Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 13-2-тармақпен толықтырылсын:
"13-2. Аукциондық бағаны индекстеу осы Қағидалардың 18-1-тармағында көзделген құрылыс кезеңіне біржолғы индекстеуді және осы Қағидалардың 18-2-тармағында көзделген жыл сайынғы индекстеуді қамтиды.
Бұл ретте осы тармаққа сәйкес аукциондық бағаны жыл сайынғы индекстеуді бірінші қолдану құрылыс кезеңіне біржолғы индекстеу қолданылғаннан кейін күнтізбелік бір жылдан ерте жүргізілмейді.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Шекті аукциондық баға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген тіркелген тарифтер деңгейінде айқындалады.";
мынадай мазмұндағы 18-1 және 18-2-тармақтармен толықтырылсын:
"18-1. Аукциондық баға ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі жарияланған күннен бастап және қаржы-есеп айырысу орталығына жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін құрылыс кезеңінде біржолғы индекстеуге жатады:
), мұндағы
– жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектенетін индекстелген аукциондық баға;
– аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша айқындалған аукциондық баға;
– электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі тіркеген электр энергиясын Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне жіберу жүзеге асырылған кешенді сынақтар жүргізілген айдан кейінгі айдың бірінші күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша бір АҚШ долларының теңгедегі құны;
– аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының веб-сайтында жарияланған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша бір АҚШ долларының теңгедегі құны.
18-2. Аукциондық баға жылына бір рет 1 қазанға жыл сайын индекстелуге жатады. Бұл ретте жыл сайынғы индекстеу жыл сайынғы индекстеу жүргізілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын қаржы-есеп айырысу орталығының атына ресми хатпен жіберілген өтініш берушінің шешімі негізінде жүргізіледі. Жыл сайынғы индекстеу екі формуланың бірі қолданыла отырып жүргізіледі: не тұтыну бағасының индексіне, не ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы айырбастау бағамының өзгеруіне.
Бұл ретте индекстеу формуласын таңдау сатып алу шартын жасасу кезінде оның бүкіл қолданылу кезеңде бір рет жүзеге асырылады.
Тұтыну бағасының индексіне индекстеу формуласы:
Т t+1 = Тt * ТБИ, мұндағы
Т t+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиынға дейін дөңгелектенетін индекстелген аукциондық баға;
Тt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, сол индекстеу ескерілген аукциондық баға;
ТБИ – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазанның алдындағы он екі айға жинақталған тұтыну бағасының индексі.
Ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып индекстеу формуласы:
, мұндағы
Tt+1 – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген, азаю жағына қарай бүтін тиындарға дейін дөңгелектенетін индекстелген аукциондық баға;
Tt – егер бұрын индекстеу жүргізілген болса, сол индекстеу ескерілген аукциондық баға;
USDt+1 – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін жылғы 1 қазандағы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ағымдағы бағамы;
USDt – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын өткен жылғы 1 қазандағы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Аукциондық бағаға жыл сайынғы индекстеуді есептеу және қолдану осы Қағидалардың 12, 13, 13-2 және 14-тармақтарына сәйкес тіркелген тарифтерге ұқсас жүргізілетін болады.
Осы Қағидалардың 18-1-тармағында көзделген аукциондық бағаға индекстеуді есептеу және қолдану осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес жүргізілетін болады.";
мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
"20. Құрылыс кезеңіне аукциондық бағаны біржолғы индекстеуді есептеу осы Қағидалардың 18-1-тармағына сәйкес электр энергиясын коммерциялық есепке алудың тіркелген автоматтандырылған жүйесінің Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын жіберуі жүзеге асырылған кешенді сынақтар жүргізілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте құрылыс кезеңіне аукциондық бағаны біржолғы индекстеуді қолдану кешенді сынақтар жүргізілген күннен бастап жүргізіледі.".
2. Осы қаулының 1-тармағының ережелері осы қаулы қолданысқа енгізілгеннен кейін қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шарттарын жасасқан, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға қолданылады деп белгіленсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |