:
мұндағы
Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген тіркелген тариф;
– қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартын жасасу күніне қолданыста болған тіркелген тариф;
валютаіске қосу – электр энергиясын коммерциялық есепке алудың тіркелген автоматтандырылған жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын беру жүзеге асырылып, кешенді сынақтар жүргізілген айдан кейінгі айдың бірінші күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша шетел валютасының теңгедегі құны;
валюта тірк – қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартын жасасқан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша шетел валютасының теңгедегі құны.
Осы тармаққа сәйкес тіркелген тарифті құрылыс кезеңіне біржолғы индекстеуді есептеу өтініш берушінің тиісті шешімі электр энергиясын бірыңғай сатып алушының мекенжайына келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте тіркелген тарифті құрылыс кезеңіне біржолғы индекстеуді қолдану құрылыс кезеңіне индекстеу есебі жүргізілген күннен кейінгі айдың 1-күнінен бастап жүргізіледі.
3-тарау. Аукциондық бағаларды индекстеу тәртібі
12. Аукциондық бағаны индекстеу осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектінінің құрылыс кезеңіне біржолғы индекстеуді және осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жыл сайынғы индекстеуді қамтиды.
Бұл ретте осы тармаққа сәйкес аукциондық бағаны жыл сайынғы индекстеуді алғаш рет қолдану құрылыс кезеңіне біржолғы индекстеу қолданылғаннан кейін күнтізбелік бір жылдан ерте жүргізілмейді.
13. Аукциондық бағалар инфляция ескеріліп, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:
Тt+1 = Тt * ТБИ, мұндағы:
Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген аукциондық баға;
Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, солар ескерілген аукциондық баға;
ТБИ – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазанның алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағаларының индексі.
14. Шетел валютасында кредиттік міндеттемелері бар жобалар үшін аукциондық бағалар инфляцияны және ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға қатысты айырбас бағамының өзгеруі ескеріліп, жылына бір рет, 1 қазандағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша индекстеледі:
, мұндағы:
Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген аукциондық баға;
Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, солар ескерілген аукциондық баға;
ТБИ – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазанның алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағаларының индексі;
валютаt+1 – Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша теңгенің шетел валютасына қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын қолданыстағы бағамы;
валютаt – Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес шетел валютасына қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін күннің алдындағы он екі ай кезеңге есептелген теңгенің орташа бағамы.
15. Аукциондық бағалар ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты айырбас бағамының өзгеруі ескеріліп, аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі жарияланған күннен бастап және қаржы-есеп айырысу орталығына немесе электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын жеткізу басталғанға дейінгі құрылыс кезеңіне біржолғы индекстелуге тиіс:
, мұндағы:
Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген аукциондық баға;
Таукц – аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша анықталған аукциондық баға;
валютаіске қосу – электр энергиясын коммерциялық есепке алудың тіркелген автоматтандырылған жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын беру жүзеге асырылып, кешенді сынақтар жүргізілген айдан кейінгі айдың бірінші күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша шетел валютасының теңгедегі құны;
валютааукц – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының веб-сайтында аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі жарияланған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша шетел валютасының теңгедегі құны.
16. Аукциондық бағалар жылына бір рет, 1 қазандағы жағдай бойынша жыл сайын индекстелуге тиіс. Жыл сайынғы индекстеу өтініш берушінің таңдауы бойынша мынадай екі формуланың бірі қолданылып жүргізіледі: не тұтыну бағалары индексі, не ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты айырбастау бағамының өзгеруі, шетел валютасының ресми бағамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес жарияланады.
Бұл ретте индекстеу формуласы электр энергиясын бірыңғай сатып алушы сатып алу шартын жасасқан кезде ол қолданылатын бүкіл кезеңге таңдалады. Таңдалған индекстеу формуласын өзгерту жыл сайынғы индекстеу өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей электр энергиясын бірыңғай сатып алушының атына ресми хатпен жіберілген өтініш берушінің шешімі негізінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатып алу шарты қолданылатын кезең ішінде бір рет жүргізіледі.
Кез келген шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның айырбас бағамының өзгеруіне индекстеу формуласы қолданылған жобалар үшін индекстеу формуласында таңдалған шетел валютасын өтініш берушінің шешімі бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатып алу шарты қолданылатын бүкіл кезеңде бір рет өзгертуге болады.
Индекстеу формуласында таңдалған шетел валютасын өзгерту кешенді сынақтар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей электр энергиясын бірыңғай сатып алушының атына ресми хатпен жіберілген өтініш берушінің шешімі негізінде жүргізіледі.
Тұтыну бағаларының индексіне индекстеу формуласы:
Тt+1 = Тt * ТБИ, мұндағы:
Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген аукциондық баға;
Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, солар ескерілген аукциондық баға;
ТБИ – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазанның алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағаларының индексі.
Ресми бағамын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес жариялайтын ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты айырбас бағамының өзгеруі ескерілген индекстеу формуласы:
, мұндағы:
Tt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген аукциондық баға;
Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, солар ескерілген аукциондық баға;
валютаt+1 – Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес теңгенің шетел валютасына қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын индекстеу жүргізілетін жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қолданыстағы бағамы;
валютаt – Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес теңгенің шетел валютасына қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын алдыңғы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бағамы.
17. Аукциондық бағаларды индекстеуді есептеуді электр энергиясын бірынғай сатып алушы жыл сайын 10 қазанға дейін жүзеге асырады.
18. Аукциондық бағаларды индекстеуді және индекстелген аукциондық бағаларды есептеуді электр энергиясын бірыңғай сатып алушы өзінің ресми интернет-сайтында тиісті жылғы 15 қазаннан кешіктірмей жариялайды.
19. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы индекстелген аукциондық бағаны жылына екі рет: қаржы-есеп айырысу орталығына немесе электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға қаңтар-маусым аралығындағы кезеңде электр энергиясын бере бастаған жаңартылатын энергия көздері объектілері үшін 1 шілдеден бастап және қаржы-есеп айырысу орталығына немесе электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға шілде-желтоқсан аралығындағы кезеңде электр энергиясын бере бастаған жаңартылатын энергия көздері объектілері үшін 1 қаңтардан бастап қолданылуға тиіс.
20. Аукциондық бағаны құрылыс кезеңіне біржолғы индекстеуді есептеу осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесімен Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын беру жүзеге асырылған кешенді сынақтар жүргізілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте аукциондық бағаны құрылыс кезеңіне біржолғы индекстеуді қолдану кешенді сынақтар жүргізілген күннен бастап жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 1063 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысы.
2. "Тіркелген тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысы.
3. "Тіркелген тарифтерді бекіту туралы" "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 148 қаулысы.
4. "Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 50 қаулысы.
5. "Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 207 қаулысы.
6. "Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 925 қаулысы.
7. "Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 249 қаулысы.
8. "Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 792 қаулысы.
9. "Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 704 қаулысы.
10. "Тіркелген тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 732 қаулысы.
11. "Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 728 қаулысы.