"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларына қойылатын өлшемшарттар белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 273 қаулысына қосымша |
Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларына қойылатын өлшемшарттар
1. Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларына қойылатын өлшемшарттар:
1) бірінші басшының және басшылық лауазымдарды атқаратын тұлғалардың алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымына ірі қатысушы (ірі акционер) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;
2) тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына арналған қолданыстағы лицензияның болуы;
3) есепке алу мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің болмауы;
4) "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабында белгіленген мөлшерде тауар биржасының тұрақты резервтік қорының болуы;
5) "Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген) бекітілген талаптарға сәйкес келетін тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болуы;
6) тауар биржасы, тауар биржасының аккредиттелген мүшелері, биржалық сауда-саттықтың күн сайынғы нәтижелері және биржалық баға белгілеу (мәтіндік, графикалық, аудио-визуалды түрде), тауар биржасының ішкі құжаттары туралы ақпарат орналастыруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыруды көздейтін тауар биржасының тұрақты жұмыс істейтін интернет-ресурсының болуы;
7) аудиторлық компания жүргізген өзекті, қаржылық нәтижесі оң қаржылық (шоғырландырылған) есептіліктің (тұрақты кредиттік қабілеттілік және қызметті жүргізуге жеткілікті капиталдың қалыпты деңгейі) болуы;
8) тауар биржасының "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесінде болуы;
9) "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес қалыптастырылған жарғылық капитал;
10) мынадай:
"Биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын және Тауар биржасының клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12605 болып тіркелген) бекітілген талаптарға сәйкес келетін аппараттық-бағдарламалық кешені бар;
бекітілген кепілдік беру қоры бар;
қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар клирингтік ұйыммен өзара іс-қимыл жасайтын клирингтік ұйыммен клирингтік қызмет көрсету туралы жасалған шарттың болуы.