"Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № 342 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 62-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-4-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 62-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-4-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды қалыптастыру және есепке алу, нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу, төлеу, қайтару және пайдалану тәртібін айқындайды.";

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың шеңберінде Ұлттық қордың жеке алынған жылдағы валюталық активтерінің кірістілігі деп валюталық активтер бойынша жаһандық кастодиан ұсынатын деректер негізінде есептелген және Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР ҰБ-мен бірлесіп жасайтын Ұлттық қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте көрініс табатын Ұлттық қордың валюталық бөлігінің пайызбен көрсетілген, уақыт бойынша мөлшерленген кірістілігі түсініледі.";

      39-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "БЖЗҚ-ның нысаналы жинақтарды аударуға, есепке жатқызу мен төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарын жабу Бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларына 2-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 6.1, 6.2, 6.3, 6.4 және 6.5-жолдармен толықтырылсын:

      "

6.1.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша барлығы


6.2.

Есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандар не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандар (5-бағанда ескерілді)


6.3.

Нысаналы талаптарға қатысушы болуға құқығы болған, бұрын ескерілмегендер (7-бағанда ескерілді)


6.4.

Нысаналы талаптарға қатысушы болуға құқығы болмаған, бұрын ескерілгендер (8-бағанда ескерілді)


6.5.

6.1 – 6.4-бағандарда көрсетілген өзгерістерді ескергенде барлығы (6.1 - 6.2 + 6.3 - 6.4-бағандар)


      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады