"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 288 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасында:

      "1. Паспорт" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Атауы
 
 

"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы

2.

Ұлттық жобаны әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Президентінің
2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының
42-тармағы

3.

Ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

4.

Іске асыру мерзімі

2023 – 2026 жылдар

5.

Ұлттық жобаның мақсаты

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін көтеру

6.

2026 жылға қарай күтілетін нәтижелер
     
 
 

Ауылдық елді мекендерді нормативтерге сәйкес медициналық көмекпен 100 % қамтамасыз ету

4 млн астам ауыл тұрғынын қосымша мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз ету

Инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмекті уақтылы көрсету үшін "алтын уақыт" қағидатын сақтау

Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді 20 %-ға төмендету (2021 жылғы деңгейден – 100 мың тұрғынға шаққанда 163,7)

Ауылдық елді мекендерді медицина кадрларымен қамтамасыз ету деңгейі –
85 % (2021 жылғы көрсеткіш – 76 %)

13741 жұмыс орнын құру, оның ішінде: тұрақты – 1100 бірлік (медицина персоналы), уақытша – 12641 адам (құрылыс-монтаждау жұмыстары кезеңіне)

7.

Ұлттық жобаны іске асыруға қажетті қаржыландыру көлемі

Республикалық бюджет пен жеке инвестициялар есебінен 217,7 млрд теңге

8.

Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – ДСМ), Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Қаржымині), облыстардың әкімдіктері

9.

Ұлттық жобаның жетекшісі,
ұлттық жобаның кураторы

А.Ш. Әлназарова – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Е.Б. Көшербаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

10.

Ұлттық жобаның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшалар

1. Ауылдық елді мекендерде медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерін пайдалануға беру жоспары.
2. Объектілердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге арналған жобалау тапсырмасы.
3. Көпбейінді орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту жөніндегі жоспар.
4. "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті (бұдан әрі – МЖӘ) іске асырудың базалық параметрлері.

            ";

      "4. Ұлттық жобаны іске асырудың жоспар-кестесі" деген бөлімде:

      "Ауыл тұрғындарына уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсетуді арттыру" деген 2-міндетте:

      "Жаңғыртылған 32 КОАА пайдалануға беру (2024 жылы – 7, 2025 жылы – 25)" деген 1-көрсеткіш мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-көрсеткіш. Жаңғыртылған 32 КОАА пайдалануға беру (2024 – 2026 жылдар)";

      7, 8, 9 және 10-іс-шаралар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7-іс-шара.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу

құрылыстың басталғаны туралы хабарлама

2023 жылғы 3-тоқсан –2026 жылғы 4-тоқсан

республикалық және жергілікті бюджеттер

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО, ДСМ

8-іс-шара.
Жұмыс істеп тұрған 12 КОАА-ға медициналық жабдықтарды сатып алу және жеткізу

сатып алу шарттары

2023 жылғы 3-тоқсан –2026 жылғы 4-тоқсан

республикалық бюджет

ДСМ, "СҚ-Фармация" ЖШС (келісу бойынша)

9-іс-шара.
Жаңа 20 КОАА-ға медициналық жабдықтарды сатып алу және жеткізу

сатып алу шарттары

2023 жылғы 3-тоқсан –
2026 жылғы 4-тоқсан

республикалық бюджет

ДСМ, "СҚ-Фармация" ЖШС (келісу бойынша)

10-іс-шара.
Объектілерді пайдалануға беру

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы 4-тоқсан –2026 жылғы 4-тоқсан

талап етілмейді

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО, ДСМ

      ";

      "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасына 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 288 қаулысына
қосымша
  "Ауылда денсаулық сақтауды
жаңғырту" ұлттық жобасына
3-қосымша

Көпбейінді орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту жөніндегі жоспар

Р/с

Атауы

Іске асыру мерзімдері (медициналық жабдықтармен жете жарақтандыру және күрделі жөндеу/реконструкциялау жүргізу/жапсарлас құрылыстарды салу)


1

2

3

Қолданыстағы 12

1

Ақмола облысының Атбасар көпбейінді ауданаралық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

2

Ақмола облысының Степногорск көпбейінді қалалық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

3

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

4

Абай облысы Аягөз ауданының ауданаралық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

5

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

6

Жетісу облысының Панфилов ауданаралық көпбейінді ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

7

Алматы облысының Қарасай көпбейінді ауданаралық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

8

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданаралық көпбейінді ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

9

Қызылорда облысының Шиелі ауданаралық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

10

Қызылорда облысының Қазалы ауданаралық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

11

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданаралық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

12

Қызылорда облысының Арал ауданаралық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

Жоспарланғаны 20

13

Абай облысы Үржар ауданының аудандық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

14

Қостанай облысының Жітіқара аудандық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

15

Қостанай облысының Арқалық өңірлік ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

16

Жамбыл облысының Меркі орталық аудандық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

17

Жамбыл облысының Шу қалалық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

18

Жамбыл облысының Талас орталық аудандық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

19

Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

20

Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

21

Ақтөбе облысының Шалқар аудандық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

22

Қарағанды облысы Балқаш қаласының орталық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

23

Қарағанды облысы Теміртау қаласының орталық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

24

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының орталық аудандық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

25

Маңғыстау облысының Бейнеу орталық аудандық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

26

Атырау облысының Құрманғазы аудандық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

27

Түркістан облысының Сайрам орталық аудандық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

28

Түркістан облысының Сарыағаш орталық аудандық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

29

Түркістан облысының Жетісай орталық аудандық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

30

Түркістан облысының Ордабасы орталық аудандық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

31

Батыс Қазақстан облысының Казталов аудандық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

32

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі орталық аудандық ауруханасы

2023 – 2026 жылдар

Барлығы: 32


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады