Кәсіптік міндеттерді орындауға байланысты қылмыстарды квалификациялау жөніндегі кейбір мәселелер

Күшін жойған

Қаулы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы 1987 жылғы 18 желтоқсан N 12. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Сот практикасында пайда болған мәселелерге байланысты Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:

      1. Дәрігерлердің және басқа медицина қызметкерлерінің іс-әрекеті, егер олар ауруларды тексеру, диагноз қою, операция жасау, емдеу жөніндегі кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан емделуші адам өлсе немесе оның денсаулығына елеулі нұқсан келтірілсе, адамның өміріне, денсаулығына қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты көздейтін статьялар бойынша квалификациялануға тиіс екендігі соттарға түсіндірілсін.

      Дәрігерлер мен басқа медицина қызметкерлері ұйымдастыру-басқару немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерін атқарған реттерде (еңбекке қабілетсіздігі туралы листок беру, ауруды емдеу мекемесіне орналастыру, мүгедектікті белгілеу немесе оның тобын өзгерту, материалдық құнды заттарды басқару және т.с.), олар лауазымды адамдар қызметін атқарады және олардың іс-әрекетін қызмет бабындағы қылмыстар туралы статьялар бойынша квалификациялау керек.

      2. Жоғары, арнаулы орта оқу орындары, кәсіптік-техникалық училищелер, арнаулы және жалпы білім беру мектептерінің оқытушысының, қабылдау және емтихан алу комиссиялары мүшелерінің оқу орнына түсу кезінде абитуриенттерге қасақана заңсыз көмектесулері, оқушылардың немесе студенттердің біліміне жөнсіз баға қоюлары, сондай-ақ аталған адамдар өздерінің кәсіптік міндеттерін жүзеге асырумен қатар, ұйымдастыру-басқару міндетін орындаған реттерде (оқу процесін, өндірістік практиканы ұйымдастыру, тәртіп орнату және т.б.) пайдакүнемдік және өзге де арам пиғылмен жасалған іс-әрекеті, олар белгілі бір праволық қажетті жағдайдың тууына әкеп соқтыратын болғандықтан, қызмет бабындағы қылмыс ретінде квалификациялануға тиіс.

      3. Қойма меңгерушілерінің, қоймашылардың, экспедиторлардың, кассирлердің, магазин сатушыларының және басқа сауда, қоғамдық тамақтандыру, халыққа тұрмыстық, басқа қызмет көрсету мекемелері қызметкерлерінің товарлы-материалдық құнды заттарды қабылдауы, сақтауы, беруі, оларды басқа да сауда немесе жабдықтау кәсіпорындарына, мекемелеріне, ұйымдарына өткізуі, ақша қаражаттарын басқаруы немесе олардың сақталуымен байланысты іс-әрекеті әкімшілік шаруашылық міндетке жатады, сондықтан егер осындай іс-әрекеттің салдарынан, мемлекеттік немесе қоғамдық мүддеге нұқсан келтірілген болса, әрекетті қызмет бабындағы қылмыс ретінде квалификациялау керек.

      Магазин сатушыларының, сауда, қоғамдық тамақтандыру, халыққа тұрмыстық немесе өзге қызмет көрсету кәсіпорындарының қызметкерлерінің тек қана кәсіптік міндетін атқарғаны үшін (мысалы, көтеріңкі сұранымдағы товарды сатқаны, халыққа тұрмыстық және өзге қызмет көрсету жөніндегі заказды орындағаны үшін және басқалары) заңсыз сыйлық алуы қызмет бабындағы қылмысты құрай алмайды. Егер мұндай сыйлық қорқыту арқылы алынса, істелген әрекет Қылмыстық кодекстің 166-1-статьясы бойынша квалификациялануға тиіс. Оқығандар: (Қасымбеков Б.А.) (Икебаева Ә.Ж.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады