"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 мамырдағы № 340 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 67-1), 67-2), 67-3) және 67-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "67-1) өз құзыреті шегінде тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын биржалық тауарлардың сауда-саттығын мониторингтеуді жүргізу;

      67-2) cауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін биржалық тауарлар тізбесін келісу, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

      67-3) cауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесін келісу, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

      67-4) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға инвесторлар және олардың инвестициялық жобалары туралы мәліметтерді ұсыну;";

      395) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "395) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың сәулеттiк келбетiн қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын келісу;".

      2. Осы қаулының 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады