"Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 68 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында:

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілген қорғаныстық тапсырысты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысының жобасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізіледі.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының тиісті жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісуге енгізілгенге дейін оны Қазақстан Республикасындағы қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және ерекше тауарларды бақылау мәселелері жөніндегі кеңес міндет түрде қарайды.

      Қорғаныстық тапсырысты нақтылау республикалық бюджет нақтыланған және (немесе) түзетілген жағдайда жүргізіледі.

      Қорғаныстық тапсырысты уақтылы және (немесе) сапалы қалыптастырмағаны үшін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады