Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 3-13-тармақпен толықтырылсын:
"3-13. Акцияларының жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі "Электрондық қаржы орталығы" акционерлік қоғамы "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесін, сондай-ақ "Электрондық қаржы орталығы" акционерлік қоғамы сүйемелдейтін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің басқа да ақпараттық жүйелерін дамыту және жаңғырту мақсатында 2024 – 2026 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакеті бойынша дивидендтер төлеуден босатылады.
"Электрондық қаржы орталығы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органдарды 2025 – 2027 жылдар аралығында 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде жыл сайын хабардар етіп тұрсын.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |