Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және масс-медиа саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті осы қаулыға қосымшаға сәйкес масс-медиа саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.";
көрсетілген қаулыға қосымшада:
қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Масс-медиа саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар";
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Мерзімді баспасөз басылымдарын және интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу | Мерзімді баспасөз басылымдарын және интернет-басылымдарды есепке қою, қайта есепке алу туралы куәлік |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |