Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларында:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) өңдеу саласындағы жоба – өңдеу өнеркәсібі саласындағы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған:
Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру арқылы көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту;
серпінді, технологиялық және инновациялық шешімдерді іске асыру;
қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға және кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау зауыттарын (өндірістерін) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру;
орманда өрт шығуының алдын алуды және оны сөндіруді ұйымдастыру үшін техникалық регламентте (өртті ерте анықтау жүйесін қоспағанда) айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын (оның ішінде өртті ерте анықтау жүйелері) сатып алу, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының орманды молықтыруы мақсатында тамыр жүйесі жабық орман питомниктерін құру;
ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары жаппай санитариялық кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу;
қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингті, бейімдеу шараларын қабылдауға арналған метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік бақылау желісін дамыту;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау зауыттарын (өндірістерін) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру, орманда өрт шығуының алдын алуды, өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының техникалық регламентте (өртті ерте анықтау жүйесін қоспағанда) айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын (оның ішінде өртті ерте анықтау жүйелері) сатып алу, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының орманды молықтыруы мақсатында тамыр жүйесі жабық орман питомниктерін құру, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингті, бейімдеу шараларын қабылдауға арналған метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік бақылау желісін дамыту, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауы үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндірістің жол-пайдалану техникасын сатып алу бойынша оператордың қаражаты есебінен қаржыландырылатын өңдеу саласындағы жобалар осы Қағидаларға және ұйымның ішкі актілеріне сәйкес мынадай шарттармен іріктеледі:
1) оператор қаржыландыратын жиынтық көлем:
2024 – 2026 жылдары қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау зауыттарын (өндірістерін) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру, орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін техникалық регламентте (өртті ерте анықтау жүйесін қоспағанда) айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын (оның ішінде өртті ерте анықтау жүйелері) сатып алу, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының орманды молықтыруы мақсатында тамыр жүйесі жабық орман питомниктерін құру, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауы үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландырудың жалпы көлемі 366213641548 (үш жүз алпыс алты миллиард екі жүз он үш миллион алты жүз қырық бір мың бес жүз қырық сегіз) теңге, оның ішінде:
орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін көлік құралының тауар белгісінің және (немесе) конструкциясының иесінен көлік құралын жасауға лицензиялық құқықтар немесе көлік құралының тауар белгісін және (немесе) конструкциясын иелену құқығын растайтын құжат негізінде көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден техникалық регламентте (өртті ерте анықтау жүйесін қоспағанда) айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндірістің өрт сөндіру техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс жабдығын (оның ішінде өртті ерте анықтау жүйелері) сатып алуға 63965000000 (алпыс үш миллиард тоғыз жүз алпыс бес миллион) теңге, оның ішінде өртті ерте анықтау жүйелеріне 28965000000 (жиырма сегіз миллиард тоғыз жүз алпыс бес миллион) теңге;
орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының орманды молықтыруы үшін тамыр жүйесі жабық орман питомниктерін құруға 21274246548 (жиырма бір миллиард екі жүз жетпіс төрт миллион екі жүз қырық алты мың бес жүз қырық сегіз) теңге;
ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алуға 5000000000 (бес миллиард) теңге;
көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарын өндірушілерден техникалық регламентке сәйкес экологиялық сыныптағы отандық өндіріс автобустарын сатып алуға 2024 жылы 15000000000 (он бес миллиард) теңге, оның ішінде қаражатты осыған ұқсас жобалар (алмастыру) қаржыландырылған немесе автобустарды лизингке алушылармен қаржы лизингі шарты жасалғанға дейін отандық автобус өндірушілерге аванс берілген міндеттемелерді өтеуге пайдалану;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының, мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдарының техникалық базасын жаңарту үшін көлік құралының тауар белгісінің және (немесе) конструкциясының иесінен көлік құралын жасауға лицензиялық құқықтар немесе көлік құралының тауар белгісін және (немесе) конструкциясын иелену құқығын растайтын құжат негізінде көрсетілген құралдарды өндірушілерден техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндіріс техникасын сатып алуға 2024 жылы 50000000000 (елу миллиард) теңге;
Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауы үшін тауар белгісінің және (немесе) көлік құралының конструкциясының иесінен көлік құралының тауар белгісінің және (немесе) конструкциясының иесінен көлік құралын жасауға лицензиялық құқықтар немесе көлік құралының тауар белгісін және (немесе) конструкциясын иелену құқығын растайтын құжат негізінде Көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндірістің жол-пайдалану техникасын сатып алуға 2024 жылы 17000150000 (он жеті миллиард жүз елу мың) теңге, оның ішінде қаражатты осындай жобалар (алмастыру) қаржыландырылған міндеттемелерді өтеуге пайдалану;
ауа райына, климаттық және гидрологиялық құбылыстарға, орман өртіне байланысты әлеуметтік-экономикалық тәуекелдерді төмендету мақсатында ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің мүмкіндіктерін күшейту үшін оны дамытуға және жаңғыртуға арналған жобаларды іске асыруға 8974245000 (сегіз миллиард тоғыз жүз жетпіс төрт миллион екі жүз қырық бес мың) теңге;
2) ұйым оператордан қарыз алуды мынадай негізгі шарттарда жүзеге асырады:
қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау зауыттарын (өндірістерін) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру бойынша өңдеу саласындағы жобаларға қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша, қарыз мерзімі 15 жылдан аспайды;
орманда өрт шығуының алдын алуды және өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін көлік құралының тауар белгісінің және (немесе) конструкциясының иесінен көлік құралын жасауға лицензиялық құқықтар немесе көлік құралының тауар белгісін және (немесе) конструкциясын иелену құқығын растайтын құжат негізінде көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден техникалық регламентте (өртті ерте анықтау жүйесін қоспағанда) айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс жабдығын (оның ішінде өртті ерте анықтау жүйелері) сатып алу, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының орманды молықтыруы мақсатында тамыр жүйесі жабық орман питомниктерін құру бойынша өңдеу саласындағы жобаларға қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша, қарыз мерзімі 7 жылдан аспайды;
ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша, қарыз мерзімі 7 жылдан аспайды;
Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауы үшін көлік құралының тауар белгісінің және (немесе) конструкциясының иесінен көлік құралын жасауға лицензиялық құқықтар немесе көлік құралының тауар белгісін және (немесе) конструкциясын иелену құқығын растайтын құжат негізінде, көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндірістің жол-пайдалану техникасын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша, қарыз мерзімі 7 жылдан аспайды;
экологиялық сыныптағы автобустарды отандық өндірушілерден, көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарын өндірушілерден сатып алатын лизингке алушыларды шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және көлік құралдарын жаңарту жолымен қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларға қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша, қарыз мерзімі 30 жыл;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының, мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдарының техникалық базасын жаңарту үшін көрсетілген құралдарды өндірушілерден экологиялық сыныптағы отандық өндіріс техникасын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша, қарыз мерзімі 15 жылдан аспайды;
негізгі борышты өтеу – жылына 1 рет, ұйымның бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен негізгі борышты өтеу бойынша кемінде 2 жыл жеңілдікті кезеңмен;
ұйым оператордан қарыз алуды қамтамасыз етуді ұсынбай жүзеге асырады;
қоршаған ортаны мониторингтеу үшін жабдық сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша, қарыз мерзімі 7 жылдан аспайды;
3) ұйым лизинг алушылармен (оның ішінде автобустарды лизингке алушылармен)/қарыз алушылармен мынадай негізгі шарттарда қаржы лизингі/қарыз шартын жасасады:
сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3 %-дан аспайды;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының, мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдарының техникалық базасын жаңарту үшін көрсетілген құралдарды өндірушілерден техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндіріс техникасын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9 %-дан аспайды, бұл ретте сыйақы мөлшерлемесінің көрсетілген мөлшері оператор қаражатын ұйымның өзге қаражатымен микширлеу есебінен белгіленуі мүмкін;
қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға және кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау зауыттарын (өндірістерін) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг/қарыз мерзімі 3 жылдан бастап 15 жылға дейін;
орманда өрт шығуының алдын алуды және өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін техникалық регламентте (өртті ерте анықтау жүйесін қоспағанда) айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын (оның ішінде өртті ерте анықтау жүйелері) сатып алу, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының орманды молықтыруы мақсатында тамыр жүйесі жабық орман питомниктерін құру бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг мерзімі 7 жылға дейін;
ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг мерзімі 7 жылға дейін;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының, мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдарының техникалық базасын жаңарту үшін көрсетілген құралдарды өндірушілерден техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін экологиялық сыныптағы отандық өндіріс техникасын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг мерзімі 10 жылға дейін;
Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауы үшін көлік құралының тауар белгісінің және (немесе) конструкциясының иесінен көлік құралын жасауға лицензиялық құқықтар немесе көлік құралының тауар белгісін және (немесе) конструкциясын иелену құқығын растайтын құжат негізінде көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндірістің жол-пайдалану техникасын сатып алу бойынша өндеу саласындағы жобаларға лизинг мерзімі 7 жылға дейін;
орманда өрт шығуының алдын алуды және өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін техникалық регламентте (өртті ерте анықтау жүйелерін қоспағанда) айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын (оның ішінде өртті ерте анықтау жүйелері) сатып алу, сондай-ақ ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары, жаппай санитариялық ағаш кесуді жүргізген кезде орманды молықтыру, сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу мақсатында тамыр жүйесі жабық орман питомниктерін құру бойынша өңдеу саласындағы жобаларды қоспағанда, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең 2 жылға дейін;
лизинг алушының/қарыз алушының өзінің қатысуы – қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау зауыттарын (өндірістерін) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру бойынша өңдеу саласындағы жоба құнының кемінде 20 %-ы, оның ішінде кемінде 10 %-ы ақшалай қаражат;
орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизингтік төлемдер республикалық бюджет қаражаты есебінен өтелетін болса – 0 %;
орманда өрт шығуының алдын алуды және өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін техникалық регламентте (өртті ерте анықтау жүйесін қоспағанда) айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын (оның ішінде өртті ерте анықтау жүйелері) сатып алу, сондай-ақ ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары жаппай санитариялық ағаш кесуді жүргізген кезде орманды молықтыру мақсатында, сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін тамыр жүйесі жабық орман питомниктерін құру бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизингтік төлемдер республикалық бюджет қаражаты есебінен өтелетін болса – 0 %, табиғат қорғау ұйымдарының меншікті қаражаты есебінен өтелетін болса – кемінде 20 %;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының, мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдарының техникалық базасын жаңарту үшін көрсетілген құралдарды өндірушілерден техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндіріс техникасын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизингтік төлемдер республикалық бюджет қаражаты есебінен өтелетін болса – 0 %;
Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауы үшін көлік құралының тауар белгісінің және (немесе) конструкциясының иесінен көлік құралын жасауға лицензиялық құқықтар немесе көлік құралының тауар белгісін және (немесе) конструкциясын иелену құқығын растайтын құжат негізінде көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндірістің жол-пайдалану техникасын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – 0 %;
қамтамасыз ету – ұйымның талаптарына сәйкес;
қарыз валютасы – теңге;
қосымша шығыстар (сақтандыру) – ұйымның ішкі актілеріне сәйкес;
автобустарды лизингке алушылар үшін қаржыландырудың негізгі шарттары осы Қағидалардың 3-тармағының 8) тармақшасында көрсетілгенге ұқсас;
қаржы лизингі/қарыз шартының өзге талаптары ұйымның талаптарына сәйкес және тараптардың келісуі бойынша белгіленеді.";
3-параграф мынадай редакцияда жазылсын:
"3-параграф. Орманда өрт шығуының алдын алуды және өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) техникалық регламентте (өртті ерте анықтау жүйесін қоспағанда) айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс жабдығын (оның ішінде өртті ерте анықтау жүйелері) сатып алу, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының орманды молықтыруы мақсатында тамыр жүйесі жабық орман питомниктерін құру, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды қаржыландыру тәртібі
11. Орманда өрт шығуының алдын алуды және өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) техникалық регламентте (өртті ерте анықтау жүйесін қоспағанда) айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс жабдығын (оның ішінде өртті ерте анықтау жүйелері) сатып алу, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының орманды молықтыруы мақсатында тамыр жүйесі жабық орман питомниктерін құру, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ұйым тиісті жылдың 1 шілдесіне дейін орманда өрт шығуының алдын алу және өрт сөндіруді ұйымдастыру, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының орманды молықтыруы үшін техникалық регламентте (өртті ерте анықтау жүйесін қоспағанда) айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын (оның ішінде өртті ерте анықтау жүйелері) сатып алу, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобалардың қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталғаны және орманда өрт шығуының алдын алуға және өрт сөндіруді ұйымдастыруға, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындауға, қайта өңдеуге арналған отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасының (оның ішінде өрт сөндіру көлігінің, орман өртін сөндіретін шағын кешеннің, трактордың) және (немесе) жабдығының техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкестігі туралы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі орган берген сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін қамтитын ақпаратпен қоса өтінімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына жібереді;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жібереді;
3) уәкілетті орган тиісті жобаны іске асыру қажеттігі туралы хатты қарайды және бес жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органнан осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген ақпаратты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсынылған өңдеу саласындағы жобаны техникалық регламентке сәйкестігі тұрғысынан қарайды, ұсынылған өтінімді келіседі немесе дәлелді бас тартуды ұсынады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан бас тартуды алған жағдайда ұйым өтінімді пысықтайды және оны осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келісу үшін қайта жібереді;
5) ұйым тиісті жылдың 31 тамызына дейінгі мерзімде операторға осы Қағидалардың 11-тармағының 4) тармақшасында көзделген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның хатын және орманда өрт шығуының алдын алу және өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін техникалық регламентте (өртті ерте анықтау жүйесін қоспағанда) айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс жабдығын (оның ішінде өртті ерте анықтау жүйелері) сатып алу, ағаш дайындау ұйымдары, орман және табиғат қорғау мекемелері санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде орманды молықтыру мақсатында, сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін тамыр жүйесі жабық орман питомниктерін құру, ағаш дайындау ұйымдары, орман және табиғат қорғау мекемелері санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өндеу саласындағы жобаларды қаржыландырудың тиісті қаржы жылына арналған болжамды көлемі туралы ақпаратты жобаның қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталғаны және орманда өрт шығуының алдын алуды және өрт сөндіруді ұйымдастыруға, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындауға, қайта өңдеуге арналған техниканың (оның ішінде өрт сөндіру көлігінің, орман өртін сөндіретін шағын кешеннің, трактордың) және (немесе) отандық және (немесе) шетелдік өндіріс жабдығының техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкестігі туралы ақпаратпен қоса жібереді;
6) оператор осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпаратты қарағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде қаржыландырудың болжамды көлемін өзінің инвестициялық саясатының тиісті бөліміне қосады және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган инвестициялық саясатты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оны келіседі не операторға келісуден дәлелді бас тартуды жібереді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган дәлелді бас тартуды жіберген жағдайда оператор үш жұмыс күні ішінде дәлелді бас тартудың себебін жояды және инвестициялық саясатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қайта келісуге жібереді;
8) оператор осы Қағидалардың 11-тармағының 5) тармақшасында көзделген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен одан әрі қаржыландыру үшін орманда өрт шығуының алдын алу және өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін техникалық регламентте (өртті ерте анықтау жүйесін қоспағанда) айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс жабдығын (оның ішінде өртті ерте анықтау жүйелері) сатып алу, ағаш дайындау ұйымдары, орман және табиғат қорғау мекемелері санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде орманды молықтыру мақсатында, сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін тамыр жүйесі жабық орман питомниктерін құру, ағаш дайындау ұйымдары, орман және табиғат қорғау мекемелері санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларды тиісті жылы қаржыландырудың мақұлданған көлемінің сомасына ұйыммен қарыз шартын жасасады.";
мынадай мазмұндағы 4-параграфпен толықтырылсын:
"4-параграф. Мемлекеттік бақылау желісін дамыту жөніндегі жобаларды қаржыландыру тәртібі
12. Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингті, бейімдеу шараларын қабылдауға арналған метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік бақылау желісін дамыту жөніндегі жобаларды қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ұйым тиісті жылдың 1 шілдесіне дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингті, бейімдеу шараларын қабылдауға арналған метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік бақылау желісін дамыту жөніндегі жобаның бағыты туралы ақпаратпен қоса өтінімді жібереді;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсынылған мемлекеттік бақылау желісін дамыту жөніндегі жобаны техникалық регламентке сәйкестігі тұрғысынан қарайды, ұсынылған өтінімді келіседі не дәлелді бас тартуды ұсынады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан бас тарту алған жағдайда ұйым өтінімді пысықтайды және оны осы Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келісу үшін қайта жібереді;
3) ұйым тиісті жылдың 31 тамызына дейінгі мерзімде операторға осы Қағидалардың 12-тармағының 2) тармақшасында көзделген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның хатын және мемлекеттік бақылау желісін дамыту жөніндегі жобаларды қаржыландырудың тиісті қаржы жылына арналған болжамды көлемі туралы ақпаратты жібереді;
4) оператор осы Қағидалардың 12-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпаратты қарағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде қаржыландырудың болжамды көлемін өзінің инвестициялық саясатының тиісті бөліміне енгізеді және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган инвестициялық саясатты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оны келіседі не операторға келісуден дәлелді бас тартуды жібереді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган дәлелді бас тарту жіберген жағдайда оператор үш жұмыс күні ішінде дәлелді бас тартудың себебін жояды және инвестициялық саясатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қайта келісуге жібереді;
6) оператор қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен одан әрі қаржыландыру үшін мемлекеттік бақылау желісін дамыту жөніндегі жобаларды қаржыландырудың тиісті жылы мақұлданған көлемінің сомасына ұйыммен қарыз шартын жасасады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |