Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған "Ата Заң – тәуелсіздік тірегі" ұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Ұлттық жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне Ұлттық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылғы 30 шілдеге және 2026 жылғы 30 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Ұлттық жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 20 ақпандағы № 80 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған "Ата Заң – тәуелсіздік тірегі" ұлттық іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шара | Орындалу мерзімі | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар |
Қаржыландыру көлемі (мың теңге) | Қаржыландыру көзі |
---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ұйымдастырушылық іс-шаралар | ||||||
1. | Ұлттық жоспардың іс-шараларын іске асыру және сүйемелдеу үшін анықтамалық-талдамалық материал, ортақ логотип, тақырыптық эскиз және ұран дайындау | 2025 жылғы ақпан | анықтамалық материал |
КСА (келісу бойынша), МАМ, Әділетмині, ПИ (келісу бойынша), ЗҚАИ (келісу бойынша) | - | талап етілмейді |
2. |
Өңірлік іс-шаралар: |
2025 жылғы ақпан |
график, спикерлер тізімі |
КСА (келісу бойынша), ПМА |
- |
талап етілмейді |
3. |
Қазақстан Республикасы Конституцияның 30 жылдығына арналған пошта маркасы эскизінің дизайн-макетін әзірлеу |
2025 жылғы | пошта маркасы эскизінің дизайн- макетін бекіту |
КСА (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, | "Қазпошта" АҚ меншікті қаражаты есебінен | бюджеттен тыс қаражат есебінен |
4. | Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы тақырыбына арналған мерейтойлық монеталар шығару |
2025 жылғы | мерейтойлық монеталар |
ҰБ (келісу бойынша), | ҰБ меншікті қаражаты есебінен | бюджеттен тыс қаражат есебінен |
5. | Конституциялық заңдылықты қалыптастыруға және сақтауды қамтамасыз етуге, конституциялық құндылықтарды нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарды салтанатты түрде наградтау |
2025 жылғы | салтанатты жиналыс |
КСА (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), СӘ (келісу бойынша), | - | талап етілмейді |
6. | "Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл: құқықтық жетістіктер және даму перспективалары" атты ЗҚАИ мерейтойлық жинағын шығару | 2025 жыл ішінде | жинақ |
ЗҚАИ | ЗҚАИ меншікті қаражаты есебінен | бюджеттен тыс қаражат есебінен |
Ғылыми-практикалық іс-шаралар | ||||||
7. | Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, тәуелсіз сарапшылардың, ғалымдардың конституциялық заңдылықты қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты мен соттары шешімдерінің орындалуына арналған бірқатар мақалаларын дайындау және ресми интернет-ресурстарда орналастыру |
2025 жыл бойы | ресми интернет-ресурстарда және құқықтық ақпараттық базаларда орналастыру |
КСА (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), ЗҚАИ (келісу бойынша), ПИ (келісу бойынша), СӘ (келісу бойынша), | - | талап етілмейді |
8. |
Диалогтар, отырыс, конференциялар мен салтанатты қабылдау өткізу: |
2025 жылғы наурыз |
диалогтар өткізу және қатысушылардың қорытынды ұсынымдарын жинақтау |
КСА (келісу бойынша), СӘ (келісу бойынша) ПМА (келісу бойынша), |
- |
талап етілмейді |
Ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар | ||||||
9. | Қазақстан Республикасы Конституциясының әзірлену және қабылдану тарихына қатысты архивтік мемлекеттік құжаттар туралы бейне- және фотоматериалдар дайындау және "Қазақстан Конституциясы – архив құжаттарында" тақырыбымен әлеуметтік желілер мен БАҚ-та орналастыру | 2025 жылғы ақпан-шілде | бейне- және фотоматериалдар | МАМ, "Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві" РММ (келісу бойынша), "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" РММ (келісу бойынша), ЗҚАИ (келісу бойынша), КСА (келісу бойынша) | - | талап етілмейді |
10. | Мектеп жасындағы балаларға арналған онлайн викторина өткізу |
2025 жылғы наурыз-сәуір |
викторина өткізу |
КСА (келісу бойынша), ОАМ | Юнисефтің меншікті қаражаты есебінен | бюджеттен тыс қаражат есебінен |
11. | "Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры" тақырыбында музейлер, қалалық және ауылдық кітапханалар базасында мектеп экскурсияларын, ашық сабақтар (мейкерспейс) өткізу (осы іс-шараның бірыңғай тұжырымдамасын алдын ала әзірлеу, бекіту, сондай-ақ орталық және жергілікті органдардың өкілдерін қатысуға шақыру) | 2025 жыл бойы | мектеп экскурсияларын өткізу |
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері, МАМ, ОМ, Әділетмині, КСА (келісу бойынша), ЗҚАИ |
- | талап етілмейді |
12. | Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына бекітілген тақырыптық эскиздерді жарнамалық конструкцияларда және LED-экрандарда орналастыру | 2025 жыл бойы | фото есеп | Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері, МАМ, КСА (келісу бойынша) | көзделген қаражат шегінде | жергілікті бюджет |
13. |
"Ата Заң – тәуелсіздік тірегі" тақырыбында кітап-иллюстрация көрмесін ұйымдастыру |
2025 жылғы | көрме ұйымдастыру | МАМ, "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" РММ (келісу бойынша) | - | талап етілмейді |
14. | Жоғары оқу орындарының студенттері арасында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бойынша конкурстар өткізу |
2025 жылғы | конкурстар өткізу | КСА (келісу бойынша), ҒЖБМ, Әділетмині, ЗҚАИ (келісу бойынша), ПИ (келісу бойынша) | - | талап етілмейді |
15. | Құқықтық сауат ашу мақсатында мектептерде, ТжКБ мен жоғары оқу орындарында пайдалану үшін (архивтік мемлекеттік құжаттар, музей экспонаттары, мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпараттық материалдарды пайдалана отырып) Конституцияның тарихи, саяси, әлеуметтік және құқықтық аспектілері туралы виртуалды тур және 3D-экспозиция жасау |
2025 жылғы | виртуалды тур мен 3D-экспозиция жасау | ҒЖБМ, ОМ, МАМ, Әділетмині, ДСМ, СӘ (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), КСА (келісу бойынша), ПМА (келісу бойынша), ПСА (келісу бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | - | талап етілмейді |
16. | Қазіргі Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін нығайтуға, ананы, әке мен баланы, еңбек ету мен білім алу құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін құрметтеуге арналған интерактивті көше акцияларын (заманауи суретшілердің, мүсіншілердің көрмелерін, мультимедиалық экрандарды) ұйымдастыру |
2025 жылғы | көше акцияларын өткізу және БАҚ-та көрсету | Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | көзделген қаражат шегінде | жергілікті бюджет |
17. |
Танымал мәдениет пен өнер қайраткерлерінің құттықтауларымен бейнероликтер дайындау және ротациялау |
2025 жылғы | бейнероликтерді дайындау және БАҚ-та ротациялау |
МАМ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері, "Жібек жолы" АҚ | - | талап етілмейді |
18. | Азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен "Ата Заңым – айбыным" және "Мен – Қазақстан азаматымын!" атты челлендж ұйымдастыру |
2025 жылғы |
әлеуметтік желілерде жариялау |
МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), өңірлік "Қоғамдық келісім" КММ (келісу бойынша), ЭМБ | - | талап етілмейді |
19. |
"Tamyrlas" YouTube арнасында сарапшылармен бірге "Конституция – бейбітшілік пен келісім негізі" тақырыбында подкаст ұйымдастыру |
2025 жылғы |
әлеуметтік желілерде жариялау |
МАМ, "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС | - | талап етілмейді |
20. | Жастар ұйымдарымен және университеттермен серіктестікте #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджін өткізу, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке басын куәландыратын құжаттарды салтанатты түрде табыстау |
2025 жылғы | акция өткізу және БАҚ-та көрсету | "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ (келісу бойынша), ІІМ, Әділетмині, МАМ, КСА (келісу бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | - | талап етілмейді |
21. | "Конституция – әділет пен парасат жолы" тақырыбында дөңгелек үстел мен кітап көрмесін ұйымдастыру |
2025 жылғы | дөңгелек үстел мен кітап көрмесін өткізу |
МАМ, "Қоғамдық келісу" РММ (келісу бойынша) | - | талап етілмейді |
22. | Жастар ресурстық орталықтары мен республикалық жастар ұйымдары белсенділерінің қатысуымен әлеуметтік желілерде Конституцияның 30 жылдығына арналған жастар челленджін ұйымдастыру |
2025 жылғы | челлендж өткізу | МАМ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | - | талап етілмейді |
23. | "Айбыны асқақ Ата Заң" музыкалық-патриоттық кеш өткізу |
2025 жылғы | музыкалық-патриоттық кеш | МАМ, "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" РММ (келісу бойынша) | - | талап етілмейді |
24. | Тұрғындар, оның ішінде этномәдени бірлестіктер мүшелері арасында "Сіз үшін Қазақстан Республикасының Конституциясы дегеніміз не?" тақырыбында бейнесауалнама өткізу |
2025 жылғы |
әлеуметтік желілерде жариялау | МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), өңірлік "Қоғамдық келісім" КММ (келісу бойынша), ЭМБ (келісу бойынша) | - | талап етілмейді |
25. | Отбасын қолдау орталықтарының базасында заң консультанттары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерін тарта отырып еңбек ету құқығының конституциялық кепілдіктері жөнінде, еңбек қатынастары және мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары мен "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жобалары шеңберінде әлеуметтік кепілдіктер аясындағы заңнамалық өзгерістер мәселелері бойынша заң консультацияларын ұйымдастыру |
2025 жылғы | БАҚ-та жариялау | МАМ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері, РАА (келісу бойынша), РЗКА (келісу бойынша), "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (келісу бойынша) | - | талап етілмейді |
26. | Конституцияның маңыздылығы және қандай құндылықтарды көздейтіні туралы бірқатар мақалалар мен постар жариялау және оларды БАҚ пен әлеуметтік желілерде (Instagram, Tik Tok және т.б.) орналастыру |
2025 жылғы | материалдарды БАҚ-та және әлеуметтік желілерде орналастыру |
МАМ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | - | талап етілмейді |
27. |
ҚХА мүшелерінің, ЭМБ өкілдерінің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының Конституция күнімен құттықтау бейнероликтерін әлеуметтік желілерде жариялау |
2025 жылғы |
әлеуметтік желілерде жариялау |
МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), өңірлік "Қоғамдық келісім" КММ (келісу бойынша), | - | талап етілмейді |
28. | Жастардың, жергілікті органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, адвокаттар мен заң консультанттарының қатысуымен көшпелі өңірлік кездесулер мен тренингтер өткізу | 2025 жыл бойы | өңірлік кездесулер мен тренингтер өткізу |
КСА (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), РЗКА |
161 "Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар" ерекшелігі бойынша көзделген қаражат шегінде | республикалық бюджет |
29. | Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінің сұхбаттарын (рилс форматында) дайындау және әлеуметтік желілерде орналастыру | 2025 жыл бойы | материалдарды жариялау және іс-шараларды БАҚ-та көрсету | ЗҚАИ (келісу бойынша), Әділетмині, КСА (келісу бойынша), БП (келісу бойынша) | - | талап етілмейді |
30. | Конституциялық кепілдіктер мен құқықтар тақырыбында тақырыптық радиоэфирлер шығару ("30 минут Конституция жайында") | 2025 жыл бойы | подкастар, эфирлер, сұхбаттар шығару |
МАМ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері, ЗҚАИ (келісу бойынша), ПИ (келісу бойынша), Әділетмині, КСА (келісу бойынша), | көзделген қаражат шегінде | республикалық және жергілікті бюджет |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚ | - | акционерлік қоғам |
АҚҰО | - | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық |
Әділетмині | - | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
БАҚ | - | бұқаралық ақпарат құралдары |
БП | - | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
ҒЖБМ | - | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
ДСМ | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
ЖШС | - | жауапкершілігі шектеулі серіктестік |
ЗҚАИ | - | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
КММ | - | коммуналдық мемлекеттік мекеме |
КСА | - | Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты |
ҚХА | - | Қазақстан халқы Ассамблеясы |
МАМ | - | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі |
ПИ | - | "Парламентаризм институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
ПМА | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты |
ПСА | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты |
РАА | - | Республикалық адвокаттар алқасы |
РЗКА | - | Республикалық заң консультанттары алқасы |
РММ | - | республикалық мемлекеттік мекеме |
СӘ | - | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот әкімшілігі |
СІМ | - | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
ТжКБ | техникалық және кәсіптік білім | |
ОАМ | - | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі |
ҰБ | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
ЦДИАӨМ | - | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
ІІМ | - | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
ЭМБ | - | этномәдени бірлестіктер |