"Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 205 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде:

      45-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының және Үкіметтің атынан жасалған халықаралық шарттардың олар жасалған тілдердегі Сыртқы істер министрлігі ресми куәландырған көшірмелері, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың атынан жасалған халықаралық шарттардың олар жасалған тілдердегі архивтерінде осы халықаралық шарттардың түпнұсқалары сақталатын мемлекеттік органдар ресми куәландырған көшірмелері және Үкімет қаулысының жобасында немесе халықаралық шарт жобасында сілтеме жасалған, жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган ресми куәландырған халықаралық сипаттағы өзге де құжаттар;";

      5) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      6) тармақша алып тасталсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттарына сәйкестігін анықтауды қоса алғанда, халықаралық шарттарға қол қоюдың, оларды ратификациялаудың, бекітудің, қабылдаудың және оларға қосылудың орындылығының негіздемесі;";

      9) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) Сыртқы істер министрлігінің халықаралық шарт жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындысы.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады