1. Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосына (Қазпатент) мынадай негiзгi мiндеттердi орындау:
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау саласында мемлекеттiк саясат жүргiзу;
бiртұтас патент жүйесiн құру;
өнертабыс пен патенттiк-лицензиялық жұмысты ұйымдастыру және жетiлдiру;
өнер табыстарға, өнеркәсiптiк үлгiлерге, товар белгiлерiне және өнеркәсiптiк меншiктiң басқа да объектiлерiне қорғау құжаттарын беру;
республиканың өнер табыстарын шет елдерде патенттеу;
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау саласында басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
өз құзырының шегiнде заң және заңға негiзделген актiлердiң, нормативтiк құжаттардың жобаларын әзiрлеу;
өнеркәсiп меншiгiн қорғау саласындағы мамандар мен патент сенiмгерлерiнiң қайта даярлануын, бiлiктiлiгiнiң арттырылуын және оларды аттестациялауды ұйымдастыру жүктелсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосына өзiне жүктелген мiндеттердiң шегiнде министрлiктер, ведомстволар, кәсiпорындар ұйымдар және ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан республикадағы экономикалық қатынастардың басқа да субъектiлерi орындауға мiндеттi шешiмдер қабылдау хұқығы берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосының құрамында өнер табыстарын, өнеркәсiптiк үлгiлердi, пайдалы үлгiлердi, товар белгiлерi мен қызмет көрсету белгiлерiн таңдауды жүзеге асыратын, оларды пайдалануға патент иелерi шарттық негiзде мемлекетке ерекше хұқық беретiн Қазақстан Республикасы Өнер табыстарының мемлекеттiк қоры құрылсын.
4. <*>
5. <*>
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосының орталық аппаратын ұстауға, сондай-ақ кадрларын даярлау мен қайта даярлауға қажеттi қаржы бөлетiн болсын.
7. Патент қызметiнiң бұрынғы Бүкiлодақтық орталығы кәсiпорынының Алматы филиалы мен Өнеркәсiптiк меншiк саласындағы кадрларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi бұрынғы Бүкiлодақтық институттың Алматы филиалы Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосына бағындырылсын. Олардың қызмет етуiне қолайлы ұйымдастыру нысандарын таңдап алу мақсатында аталған құрылымдарды қайта құруды Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы жүзеге асырады.
8. Ведомство қызметкерлерiне қызмет көрсету үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосына қызмет бабында пайдаланылатын 2 жеңiл автомобильге лимит белгiленсiн.
9. <*>
ЕСКЕРТУ. 4,5,9 және 11-тармақтарының күшi жойылды - ҚРҮ-нiң
1997.02.12. N 203 қаулысымен.
(10-тармақ) <*> .
Ескерту. 10-тармақ күшiн жойды - ҚРМК-нiң 05.12.1994 ж. N 1369
қаулысымен.
11. <*>
12. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосының өтiнiмi бойынша қажеттi техникалық құралдармен, телефон, телекс және телефакс арналарын бөлудi белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.
13. Алматы қаласының әкiмi және Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосы мен Қазақстан Республикасы Өнер табыстарының мемлекеттiк қоры үшiн бiр ай мерзiм iшiнде Алматы қаласынан қызмет үйiн бөлетiн болсын.
14. Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы 2 ай
мерзiм iшiнде "Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы туралы" Ереженiң жобасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне түсiретiн болсын. 15. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi туралы" 1992 жылғы 12 наурыздағы N 221 қаулысы 7-тармағының бесiншi және жетiншi абзацтарының және 10-тармағының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi