Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.09.2024 № 728 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С.Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 271 қаулысымен
бекітілген

Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2021 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясына тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алудың аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті шекті аукциондық бағасы деңгейінен аспайтын бағасы;

      2) биогаз – ашуы немесе газдануы нәтижесінде биомассадан алынатын метан, көміртегі монооксиді және (немесе) сутегі;

      3) биомасса – биологиялық органикалық қазбалы емес материалдар;

      4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – уәкілетті орган айқындаған, Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға;

      5) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының электр энергиясын сатып алу шарты (бұдан әрі – сатып алу шарты) – сатып алушы ретіндегі қаржы-есеп айырысу орталығы мен сатушы ретіндегі энергия өндіруші ұйым арасында жасалатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шарты;

      6) қазақстандық кремний (Kaz PV) негізіндегі фотоэлектрлік модульдер – Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген кремнийді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасында орналасқан кәсіпорындарда дайындалған фотоэлектрлік модульдер;

      7) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      8) тіркелген тариф – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;

      9) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) шағын гидроэлектр станциясы – жиынтық қуаты он бес мегаватқа дейінгі (қоса алғанда) бір су торабында орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциясы;

      11) шекті аукциондық баға – электр энергиясына аукциондық бағаның ең жоғары шамасы;

      12) ірі гидроэлектр станциясы – жиынтық қуаты он мегаваттан асатын, бір су торабында орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциясы.

      Осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген ұғым Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 644 қаулысымен бекітілген қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын күн электр станцияларының жобалары үшін тіркелген тариф бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен қаржы-есеп айырысу орталығы жасасқан сатып алу шарттарына қатысты қолданылады.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Осы Қағидалардың жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алу үшін тіркелген тарифтер мен аукциондық бағаларды қолдану тәртібін реттейтін ережелері 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, пайдалану мерзімі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және келіскен техникалық-экономикалық негіздемеде белгіленген ақталу мерзімінен асып кеткен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілері бар энергия өндіруші ұйымдарға және жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын бір гидроторапта орналасқан қондырғылары және (немесе) тәуліктік мерзімнен астам реттеуді қамтамасыз ететін су қоймалары бар гидроэлектр станцияларына қолданылмайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2021 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.09.2024 № 728 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Тіркелген тарифтерді уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңартылатын энергия көздерінің мынадай түрлерінің әрқайсысы үшін бекітеді:

      1) күн сәулесінің энергиясы;

      2) жел энергиясы;

      3) судың гидродинамикалық энергиясы (шағын және ірі гидроэлектр станциялары);

      4) биогазды пайдалану кезінде алынған энергия.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2021 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi бұрын бекiтiлген тіркелген тарифтердiң деңгейлерiн жыл сайын түзетуге құқылы.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.04.2017 № 207 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтiлген тіркелген тарифтердi түзету туралы актiсi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн екi жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қуаты аз жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөніндегі объектiлерді енгiзудi ынталандыру, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерiн дамыту үшін табиғи, климаттық, техникалық немесе өзге де жағдайлары қолайсыздау жерлердi электрмен қамтамасыз ету үшiн тіркелген тарифтер жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөніндегі объектiлердің белгiленген қуатына байланысты сараланады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.04.2017 № 207 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген тіркелген тарифтерді түзету туралы актісі қолданысқа енгізілген сәтке дейін есеп айырысу-қаржы орталығымен жасалған қолданыстағы сатып алу шарттарына қолданылмайды.

      6-1. Уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерінің мынадай түрлерінің әрқайсысы үшін шекті аукциондық бағаларды бекітеді:

      1) күн сәулесінің энергиясы;

      2) жел энергиясы;

      3) судың гидродинамикалық энергиясы (шағын және ірі гидроэлектр станциялары);

      4) биогазды пайдалану кезінде алынған энергия.

      Шекті аукциондық бағалар теңгемен бекітіледі.

      Ескерту. Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2021 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Тіркелген тарифті айқындау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2021 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Уәкілетті орган әлемнің басқа мемлекеттерінде қолданылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану есебінен өндірілетін электр энергиясына тарифтерді салыстырып талдау жолымен тіркелген тарифтерді бекіту бойынша ұсыныс қалыптастырады.

      Мемлекеттердің тізбесін уәкілетті орган айқындайды және сараптамалық қорытынды алу үшін "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестерге жібереді.

      Мемлекеттердің тізбесін айқындауды уәкілетті орган мынадай параметрлерді ескере отырып жүзеге асырады:

      1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын жеткізуге арналған жеңілдікті тарифтердің Қазақстан Республикасында қолданылатын схемасымен ұқсас немесе мазмұны бойынша сәйкес келетін жаңартылатын энергия көздерін қолдау тетігінің болуы;

      2) 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту индикаторларының болуы;

      3) электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздері үлесінің көрсеткіші (өткен жылдың қорытындысы бойынша) Қазақстан Республикасына қарағанда жоғары;

      4) тиісті елдердегі технологиялар құнының төмендеуі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2021 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Уәкілетті орган тіркелген тарифтерді бекіту бойынша ұсыныстарды қалыптастыру кезінде мынадай факторларды да есепке алады:

      1) Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру және оны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден сатып алу көрсеткіштері;

      2) Қазақстан Республикасында электр энергиясын тұтыну және оны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сату көрсеткіштері;

      3) Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр энергиясын ендіру көрсеткіштері;

      4) парниктік газдардың шығарындыларын төмендету бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері;

      5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштер;

      6) тіркелген тарифтерді жыл сайын кезекті индексациялаудың болуы.

      9. Тіркелген тарифтер теңгемен бекітіледі.

      10. Уәкілетті органның тіркелген тарифті бекіту жөніндегі ұсынысы Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілгенге дейін оны уәкілетті орган "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құрылатын қоғамдық кеңестерге жібереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2021 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Тіркелген тарифтер, күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын, жиынтық қуаты 37 МВт күн электр станцияларының жобасы үшін тіркелген тарифтерді қоспағанда, инфляцияны ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:

      Тt+1 = Тt * ТБИ, мұндағы:

      Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген төмендеу жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектелген индекстелген тіркелген тариф;

      Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, соларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қолданыстағы тіркелген тариф;

      ТБИ — мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын индекстеу жүргізілген жылдың 1 қазанының алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.02.2016 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11-1. Күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын, жиынтық қуаты 37 МВт электр станцияларының жобасы үшін тіркелген тарифтер инфляцияны ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:



      Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, төмендеу жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген тіркелген тариф;

      Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, соларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қолданыстағы тіркелген тариф;

      ТБИ – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылдың 1 қазанының алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі.

      Ескерту. Қағидалар 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 03.02.2016 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11-2. Ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға қатысты айырбас бағамы өткен жылмен салыстырғанда 25 %-дан бастап және одан жоғары өзгеретін болса, қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын, жалпы қуаты 37 МВт болатын күн электр станциялары жобаларын қоспағанда, шетел валютадағы кредиттік міндеттемелері бар жобалар үшін тіркелген тарифтер инфляцияны және ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға қатысты айырбас бағамының өзгеруі ескеріліп отырып, жылына бір рет, 1 қазандағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша индекстеледі:


, мұндағы:

      Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген тіркелген тариф;

      Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, бұрынғы индекстеу ескерілген, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қолданыстағы тіркелген тариф;

      ТБИt – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазан алдындағы он екі айда жинақталған тұтыну бағаларының индексі;

      валютаt+1 – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларының (бұдан әрі – Ресми бағамды белгілеу қағидалары) 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша теңгенің шетел валютасына қатысты қолданыстағы бағамы;

      валютаt – Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін күннің алдындағы он екі ай кезеңге есептелген теңгенің шетел валютасына қатысты орташа бағамы.

      Ескерту. Қағидалар 11-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.04.2017 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.09.2024 № 728 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Тіркелген тарифтерді индекстеу есебін есеп айырысу-қаржы орталығы жыл сайын 10 қазанға дейін жүзеге асырады.

      13. Тіркелген тарифтерді индекстеу есебін және индекстелген тіркелген тарифтерді есеп айырысу-қаржы орталығы өзінің ресми интернет-сайтында тиісті жылғы 15 қазаннан кешіктірмей жариялайды.

      13-1. Тіркелген тарифке индекстеуді алғаш рет қолдану осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығына жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын беру басталғаннан кейін күнтізбелік бір жылдан кешіктірмей жүргізіледі.

      Ескерту. Қағидалар 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 03.02.2016 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13-2. Аукциондық бағаны индекстеу осы Қағидалардың 18-1-тармағында көзделген құрылыс кезеңіне біржолғы индекстеуді және осы Қағидалардың 18-2-тармағында көзделген жыл сайынғы индекстеуді қамтиды.

      Бұл ретте осы тармаққа сәйкес аукциондық бағаны жыл сайынғы индекстеуді бірінші қолдану құрылыс кезеңіне біржолғы индекстеу қолданылғаннан кейін күнтізбелік бір жылдан ерте жүргізілмейді.

      Ескерту. Қағидалар 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.09.2022 № 704 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Қаржы-есеп айырысу орталығы индекстелген тіркелген тарифтерді жылына екі рет: электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына қаңтар-маусым аралығындағы кезеңде бере бастаған жаңартылатын энергия көздері объектілері үшін – 1 шілдеден бастап және электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына шілде-желтоқсан аралығындағы кезеңде бере бастаған жаңартылатын энергия көздері объектілері үшін – 1 қаңтардан бастап қолданылуға тиіс.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.02.2016 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 03.02.2016 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Шекті аукциондық бағаларды айқындау тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2021 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қағида 3-тараумен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      16. Шекті аукциондық баға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген тіркелген тарифтер деңгейінде айқындалады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.09.2022 № 704 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Аукциондық бағалар инфляцияны ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:


      Тt+1 = Тt * ТБИ, мұндағы:


      Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген азаю жағына қарай толық тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген аукциондық баға;

      Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, солар ескерілген аукциондық баға;

      ТБИ – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазанның алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі.

      18. Шетел валютасындағы кредиттік міндеттемелері бар жобалар үшін аукциондық бағалар инфляцияны және ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға қатысты айырбас бағамының өзгеруі ескеріліп, жылына бір рет, 1 қазандағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша индекстеледі:


мұндағы:

      Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген аукциондық баға;

      Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, бұрын жүргізілген индекстеу ескерілген аукциондық баға;

      ТБИt – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін жылғы 1 қазан алдындағы он екі айда жинақталған тұтыну бағаларының индексі;

      валюта t+1 – Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша теңгенің шетел валютасына қатысты қолданыстағы бағамы;

      валютаt – Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін күннің алдындағы он екі ай кезеңге есептелген теңгенің шетел валютасына қатысты орташа бағамы.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.09.2024 № 728 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18-1. Аукциондық бағалар ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты айырбас бағамының өзгеруі ескеріліп отырып, аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі жарияланған күннен бастап және қаржы-есеп айырысу орталығына жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын жеткізу басталғанға дейінгі құрылыс кезеңіне бір мәрте индекстеледі:


, мұндағы:

      Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген аукциондық баға;

      Тt – аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша анықталған аукциондық баға;

      валютаіске қосу – электр энергиясын автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесінде есепке алынған электр энергиясы Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне беріліп кешенді сынақтар жүргізілген айдан кейінгі айдың бірінші күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша шетел валютасының теңгемен құны;

      валютааукц – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының веб-сайтында аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі жарияланған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша шетел валютасының теңгемен құны.

      Ескерту. Қағидалар 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.09.2022 № 704 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.09.2024 № 728 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18-2. Аукциондық бағалар жылына бір рет, 1 қазандағы жағдай бойынша жыл сайын индекстелуге тиіс. Жыл сайын индекстеу өтініш берушінің таңдауы бойынша мынадай екі: не тұтыну бағалары индексі, не ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты айырбастау бағамының өзгеруі формуласының бірі қолданылып жүргізіледі, шетел валютасының ресми бағамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес жарияланады.

      Бұл ретте индекстеу формуласы сатып алу шартын жасасқан кезде ол қолданылатын бүкіл кезеңге таңдалады. Таңдалған индекстеу формуласын өзгерту жыл сайынғы индекстеу өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күн қалғанда қаржы-есеп айырысу орталығының атына ресми хатпен жіберілген өтініш берушінің шешімі негізінде сатып алу шарты қолданылатын кезеңде бір рет жүргізіледі.

      Кез келген шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның айырбас бағамының өзгеруіне индекстеу формуласы қолданылған жобалар үшін индекстеу формуласында таңдалған шетел валютасын өтініш берушінің шешімі бойынша сатып алу шарты қолданылатын бүкіл кезеңде бір рет өзгертуге болады.

      Индекстеу формуласында таңдалған шетел валютасын өзгерту кешенді сынақтар өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күн қалғанда қаржы-есеп айырысу орталығының атына ресми хатпен жіберілген өтініш берушінің шешімі негізінде жүргізіледі.

      Тұтыну бағасының индексіне индекстеу формуласы:

      Тt+1 = Тt * ТБИ, мұндағы:

      Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген аукциондық баға;

      Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, солар ескерілген аукциондық баға;

      ТБИ – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазан алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағаларының индексі.

      Ресми бағамын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес жариялайтын ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты айырбас бағамының өзгеруін ескеріліп отырып индекстеу формуласы:


мұндағы:

      Tt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген аукциондық баға;

      Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, солар ескерілген аукциондық баға;

      валюта t+1 – Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын индекстеу жүргізілетін жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша теңгенің шетел валютасына қатысты қолданыстағы бағамы;

      валютаt – Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын алдыңғы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша теңгенің шетел валютасына қатысты бағамы.

      Ескерту. Қағидалар 18-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.09.2022 № 704 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.09.2024 № 728 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Аукциондық бағаға жыл сайынғы индекстеуді есептеу және қолдану осы Қағидалардың 12, 13, 13-2 және 14-тармақтарына сәйкес тіркелген тарифтерге ұқсас жүргізілетін болады.

      Осы Қағидалардың 18-1-тармағында көзделген аукциондық бағаға индекстеуді есептеу және қолдану осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес жүргізілетін болады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.09.2022 № 704 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Құрылыс кезеңіне аукциондық бағаны біржолғы индекстеуді есептеу осы Қағидалардың 18-1-тармағына сәйкес электр энергиясын коммерциялық есепке алудың тіркелген автоматтандырылған жүйесінің Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын жіберуі жүзеге асырылған кешенді сынақтар жүргізілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте құрылыс кезеңіне аукциондық бағаны біржолғы индекстеуді қолдану кешенді сынақтар жүргізілген күннен бастап жүргізіледі.

      Ескерту. Қағидалар 20-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.09.2022 № 704 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады