Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 268 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлытау облысының Жезқазған қаласында орналасатын "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5575 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      3. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:

      "3. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42-жолмен толықтырылсын:

      "42. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5575 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады