"Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 728 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алудың аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті шекті аукциондық бағасы деңгейінен аспайтын бағасы;";

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – уәкілетті орган айқындаған, Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға;

      5) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының электр энергиясын сатып алу шарты (бұдан әрі – сатып алу шарты) – сатып алушы ретіндегі қаржы-есеп айырысу орталығы мен сатушы ретіндегі энергия өндіруші ұйым арасында жасалатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шарты;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) ірі гидроэлектр станциясы – жиынтық қуаты он мегаваттан асатын, бір су торабында орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциясы.

      Осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген ұғым Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 644 қаулысымен бекітілген қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын күн электр станцияларының жобалары үшін тіркелген тариф бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен қаржы-есеп айырысу орталығы жасасқан сатып алу шарттарына қатысты қолданылады.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Осы Қағидалардың жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алу үшін тіркелген тарифтер мен аукциондық бағаларды қолдану тәртібін реттейтін ережелері 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, пайдалану мерзімі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және келіскен техникалық-экономикалық негіздемеде белгіленген ақталу мерзімінен асып кеткен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілері бар энергия өндіруші ұйымдарға және жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын бір гидроторапта орналасқан қондырғылары және (немесе) тәуліктік мерзімнен астам реттеуді қамтамасыз ететін су қоймалары бар гидроэлектр станцияларына қолданылмайды.";

      11-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-2. Ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға қатысты айырбас бағамы өткен жылмен салыстырғанда 25 %-дан бастап және одан жоғары өзгеретін болса, қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын, жалпы қуаты 37 МВт болатын күн электр станциялары жобаларын қоспағанда, шетел валютадағы кредиттік міндеттемелері бар жобалар үшін тіркелген тарифтер инфляцияны және ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға қатысты айырбас бағамының өзгеруі ескеріліп отырып, жылына бір рет, 1 қазандағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша индекстеледі:


, мұндағы:

      Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген тіркелген тариф;

      Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, бұрынғы индекстеу ескерілген, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қолданыстағы тіркелген тариф;

      ТБИt – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазан алдындағы он екі айда жинақталған тұтыну бағаларының индексі;

      валютаt+1 – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларының (бұдан әрі – Ресми бағамды белгілеу қағидалары) 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша теңгенің шетел валютасына қатысты қолданыстағы бағамы;

      валютаt – Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін күннің алдындағы он екі ай кезеңге есептелген теңгенің шетел валютасына қатысты орташа бағамы.";

      18, 18-1 және 18-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Шетел валютасындағы кредиттік міндеттемелері бар жобалар үшін аукциондық бағалар инфляцияны және ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға қатысты айырбас бағамының өзгеруі ескеріліп, жылына бір рет, 1 қазандағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша индекстеледі:


мұндағы:

      Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген аукциондық баға;

      Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, бұрын жүргізілген индекстеу ескерілген аукциондық баға;

      ТБИt – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін жылғы 1 қазан алдындағы он екі айда жинақталған тұтыну бағаларының индексі;

      валюта t+1 – Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша теңгенің шетел валютасына қатысты қолданыстағы бағамы;

      валютаt – Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін күннің алдындағы он екі ай кезеңге есептелген теңгенің шетел валютасына қатысты орташа бағамы.

      18-1. Аукциондық бағалар ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты айырбас бағамының өзгеруі ескеріліп отырып, аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі жарияланған күннен бастап және қаржы-есеп айырысу орталығына жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын жеткізу басталғанға дейінгі құрылыс кезеңіне бір мәрте индекстеледі:


, мұндағы:

      Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген аукциондық баға;

      Тt – аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша анықталған аукциондық баға;

      валютаіске қосу – электр энергиясын автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесінде есепке алынған электр энергиясы Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне беріліп кешенді сынақтар жүргізілген айдан кейінгі айдың бірінші күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша шетел валютасының теңгемен құны;

      валютааукц – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының веб-сайтында аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі жарияланған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша шетел валютасының теңгемен құны.

      18-2. Аукциондық бағалар жылына бір рет, 1 қазандағы жағдай бойынша жыл сайын индекстелуге тиіс. Жыл сайын индекстеу өтініш берушінің таңдауы бойынша мынадай екі: не тұтыну бағалары индексі, не ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты айырбастау бағамының өзгеруі формуласының бірі қолданылып жүргізіледі, шетел валютасының ресми бағамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес жарияланады.

      Бұл ретте индекстеу формуласы сатып алу шартын жасасқан кезде ол қолданылатын бүкіл кезеңге таңдалады. Таңдалған индекстеу формуласын өзгерту жыл сайынғы индекстеу өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күн қалғанда қаржы-есеп айырысу орталығының атына ресми хатпен жіберілген өтініш берушінің шешімі негізінде сатып алу шарты қолданылатын кезеңде бір рет жүргізіледі.

      Кез келген шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның айырбас бағамының өзгеруіне индекстеу формуласы қолданылған жобалар үшін индекстеу формуласында таңдалған шетел валютасын өтініш берушінің шешімі бойынша сатып алу шарты қолданылатын бүкіл кезеңде бір рет өзгертуге болады.

      Индекстеу формуласында таңдалған шетел валютасын өзгерту кешенді сынақтар өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күн қалғанда қаржы-есеп айырысу орталығының атына ресми хатпен жіберілген өтініш берушінің шешімі негізінде жүргізіледі.

      Тұтыну бағасының индексіне индекстеу формуласы:

      Тt+1 = Тt * ТБИ, мұндағы:

      Тt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген аукциондық баға;

      Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, солар ескерілген аукциондық баға;

      ТБИ – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазан алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағаларының индексі.

      Ресми бағамын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес жариялайтын ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты айырбас бағамының өзгеруін ескеріліп отырып индекстеу формуласы:


мұндағы:

      Tt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектеліп индекстелген аукциондық баға;

      Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, солар ескерілген аукциондық баға;

      валюта t+1 – Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын индекстеу жүргізілетін жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша теңгенің шетел валютасына қатысты қолданыстағы бағамы;

      валютаt – Ресми бағамды белгілеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын алдыңғы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша теңгенің шетел валютасына қатысты бағамы.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады