ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 12.03.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:
89-6) , 89-7) және 89-8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"89-6) жыл сайын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, білім беру ұйымдарының типтері бойынша оқытудың орташа құнының ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлеу;
89-7) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы операторды айқындау;
89-8) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша білім беру жинақтау салымы және білім беру жинақтау сақтандыруы туралы үлгілік шарттарды әзірлеу және бекіту;";
89-9) тармақша алып тасталсын;
89-10) және 89-11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"89-10) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
89-11) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, оператор мен қатысушы банк, оператор мен қатысушы сақтандыру ұйымы, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімдерді әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 89-15) тармақшамен толықтырылсын:
"89-15) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін бастапқы білім беру капиталын есептеу, пайдалану, қайтару қағидаларын келісу;".
2. Осы қаулы 2025 жылғы 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |