Жұмысшылар мен қызметшілердің келтірген залалын өтеу туралы істердегі сот практикасын талдау нәтижесін талқылап, Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы республиканың соттары бұл категориядағы дауларды негізінде дұрыс шешетіндерін атап көрсетеді.
Сонымен қатар келтірілген залалда жұмыскердің кінәсі барын, оның заңға қарсы әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген залалдың арасында себепті байланыс барын әр уақытта анықтап отырмайды. Материалдық жауаптылықтың түрі мен көлемін айырғанда қателіктер жібереді, ол кейбір жағдайларда материалдық жауаптылықты негізсіз жүктеуге немесе одан босатуға, сондай-ақ залалды толық мөлшері шеңберінде өндіруге негіз бар реттерде жұмыскерге шек қойылған материалдық жауаптылықты жүктеуге немесе керісінше әкеледі. Көбінесе жауапкерлерді үлесті жауаптылыққа тартудың орнына ортақ жауаптылыққа тартады.
Жұмыскердің кінәсінің шеңберін, нақты жағдайларда және оның материалдық жағдайын ескеріп, өндірілетін залалдың тек мөлшерін кемітуге мүмкін екендігін қамтитын Қазақ ССР ЕТЗК-нің 121 статьясының талабын бұзып, соттар кейде кінәлілерді залалды өтеуден толық босатады. Өндірілетіннің мөлшерін кеміткенде, оған нақты қандай жағдайлар негіз болғанын көрсетпейді, керекті дәлелдерді сұратып алдырмайды.
Соттар талапкерлердің залалды өтеуді бір жыл ішінде ғана талап ете алатындықтарын, қаншалықты сақтайтындарын әрдайым тексеріп отырмайды, талап мерзімінің өткізілу себептерін анықтамайды, қалпына келтіру туралы мәселені талқыламайды.
Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумы қаулы етеді:
1. Республика соттарының назары кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға жұмысшылар мен қызметшілердің келтірген материалдық залалдарды өтеу туралы істерді шешкендегі қателіктер мен кемшіліктерді жою қажет екеніне аударылсын.
Мұндай істерді шешкенде соттар материалдық және істер жүргізу заңдарының нормаларын мұқият сақтауға, сондай-ақ ССРО Жоғарғы Сотының 1977 жылғы 23 қыркүйектегі N 15 "Соттардың кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға келтірген залал үшін жұмысшылар мен қызметшілердің материалдық жауапшылықтарын реттейтін Заңдарды қолданулары туралы" қаулысындағы (Пленумның 1983 жылғы 17 наурыздағы және 1 желтоқсандағы N 2 және N 12, 1987 жылғы 23 қыркүйектегі N 8 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) түсініктерді бұлжытпай орындауға тиісті.
2. Соттар жұмысшылар мен қызметшілердің материалдық жауаптылықтарының жәйіне, түріне және көлеміне тәуелді болатын жағдайларды ерекше ұқыптылықпен анықталулары керек. Жалпы тәртіп бойынша (Қазақ ССР ЕтЗК-нің 117 статьясы) кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға еңбектік міндетті атқару үстінде келтірілген залал үшін сол залалға кінәлі жұмысшылар мен қызметшілер материалдық жауаптылықты тікелей нақты залалдың мөлшерінде, бірақ өзінің орташа айлық еңбек жалақысынан аспайтын көлемде, береді. Орташа айлық еңбек жалақысынан жоғары материалдық жауаптылықты тек ССРО және Қазақ ССР заңында көрсетілген жағдайларда ғана қолдануға болады.
Заңның бұл талаптары еңбек міндеттерін орындау кезінде жіберген залалға кінәлі адамдарға қарсы қойылған кері талаптарды соттар шешкенде де толық ескерілуі керек.
3. 1988 жылғы 26 мамырдағы "ССРО-дағы кооперация туралы" ССРО Заңның 25 статьясына сәйкес (кейінгі өзгерістері және толықтыруларымен) кооперативтарда еңбек шартымен істеп жүрген адамдардың еңбектік қатынастары ССРО және одақтық республикалардың еңбек туралы заңымен, осы аталған заңда көрсетілген ерекшеліктерді ескеру арқылы реттелінеді.
Егерде мұндай адамдардың кінәсінан кооперативке залал келтірілсе олар материалдық жауапқа өздерінің қаншалықты кінәлі екенін, материалдық жауаптылықтың түрі мен көлемін ескере отырып тартылады. (ЕтЗК-нің 116-119 статьялары).
4. Коллективтік еңбек дауларының (келіспеушіліктің) шығуына немесе келістіру комиссиясының ия еңбек арбитражының шешімдерін орындауды кідірту арқылы өз әрекеттерімен материалдық залал келтірген басшылар мен басқа да лауазым иесі адамдар 1991 жылғы 20 мамырдағы "Коллективтік еңбек дауларын (келіспеушілікті) шешу реттері туралы" ССРО заңының 14 статьясына сәйкес үш айлық жалақысы мөлшеріне дейін немесе контрактта көрсетілген мөлшерде материалдық жауаптылыққа тартылады.
5. Соттар кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға келтірілген залалды өндіру жөніндегі материалдық жауаптылық жұмыскердің әрекетінде мынандай төрт жағдай болғанда ғана жүктелетінін ескеру керек:
а) тікелей нақты залалда;
б) жұмыскердің заңға қарсы мінез-құлқымен (әрекетімен немесе әрекетсіздігімен) пайда болған залалдың арасында себепті байланыста;
в) оның заңға қарсы мінез-құлқымен (әрекетімен немесе әрекетсіздігімен) пайда болған залалдың арасында себепті байланыста;
г) жұмыскердің әрекеті немесе әрекетсіздігіндегі кінәсі арқылы залал келтірілсе (Қазақ ССР ЕтЗК-нің 116-119 статьялары).
Егер жұмыскер заңдармен, үкіметтің қаулыларымен, ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен, лауазымдық нұсқаулармен, басқа да міндетті ережелермен, сондай-ақ әкімшіліктің заңға негізделген бұйрықтары, жарлықтарымен белгіленген өзінің еңбектік міндеттерін орындамаса немесе тиісті түрде орындамаса оның мұндай мінез-құлқы (әрекеті немесе әрекетсіздігі) заңға қарсы болып табылады.
6. Сақтауға немесе басқа мақсатпен берілген мүліктің және басқа құнды заттардың сақтауын қамтамасыз етпегені үшін толық материалдық жауаптылық туралы жазбаша шарттар жасасқан жұмыскердің материалдық жауаптылықтары туралы істерді қарағанда (Қазақ ССР ЕтЗК-нің 119 статьясының 4 тармағы) сот жауапкердің ЕтЗК-нің 119 статьясына сәйкес осындай шарт жасауға жататын категориядағы жұмыскер екенін, шарт ССРО Мемлекеттік еңбек комитеті мен КОБОК хатшылығының 1977 жылғы 28 желтоқсандағы N 447/24 қаулысымен бекітілген кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар қандай қызметтер мен жұмыстарды атқарған немесе орындаған жұмыскерлермен толық материалдық жауаптылық туралы жазбаша шарт жасауға мүмкін жөніндегі Тізіммен үйлесетіндігін тексеруге міндетті. Мұндай жағдайда Тізімнің екінші тарауында көрсетілген жұмыстарды орындаушы адаммен ондай шарт ол адамның бір жерде қызмет атқаруы немесе жұмысшы болып істеуіне байланыссыз жасалуы мүмкін екені ескерілуі қажет.
Аталған Тізімнің II тарауына сәйкес ауылшаруашылық кәсіпорындарда толық материалдық жауаптылық туралы шарттар ауылшаруашылық және басқа малдарды жетілдіру, бордақылау, сақтау және өсірумен байланысты жұмыстарда жүрген жұмыскерлермен жасалады (1981 жылғы 14 қыркүйектегі редакцияда). Ол жұмыстарға аң өсірушілердің, барлық өсірушілердің, оның ішінде ара өсірушілердің де жұмыстарын жатқызу керек.
7. Егерде материалдық залал бірнеше жұмыскерлердің біріккен әрекеттерінен келген болса, оның әрқайсысы залалының тек өзіне тиісті үлесін ғана төлеуге міндетті.
Залалды бірігіп келтірген адамдардың ортақ жауапшылықтары тек залал осы жұмыскерлердің біріккен қасақана әрекеттерінен немесе осы залал келтірілген мекемемен (ұйыммен) еңбектік қатынаста емес жұмыскерлердің және басқа адамдардың әрекеттерінен келгенін анықтаған үкім шығарылса ғана болады.
Азаматтық істерді сотта жүргізу тәртібі бойынша, егерде айыптау үкім шығарылғанда азаматтық талап қараусыз қалдырылған болса немесе азаматтық талап жағынан үкім бұзылып іс бұл жағынан азаматтық істерді сотта жүргізу тәртібімен қайта қарауға жіберілгенде (Пленумның 1977 жылғы 23 қыркүйектегі қаулысынан 20 тармағы) және ССРО Жоғарғы Соты Пленумының 1979 жылғы 23 наурыздағы N 1, 1981 жылғы N 7 Пленум қаулысымен енгізілген өзгерістерімен "Қылмыспен келтірілген материалдық залалды өндіру жөніндегі заңдарды соттардың қолдану практикасы туралы" қаулысында көрсетілген жағдайда (Пленумның 1987 жылғы 23 қыркүйектегі қаулысының 20 тармағы) сот мұндай адамдарға залалды ортақ өтеуге жүктеуге праволы.
8. Кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға коллективпен (бригадамен) келтірілген өтеуге жататын залал сол коллективтің (бригаданың) мүшелерінің арасында айлық тарифтік ставкасына (қызмет ақысына) және ақырғы инвентаризациядан залалды анықтаған күннің арасында шындығында істелген уақытқа сай бөлінеді.
Бригаданың әрбір мүшесінің жауаптылығының мөлшерін анықтау үшін сот талапкерден әрбір жауапкердің залалды өтеуінің есебін алуға, сондай-ақ іске коллективтің (бригаданың) барлық мүшелерін қатыстыруға міндетті. Коллективтің (бригаданың) мүшелері, егер залал олардың кінәсінен емес екені немесе сол коллективтің (бригаданың) мүшелерінің ішінен тіке кінәлілер анықталса, материалдық залалды төлеуден босатылады.
9. ЕтЗК-нің 120 статьясына сәйкес әкімшіліктің бұйрығы (жарлығы) бойынша залалды өтеу егер жұмыскер келтірілген залалға өзінің орташа айлық еңбек табысының шегінде жауапты болса немесе жұмыскерден өндірілуге жататын залалдың сомасы оның орташа айлық еңбек табысынан аспаса ғана болатынын соттар ескерулері керек. Әкімшіліктің немесе жоғары тұрған органның жарлығы жұмыскерлердің келтірген залалы анықталған күннен бастап екі аптадан кешіктірілмей жасалуға және ол жұмыскерге хабарланған күннен бастап жеті күн өткен соң орындалуға тиіс.
Егерде, әкімшілік ұстау жөніндегі жарлықты екі аптаның ішінде бермесе, бұл мерзімді өткізсе, ол даусыз ұстау правосын жоғалтады.
Ал әкімшілік жұмыскердің айлық еңбек табысынан ұстауды қалыптасқан тәртіпті бұзып жасаса, сот заңсыз ұсталған соманы жұмыскерге қайтару туралы шешім шығарады.
Мұндай шешім қабылдау әкімшіліктің сотта жұмыскерге залалды өндіру туралы талап қою правосын жоймайды. Мұндай жағдайда ЕтЗК-нің 221 статьясына сәйкес әкімшілік жұмыскердің келтірген залалы ашылғанынан бір жыл ішінде сол залалды өндіру жөнінде сотқа тілек бере алады. Осы мерзім еңбек қатынастарын тоқтатқан жұмыскерге де қолданылады.
10. ЕтЗК-нің 121 статьясын қолданғанда жұмыскерді келтірілген залалдың орнын толтыру міндетінен толық босатуға болмайтынын соттар ескерулері керек. Заңның бұл нормасы тек қана кінәнің шеңберін, нақты жағдайларды және жұмыскерлердің материалдық жағдайын ескеріп толтырылуға жататын залалдың мөлшерін азайтуға болатынды көздейді. Басқа негіздермен сот өндірілетін залалдың мөлшерін азайта алмайды. Залалды өндіруге жататын сома мөлшерін азайту себептері сот шешімде мазмұндауы керек.
11. Соттың талаптары толық немесе ішінара бас тартуды немесе бітім келісім жасауды бекітуді қабылдауы талапкердің өкілінің өкілеттігі осы мәселелер жөнінде сенім хатта арнайы айтылғанда және оның бұл істер жүргізу әрекеттері заңға қайшы келмеген және басқа біреулердің правосы мен қорғайтын мүддесін бұзбаған жағдайда мүмкін. (АІЖК-нің 24, 36 ст.).
Талапқа жауапкер деп мойындағанда соттың істі өндірістен қысқартуға құқығы жоқ, дауды мән-жайымен қарауға міндетті.
12. Қазақ ССР АІЖК-нің 18 статьясына сәйкес біреуі соттың қарауына, басқалары арбитраж органдарының қарауына жататын өзара байланысты бірнеше талап біріккен кезде барлық талаптар соттың қарауына жатады.
Заңның бұл ережелері соттар жұмысшылар мен қызметшілердің материалдық жауаптылықтары туралы істерді қарағанда бірнеше ұйымдардың жұмыскерлері келтірген залалдың орнын толтыру жөнінде олардың арасында дау болған кезде де ескерілуі керек.